Темір тор, архивтегі сурет

Мәскеудегі қазақ мәдениеті қоғамының басшысы он жылға сотталуы мүмкін

245
Оған "бюджет қаражатын жымқырды" деген айып тағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Мәскеу қаласының тергеушілері қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Нұриевтің ісін сотқа жолдады. Оған "бюджет қаражатын жымқырды" деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды НТВ арнасы.

Осыдан үш жыл бұрын Мәскеуде "Алтын күз" фестивалі өткен болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, жергілікті бюджеттен осы шараға 2 миллион рубль (11 560 000 теңге - Sputnik Қазақстан) бөлінді. Алайда тексеріс кезінде бюджет қаражатының толығымен игерілмегені анықталды. Келісімшарт бойынша байқау финалистері қонақүйде қоныстануы тиіс еді. Олардың біреуі де қонақүйге бармады. Бірақ ақшасы төленіп қойды деген есеп-қисап бар.

Тағы оқыңыз: Қомақты қаражат қымқырған шенеуніктің бастығы отставкаға кетті

Жалпы, Нұриев 400 000 рубль (2 320 000 теңге - Sputnik Қазақстан) жымқырды деген күдікке ілінді. Оны ұстау кезінде пәтерін бұзып кәріге тура келді. Себебі құқық қорғаушылар мен арнайы жасақ қызметкерлеріне есік ашпады. Үйде ақша табылмады. Дегенмен, қажетті айғақ бар. Әзірше, тергеушілер Нұриевтің бір қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Оның өзі де кінәсін мойындап отыр.

Қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін қазақ мәдениеті қоғамының басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

245
Кілт сөздер:
басшы, қоғам, мәдениет, қазақ, Мәскеу
Тақырып бойынша
Жұмысқа тұрмақ болған аула сыпырушы 2 миллиард қарыз болып қалды
"Таразда кездесейік деді": студент қызды алдап соққан декан ұсталды
Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды
Ерекше бизнес ұсынған: жұртты 40 млн теңгеге алдап соққан әйел ұсталды
Шетел азаматы павлодарлық әйелдің басын айналдырып, тақырға отырғызып кетті
Загрузка...