Шенеунік, архивтегі сурет

Жас шенеунік мемлекет есебінен баюдың қитұрқы жолын ойлап тапты

2089
(Жаңартылды 10:37 23.08.2019)
Алаяқ шенеунік қулығын іске асыру үшін 34 жасқа "қартайып кеткен"

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз - Sputnik. Дағыстандағы Кулецма ауылы басшысының орынбасары зейнетақы алу үшін жасын ұлғайтып алған. Бұл туралы Левашин ауданының прокуратурасы хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы ер адам 34 жасқа "қартайып", 1985-1996 жылдары ұжымдық шаруашылықта істеді деп жазылған жалған еңбек кітапшасын сатып алады.

Тағы оқыңыз: Мемлекет ақшасына достарына дастарқан жайған министр жұмысынан айырылды

Былтыр жыл басында ол еңбек зейнетақысын тағайындау туралы өтініш жазып, алаяқтық жолмен 155 мың рубльден астам (900 мың теңгеден астам) қаражат алған.

Қазір шенеунікке қатысты алаяқтық туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжат берген орган қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған әрекетке барды деп айыпталған.

2089
Кілт сөздер:
алаяқтық, зейнетақы, шенеунік
Тақырып бойынша
"Бұл базар ма?" депутаттар шенеунікті киіміне бола залдан қуып шықты – видео
"Хайп үшін емес": шенеунік 15 жастағы баланы неге кеңесші етіп алғанын түсіндірді
"Қандай сүйкімді өзі!" Қазақстандықтарды таңғалдырған жас шенеуніктер
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Загрузка...