Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин

Путин Назарбаевты университеттің 100 жылдығына өзі шақырмақ

111
(Жаңартылды 23:24 09.07.2019)
РФ басшысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалуды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Орал федералды университетінің студенттерімен кездесуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылы университеттің 100 жылдығына шақыруды жеткізуге уәде берді.     

"Егер бұл шақыру жайлы білгенімде, оған айтар едім. Онымен екі күн бұрын ғана телефон арқылы сөйлестім. Алайда бұл оқиға бойынша оған тағы қоңырау шаламын", - деді Путин Назарбаев екеуін университеттің 100 жылдығына шақыруға қатысты жауабында.  

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орал федералды университетінің құрметті докторы атанған.  

Оқу орны Орал өңіріндегі көне университеттердің бірі саналады. Ол 1920 жылы Екатеринбургте кеңес үкіметінің басшысы Владимир Лениннің жарлығымен ашылды. 2008 жылдың сәуірінде университет Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің атымен аталды.

111
Кілт сөздер:
Назарбаев, Владимир Путин
Тақырып бойынша
Ресейдің премьер-министрі Назарбаевты құттықтады
30 жылдан соң оқылады: Назарбаев келешек ұрпаққа жолдау қалдырды
Ресей күні: Қазақстан "құдай қосқан көршісін" құттықтады
Қазақстанға да қатысты: Путин зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс туралы айтты
"Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты
Путин Назарбаевқа телефон соқты
Загрузка...