Голос. Дети жобасы

"Голос. Дети" жобасы басшыларының бірі инфаркт алып қалды

667
(Жаңартылды 09:42 04.05.2019)
Шоу шеф-редакторының әйелі айтқандай, күйзеліс салдарынан Александр Подъяпольскийдің денсаулығы сыр берген

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. "Голос. Дети" шоуының шеф-редакторы Александр Подъяпольский инфаркт алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik.

Бұл жайында жоба ұйымдастырушысының әйелі Алена Бородина әлеуметтік желде хабарлапты.

"Күйзелістің арты жақсылыққа апармайды", - деп жазды Бородина Instagram парақшасында, алайда қазір бұл жазба жойылған.

"Голос. Дети" шоуындағы дау

Бірінші арнадағы "Голос. Дети" шоуының кезекті маусымы даумен аяқталды. Жобада бизнесмен Ян Абрамов пен әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткен болатын. Ал екінші орынды 12 жасар қазақ баласы Ержан Максим иеленді.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим "Голос. Дети" шоуына қатысты пікір білдірді

Көрермендердің дауыс беру нәтижесімен әншілердің тәлімгерлері де, шоу көрермендері де келіспеді. Олардың ішінде ресейлік танымал әртістер де бар. Көпшіліктің пікірінше, байқаудың айқын жеңімпазы Ержан Максим еді. Жұртшылық Микелла Абрамованың жеңісіне анасының танымалдығы мен ауқатты отбасының ықпалы себеп болды деп пайымдайды.

Конкурс нәтижесін тексеру үшін киберқылмыстарды тергейтін Group – BI компаниясы жалданған.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим "Голос. Дети" байқауында ән айтып жатқанда, стақан сынып кетті - видео

Шоудағы шу The Voice форматындағы жоба авторы – голландиялық Talpa Media Holdings компаниясының да алаңдаушылығын туғызды.

Даудан соң әнші Алсу Евровидениеге қатысудан шеттетілді, ол бұл байқауда қатысушылардың ұпайын хабарлап тұруы тиіс болатын.

667
Кілт сөздер:
шоу, Ержан Максим
Тақырып бойынша
Алсу "Евровидение 2019" конкурсынан шеттетілді
"Енді біз әріптеспіз" Алла Пугачева Ержан Максимге қандай ақыл айтты
Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән айтты – видео
Ержан Максим облыс әкімінің қолынан сыйлық алды – фото
Тойларға шықпайды: Ержан Максимнің әкесі ұлының шоудан кейін не істейтінін айтты
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Загрузка...