Балгер картасы, архивтегі сурет

Әйел балгерді пышақтап өлтірді: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

1975
(Жаңартылды 12:45 05.09.2019)
Оқиға Ресейдің Ульяновск қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Ульяновск қаласының соты балгер әйелді өлтірген жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Ресейдің Ульяновск облысы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Күдікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 4 мамырында 56 жастағы әйел мас күйде өзінің танысының мойнына пышап сұғып алған. Жарақат салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапқан. Қылмыс жәбірленушінің пәтерінде болған.

Күдікті пәтерден 3 ұялы телефоны мен 125 мың рубль (725 мың теңге шамасында) ақшасын алып кеткен. Ал пышақты жақын маңда автобус аялдамасындағы бұталардың арасына лақтырып жіберіпті.

Тағы оқыңыз: "Сиқыр деген рас нәрсе": имам мен психолог адамды дуалау туралы айтып берді

Кейін күдікті жасаған қылмысын мойындады. Ол тергеушілерге балгермен таныс болғанын, қаза тапқан әйел оған 3 жыл бойы үйіндегі мәселелерді шешемін деп уәде беріп келгенін айтқан. Күдікті пен жәбірленушінің арасындағы жанжал ақшадан басталыпты. 56 жастағы әйел балгерден төленген ақшаның бір бөлігін қайтаруды талап еткен.

1975
Кілт сөздер:
әйел, Ресей
Тақырып бойынша
Ауыр дертпен күресіп жүрген астаналық жігіт: бақсы-балгерлерге бармаңдар
Шымкентте емші 13 жасар баланы өлтіріп алды – видео
Әйел адам "пайдаға кенелесің" деп бал ашқан бақсыны тонап кетті
Ер адам балгерге сеніп, өзін "дуалаған" әйелді өлтірмек болды
Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?
Мәңгілік полк шеруі, архивтегі сурет

Еуропада неонацизм мен реваншизм өршіп тұр

45
(Жаңартылды 08:15 20.09.2020)
Қыркүйек айында Ресейдің тергеу комитетінде нацизмді қайта жаңғырту және тарихты бұрмалаумен байланысты қылмыстарды тергеуге бағытталған бөлім құрылды

Мұндай бөлім не себепті қажет болды, осы тектес істерді тергеудің күрделілігі неде, тергеушілер біліктілігі қандай болуы керек және Ресей неге шетелде әскери даңқ символдарын қорлау фактісіне қатысты жауап беруге міндетті екені жайлы РИА Новостиге берген сұхбатында Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин әңгімелеп берді.

– Александр Иванович, жақында тергеу комитетінде нацизмді қайта жаңғырту және тарихты бұрмалаумен байланысты қылмыстарды тергеуге бағытталған бөлім құрылды. Бұл жаңалық БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Мұндай бөлім құрудың қажеттілігі не себепті туындады?

– Өздеріңіз білетіндей, Нюрнберг әскери трибуналының үкімі Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін бағалаудың маңызды кезеңі болды. Екінші дүниежүзілік соғысты бастау мен оны жүргізуге жауапты басты нацистік қылмыскерлердің іс-әрекеттері қылмыстық деп танылғанын әркім есте сақтауы керек. Соған қарамастан, қазіргі уақытта жүріп жатқан ақпараттық соғыс жағдайында нацизмді Ресейдің ішінде де, шет елдерде де қайта жаңғырту талпыныстарының саны артып келеді. Сонымен қатар, біздің еліміздің фашизмді жеңудегі рөліне жалған баға берілуінің куәсі болып отырмыз. Әділеттілік орнату мақсатында мұндай құбылыстарға қарсы бағытталған іс-әрекеттерді күшейту қажет. Сонымен қатар, біздің қоғамның Отан қорғаушылардың естелігін құрметтеуге және тарихи шындықты қорғауға деген ұмтылысы заңнамалық тұрғыдан рәсімделді және қазір Ресей Федерациясының Конституциясында бекітілді.

– Қазір мұндай әрекеттер қалай жазаланады?

– Нацизмді қайта жаңғырту туралы Ресейдің Қылмыстық кодексінің 354.1- бабының ережелері нацистік символдар мен фашизм идеологиясын насихаттауға тырысқандарға қатысты қазір де қолданылып отыр. Соңғы мысал ретінде "Мәңгілік полк" акциясы аясында болып жатқан оқиғаларға онлайн реакциямыз: Ресейдің бірнеше аумағындағы тұрғындар интернет-сайтқа нацистер мен Отанын сатқандардың фотосуреттерін орналастырды. Кейбір қылмыстық істер аяқталуға жақын, кейбір азаматтар сот алдында жауап берді. Солардың бірі – Пермь қаласының тұрғыны Даниил Симанов. Оған қатысты үкім шығып, 200 сағаттық міндетті еңбек жұмыстарына тарту жазасына қолданылды. Сол себепті, мұндай әрекет үшін концлагерлермен теңесетіндей жаза қолданады деген қисынсыз.

– Мұндай қылмыстарды тергеудің қиындықтары қандай?

– Мұндай қылмыс құрамында барлығы айқын және қарапайым болып көрінгенімен, олай емес. Қылмысты егжей-тегжейлі тексеріп, тергеу барысында фактілердің тарихи оқиғалармен еш сәйкессіздігі анықталып жатады. Тергеу барысында азаматтың заңға қайшы әрекет жасауына не түрткі болды және мақсаты қандай екенін анықтауға басымдық беріледі. Сол себепті, Тергеу комитеті құрылымында арнайы нацизмді қайта жаңғырту және оны қолдауға ұмтылу фактілерін тергейтін арнайы бөлім құру қажеттілігі туындады.

– Алайда, тарихқа терең анализ жүргізуді талап ететін күрделі қылмыстар да болуы мүмкін? Сіздің қызметкерлеріңіз мұндайға тергеу жүргізе алады ма?

– Жаңа бөлімге тергеу комитетінің осындай қылмыстарды тергеу бойынша тәжірибесі бар тергеушілер кіреді. Бұл заң, халықаралық құқық бойынша ғана емес, тарихтан да хабары бар қызметкерлер. Олар қажет болған жағдайда ғалымдардың көмегіне жүгіне отырып, нацистердің басқа да қылмыстық істерін тергеу барысында соғыс және соғыстан кейінгі кезеңдердің көптеген архив құжаттарына талдау жүргізді.

Сонымен қатар, мұндай жағдайларда біз қажетті сот сараптамаларын, оның ішінде, тарихи сараптамалар жүргізуді ұсынамыз.

Тергеуші, сондай-ақ, Нюрнберг әскери трибуналының шешіміне негізделген халықаралық құқықтың сәйкес нормаларын да басшылыққа алады. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар азаматтар жүргізіп жатқан ғылыми-тарихи қызметке еш ықпал ете алмайды. Нацистерді батыр етіп көрсетіп, олардың қылмысына қолдау көрсету бір басқа да, негізделген ғылыми жұмыс жасау мүлде басқа. Сонымен қатар, жаңа бөлімше өңірлік тергеу органдарына қылмыстық істерді тергеуде әдістемелік-аналитикалық көмек көрсететін үйлестіру орталығының қызметін қоса атқарады.

– Басқа елдерде осы тектес қылмыстар немесе нацистік идеологияны таратқаны үшін қылмыстық қудалау қарастырылған ба?

– ГФР қылмыстық кодексінде антиконституциялық ұйымдардың ұлтшылдық пен социализмм идеологиясымен байланысты үгіт-насихат материалдарын таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Изарильде холокстың болғанын жоққа шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Беларусь Республикасында нацизмді қайта жаңғырту үшін қылмыстық жауапкершіліке тартылады.

Ал қазір өзіміз көріп отырғандай, Литва, Латвия, Эстонияда СС бөлімшелерінің бұрынғы әскерилерінің ұйымдарына қолдау көрсетіліп келеді. Ал олардың жұмысын Нюрнберг трибуналы қылмыстық деп таныған болатын. Украинада бейбіт тұрғындарды қырып, гитлерлік Германиямен ынтымақтастық орнатқан нацистердің бейіттеріне оқушыларды гүл шоғын қоюға апарып жатыр. Еуропада реваншистер мен нацистер бас көтеріп жатыр. Негізінен олар Австрия, Италия, Испанияда белсенділік танытуда. Мұндай құбылыстар әзірше аталған елдердің билігін қорқытып отырған жоқ. Бірақ алдағы уақытта салдары жақса болмайды.

– Шетелдегі оқиғалар Ресейге әсер етіп жатыр ма?

– Нацизмді қайта жаңғырту мен Ресей әскери даңқы символдарын қорлау фактілері шетелде де анықталып жатыр. Қолданыстағы заңнама мұндай қылмыстарға қатысты әрекет етуімізді талап етіп отыр. Тергеу комитеті Украина ұлттық естеліктер университетінің төрағасы Владимир Вятровичке қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Сол сияқты, Латвия Республикасының азаматы, "СС-тің Латыш легионы" ардагері Висвалдис Лациске қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Ол 2017 жылы қарашада Рига қаласында өз авторлығымен "Латыш легионына қатысты ақиқат" деген кітап басып шығарды. Ол аталған легионның полиция батальоны бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған әрекеттерін қолдаған. Бірақ 2020 жылдың сәуір айында Лацис қайтыс болды. Алайда, қылмыстық істі тоқтату жауапты азаматтың қайтыс болуына байланысты жақын туыстарының келісімімен жүзеге асырылатындықтан, әзірше қылмыстық іс жалғасып жатыр.

Осы жылы Чехияда Кеңес Одағының Маршалы Иван Коневтің ескерткішін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүргізілуде. Ол Ресей әскери даңқының символы болып табылатын.

Жуырда ғана Литва Республикасының Жежмаряй қаласында Қызыл Әскер жауынгерлеріне арналған ескерткішті қорлаудың тағы бір фактісі анықталды. Әрине, бұл жағдайлар да Ресейдің Тергеу комитеті тергеушілерінің әрекет етуіне негіз болды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша процестік тексеру жүргізілуде.

– Жалпы, қандай мақсатқа қол жеткізуді көздеп отырсыздар?

– Біздің міндетіміз – көзі тірі және қаза тапқан азат етуші әскерилердің, бейбіт тұрғындардың, нацистер құрбандарының жақсы атын қорғау. Соғыс сабақтарын есте сақтау және білу – қазіргі уақытта қайғылы оқиғалар мен қателіктердің алдын алуға мүмкіндіктің болуын білдіреді. Осыны ескере отырып, біз жақында тергеу комитетінің іздеу және архив жұмысын үйлестіру жөніндегі штабты құрдық. Оның құрамына территориясында "Ескіру мерзімі жоқ" жобасы бойынша архивтік, тарихи-барлау және іздеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған Ресей Тергеу комитетінің тергеу органдары мен орталық аппаратының басшылары және қызметкерлері, басқа да ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Нацистік қылмыскерлерге және антигитлерлік коалиция елдеріне соғыс ашқаны үшін тең жауапкершілікті жүктеуге, нацистік қылмыскерлер мен олардың сыбайластарын ақтауға тырысудың кез-келген әрекеті тарихты бұрмалау ғана болып саналмайды. Олар өз жаратылысынан адамгершіліктен жұрдай және азғын, айқын зұлымдықтан әлемді азат етушілерді қорлап отыр. Сондықтан тарихи шындықтың бұрмалануының алдын алу маңызды. Ол қылмыстық-құқықтық шаралар арқылы орындалуына да жол беріледі.

45
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, әскери сот
Зымыран

Ресейде Илон Масктің жобасына ұқсас зымыран жасалады

136
(Жаңартылды 15:50 19.09.2020)
Болашақта бұл әзірлемелер теңіздегі ғарыш айлағынан ұшырылатын орта класты зымыран тасығыштың өнеркәсіптік өндірісінде қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. "Морской старт" қалқымалы ғарыш айлағына иелік ететін S7 компаниялар тобының даму орталығы бірінші сатыдан кері қайтатын жеңіл зымыран-тасығыш жасай бастады.

Бұл тәжірибе жүзетін ғарыш айлағы үшін жаңа зымыран жасауда пайдаланылатын болады деп жоспарланған.

"Біз бірінші сатыдан кері қайтатын екі сатылы сұйық отынды зымыран-тасығышын құруды бастадық", – деп мәлімдеді S7 компаниялар тобының баспасөз қызметі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Болашақта бұл әзірлемелер "Морской старт" ғарыш айлағынан ұшырылатын орта класты зымыран-тасығыштың өнеркәсіптік өндірісінде пайдаланылатын болады.

"Морской старт" ғарыш айлағы неліктен ракетасыз қалды

"Морской старт" ғарыш айлағы Украинада болған 2014 жылғы оқиғалардан кейін ракетасыз қалды. Бұл кезге дейін аталған айлақ "Зенит" ракетасымен қамтамасыз етіліп келген.

"Роскосмос" сол кезде "Зениттің" орнын басатын "Феникс" зымыранын (қазіргі "Союз-5" немесе "Иртыш") жасай бастады. Сондықтан да "Роскосмос" S7 тобына "Морской старт" ұшыру айлағын пайдалануды ұсынады. Ал Байқоңырдан ұшырудың алғашқы сынағы 2023 жылға жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Тамыз айында Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов теңіз ғарыш айлағы 2023-2024 жылдары ұшырылымды қайта бастауы мүмкін деп мәлімдеді.

"Морской старт" жобасы туралы не білеміз

"Морской старт" жобасы 1995 жылы құрылған. 2016 жылы оны S7 тобы сатып алды. Ал 2020 жылы аталған кешен АҚШ-тан Ресейге жеткізілді.

136
Кілт сөздер:
"Байқоңыр" ғарыш айлағы, зымыран
Тақырып бойынша
"Союз МС-15" кемесі Қазақстанға қонды
"Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото
"Байқоңыр" мерейтойы - ғарыш айлағын дамыту жоспары туралы айтылды
Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр – жаға ұстатарлық 15 фото
Нұр-Сұлтанда Мамин мен "Роскосмос" басшысы Рогозин кездесті
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0