Тікұшақ, архивтегі сурет

Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды

163
Ұшқыш тікұшақ апатынан көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Біріккен аса жеңіл авиация федерациясының президенті, Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен Игорь Никитин тікұшақ апатынан қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Федерация мен төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Игорь Никитин Мәскеу түбіндегі Барская ауылы жанында Robinson тікұшағының қатты қонуы салдарынан көз жұмған.

Айта кетсек, 2012 жылы Никитин Путинді дельтапланмен ұшуға үйретіп, соның арқасында Ресей президенті ақтырналардың "жолбасшысы" атанған еді.

Мемлекет басшысы ақтырналардың жылы жаққа ұшуына көмектескен болатын. Ол үшін Путин өз қаражатына дельтаплан сатып алып, 14 сағат ұшып дайындалды.

Ақтырналар Қызыл кітапқа енген.

163
Кілт сөздер:
қаза, ұшқыш, ақтырналар, Владимир Путин
Тақырып бойынша
Қызылордадағы трагедия: 13 әскери қаза болған Ми-8 апатының нақты себебі анықталды
Украинада әскерилер мінген тікұшақ құлады – қаза тапқандар бар
Белгілі миллиардер тікұшақ апатынан қаза болды
Загрузка...