Россия сегодня бас редакторы Маргарита Симоньян

"Россия сегодня" бас редакторы Маргарита Симоньян үздік медиа-менеджер атанды

44
(Жаңартылды 09:34 05.07.2019)
Медиа тобының инновациялық шешімдері мен бірқатар әлеуметтік бағдарламасына жоғары баға берілді

МӘСКЕУ, 5 шілде — Sputnik. "Ресейдің медиа-менеджері" атты ұлттық жүлденің басты марапаты, 2019 жылдың Гран-при жүлдесі "Россия сегодня" және RT медиа тобының бас редакторы Маргарита Симоньянға ұсынылды.

"Россия сегодня" агенттігі және RT телеарнасының әлеуметтік жобалары Ресейдің журналистер қауымдастығының жоғары бағасына ие болды. Олардың ішінде – посткеңестік кеңістік елдерінің медиа саласы мамандарының басын қосқан Sputnik Pro жобасы, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың жаңа отбасы табуына көмектесетін "Найди меня, мама" жобасы бар. RT телеарнасының әлеуметтік активтері ішінде – бюрократия салдарынан Ресей азаматтығын жылдар бойы ала алмай жүрген адамдар туралы #НеОдинНаОдин, қиын жағдайға тап болған жандардың көмек алуына жәрдемдесетін "Дальше действовать будем мы" жобалары аталып өтті.

Тағы оқыңыз: Маргарита Симоньян Зеленскийге өз талабын украин тілінде жеткізді

Маргарита Симоньянның Гран-при жүлдесін иеленуіне ресейлік журналист Иван Голуновтың тағдырына белсенді араласуы да себеп болды.

"Россия сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторының орынбасары Наталья Лосева да "Ресейдің медиа-менеджері – 2019"  жүлдесінің лауреаты атанды. Ол заманауи ақпараттық агенттіктің тәжірибесінде толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларын енгізгені үшін, сондай-ақ инновациялық журналистік өнім шығарғаны үшін "Әлеуметтік медиа" санатында жүлдеге ие болды.

"Россия сегодня" ХАА – Ресейдің медиа нарығында әлеуметтік және ағартушылық жобаларды жүзеге асырудағы көшбасшылардың бірі. Медиа тобының негізгі жобаларының бірі – медиа саласының мамандарына арналған Sputnik Pro. Жобаны шетелде Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы таныстырады. Әлемдегі 80-нен астам елдің медиа мамандары таяу және алыстағы шетелде Sputnik Pro жобасына қатысып үлгерді.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың отставкасы қарсаңында ешкім телефон тұтқасын көтермеді - Симоньян

"Россия сегодня" ХАА-ның басты мақсаты – әлемде болып жатқан жайттарды халыққа жедел әрі мазмұнды жеткізу, елеулі оқиғаларға әртүрлі көзқарастарды баяндау. Агенттіктің ақпараттық ресурстары: РИА Новости, Спорт РИА Новости , Недвижимость РИА Новости, Прайм, Рейтинг РИА Новости, ИноСМИ, Социальный навигатор. Медиа тобының шетелдегі өкілдігі – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы.

44
Тақырып бойынша
Sputnik Қазақстан арнайы сыйлығының иегері Грузияда тағылымдамадан өтіп жатыр
Sputnik тілшісі Қазақстан журналистері одағының жүлдесін иеленді
Sputnik Қазақстан тілшісі жастар арасында өткен байқауда жеңімпаз атанды
Sputnik Қазақстан театр жобасы үшін құрмет дипломын алды
Загрузка...