Әлем

Террористер шетелдік студенттерді өз жағына тартып жатыр – ФҚҚ

Жазылу
Ресейдің арнайы қызметтері лаңкестердің студенттер арасында үгіт-насихат жүргізуі тақырыбын алғаш рет көтеріп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников ел билігін террористердің шетелдік студенттерді өз қатарына тарту әрекетінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Бортников мәлімдегендей, Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер, сондай-ақ еңбек мигранттары экстремистердің нысанына айналып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мигранттар ортасында радикалды көңіл-күйдің таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, федералды атқарушы билік органдары басшыларының назарын аталған проблемаға аударып, мәселенің шешілуін жеке бақылауға алған жөн", - делінген ФҚҚ хабарламада.

Тағы оқыңыз: ҰҚШҰ өкілдері террористер түрмелерде де үгіт-насихат жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Хабарланғандай, Ресейдің арнайы қызметтері лаңкестердің студенттер арасында үгіт-насихат жүргізуі тақырыбын алғаш рет көтеріп отыр.

Жаңалықтар
0