Гүл, архивтегі сурет

"Орны толмас қайғы": белгілі актриса қайтыс болды

24548
(Жаңартылды 08:29 21.08.2019)
Александра Назарова 80 жасында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Ресейдің халық әртісі Александра Назарова қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Суыт хабар жаңа ғана жетті. Тамаша актриса, ерекше адам Александра Назарова бақилық болды. Бұл біздің театрымыз үшін ғана емес, еліміздің өнері үшін орны толмас қайғы", - деді театрда.  

© Sputnik / Екатерина Чеснокова
Ресейдің халық әртісі Александра Назарова

Театрдың көркемдік жетекшісінің орынбасары Галина Боголюбова актриса шілде айынан бері ауруханада емделгенін хабарлады. Назарованың өкпесі сыр берген.

Белгілі актриса 1940 жылы 17 шілдеде Ленинградта туған. 1961 жылы Островский атындағы Ленинград театр институтын тәмамдады.

Тағы оқыңыз: "Түк көрмей қалдым деп айқайлады": әлемге танымал әнші ауруханаға түсті

1960 жылдан бері киноға түсе бастады. 80-ге жуық картинада ойнаған. "Граница. Таежный роман", "Бригада", "Ночной дозор" және "Елки 1914" фильміне түсті. Көпшілікке "Моя прекрасная няня" сериалындағы бас кейіпкердің әжесі рөлі арқылы танылды.

2001 жылы халық әртісі атағын алды.

24548
Кілт сөздер:
Ресей, актриса
Тақырып бойынша
Бұрынғы білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды
Жітіқарада той қарсаңында оқыс оқиға болды: күйеу жігіт көз жұмды   
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Танымал қазақ композиторы өмірден озды
Ең бай бизнесмендердің бірі ұшақ апатынан көз жұмды
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

153
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

153
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Шекара, архивтегі сурет

ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

3406
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақстандық өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Шекара карантинге байланысты жабық болатын. 

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде Росгвардия қызметкерлері мен еліне орала алмай жүрген мигранттар арасында жанжал болғанын жазды. 

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды", - деп хабарлады "КП-Самара".

Басылым толқу тоқтатылып, палаталық лагерьде тыныштық орнағанын жазған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Біздің өткізу бекеттерімізде жағдай тұрақты", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі. 

Орынбор және Самара облыстарында Қазақстан мен Ресей шекарасында 3 мыңға жуық Қырғызстан және 500-ге жуық Өзбекстан азаматы қалып қойған болатын. Олар Қазақстан арқылы еліне жіберіле бастады.

3406
Кілт сөздер:
мигранттар, түсініктеме, ҰҚК, шекара
Тақырып бойынша
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Ақорда

Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

338
(Жаңартылды 14:09 08.08.2020)
Air India Express әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Керала қаласындағы Кожикоде әуежайына қонып жатқан кезде апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Керала штатындағы ұшақ апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Үндістан үкіметіне, халқына және жеке премьер-министр Нарендра Модиге қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында. 

Оқи отырыңыз: Bek Air-ді тексерген мамандар "құпия" мәліметтерді жариялады 

Air India Express әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы жұма күні Керала қаласындағы Кожикоде әуежайына қонып жатқан кезде апатқа ұшырады. Соңғы мәліметке сәйкес, 17 адам, оның ішінде екі ұшқыш қаза болды. Экипаждың төрт мүшесі аман қалды, деп хабарлады әуе компаниясы.

Дубайдан келе жатқан ұшақ бортында барлығы 190 адам, оның ішінде 10 бала, екі ұшқыш пен төрт экипаж мүшесі болған.

338
Кілт сөздер:
көңіл айту, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Bek Air жолаушыларға билет ақшасын қайтаратын болды
Өскемен маңындағы ұшақ апатына қатысты тың деректер шықты
Bek Air ұшағының апаты: зардап шеккендерге 94 млн теңге берілді
Қарағанды маңындағы апатта зардап шеккен ұшқыштардың жағдайы белгілі болды
Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар – 9 рет аза тұту күні жарияланды