Әлем

Танымал актер көрермендердің алдында қолын сындырды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен актер спектакль аяқталмастан сахнадан кетуге мәжбүр болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Ресейлік театр және кино актері Виктор Сухоруков Мәскеу қалалық кеңесі атындағы театр сахнасында спектакль қойып жатып, қолын сындырды.

Шам  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Танымал актер көз жұмды

Әртіс ауыр жарақат алып қалғандықтан, қойылымды мерзімінен бұрын аяқтауға тура келді, деп хабарлайды РИА Новости.

Спектакль кезінде актер сахнада төселген кілемнен аттай бергенде, шалынып құлап түседі. Ол қолын сындырып алғанын әріптестеріне бірден айтқан. Бір минуттан соң шымылдық жабылып, Сухоруковты сахнадан алып кетті.

Спектакльге қатысқан актер Андрей Шарков көрермендерден кешірім сұрап, Виктор Сухоруков жарақат алып қалғандықтан, қойылымды әрі қарай жалғастыру мүмкін емес екенін айтқан.

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуРесейлік театр және кино актері Виктор Сухоруков
Танымал актер көрермендердің алдында қолын сындырды - Sputnik Қазақстан
Ресейлік театр және кино актері Виктор Сухоруков

Театрдағылар да Сухоруковтың қолын сындырғанын растады.

Жаңалықтар
0