Шереметьево әуежайы

Ресейде жолаушылар ұшағы өртеніп кетті видео

1891
(Жаңартылды 22:44 05.05.2019)
Өртке электр жабдықтарынан ақау шығуы себеп болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Мәскеу — Мурманск жолаушылар ұшағы борттан өрт шығуына байланысты Шереметьево әуежайына қайтып оралды.

​Шұғыл қызметтер өкілдерінің айтуынша, бес адам зардап шеккен. Кейінірек РИА Новости зардап шеккендердің саны алты адамға артқанын хабарлады.

​Барлық 78 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді.

Дереккөздің айтуынша, өртке электр жабдықтарынан ақау шығуы себеп болған.

​Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

1891
Кілт сөздер:
видео, Ресей, өрт, ұшақ
Загрузка...