Жансақтау бөлімі, архивтегі сурет

Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті

6515
Ресейлік әртістің дерті осыдан төрт жыл бұрын әнші Жанна Фрискеге қойылған диагнозбен бірдей болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, танымал актриса Анастасия Заворотнюк жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлайды.

Арнаның мәліметіне сүйенсек, ауыр дертке шалдыққан актрисаның миында ісік табылыпты. Жансақтау бөлімінде жатқан әртісті дәрігерлер тәулік бойы бақылап отыр.

Анастасия Заворотнюктің дерті төрт жыл бұрын Жанна Фрискеге қойылған диагнозбен бірдей. Актрисаның сырқат екені бір жыл бұрын анықталған, соңғы кездері ол Еуропада емделіп жүрген болатын.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты

Мәскеу емханасына Заворотнюк Польшадағы ауруханадан жеткізіліпті. Қазір жанында күйеуі – мәнерлер сырғанаушы Петр Чернышев бар.

Бұған дейін денсаулығы туралы сұрақтарға Заворотнюк жауап бермей жүр еді, ал концерт директоры Стас Христов өткен аптада актрисаның ашық сұқбат беруге дайындалып жатқанын мәлімдеген болатын.

Содан соң Super.ru Telegram-арнасы әртіске "мидың қатерлі ісігінің соңғы кезеңі" деген диагноз қойылғанын хабарлады.

6515
Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, актриса
Тақырып бойынша
Танымал тележүргізуші жантүршігерлік апаттан ажал құшты
Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды - видео
Танымал әншіге ота жасалды
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

219
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

219
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Шекара, архивтегі сурет

ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

3421
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақстандық өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Шекара карантинге байланысты жабық болатын. 

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде Росгвардия қызметкерлері мен еліне орала алмай жүрген мигранттар арасында жанжал болғанын жазды. 

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды", - деп хабарлады "КП-Самара".

Басылым толқу тоқтатылып, палаталық лагерьде тыныштық орнағанын жазған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Біздің өткізу бекеттерімізде жағдай тұрақты", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі. 

Орынбор және Самара облыстарында Қазақстан мен Ресей шекарасында 3 мыңға жуық Қырғызстан және 500-ге жуық Өзбекстан азаматы қалып қойған болатын. Олар Қазақстан арқылы еліне жіберіле бастады.

3421
Кілт сөздер:
мигранттар, түсініктеме, ҰҚК, шекара
Тақырып бойынша
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Аймағамбетовтің жолдаған хаты туралы ұстаздар айта бастады

3
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздардың жеке почтасына арнайы хат жолдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы instagram желісіндегі парақшасына білім министрінен мотивацияға толы хат алғанын жазды.

"Кеше түнде сабақтарыма дайындалып отырып, электронды почтамды ашып қалсам, бас ұстазымыз Асхат Қанатұлынан хат келіп тұр. Хатты оқып көзіме жас келді. Хат соңында бойымда әлдебір күш пайда болғандай, жігерлендім", – деп жазды автор.

Сондай-ақ, ол қарапайым ұстаз ретінде министрден жылы лебізге толы хат алғанына қуанып, мамандығына деген құрметі артқанын атап өткен.

"Шынымды айтсам, өз мамандығыммен кеудемді мақтаныш кернейді. Неге дейсіз ғой?! Себебі, біз адаммен жұмыс істейміз. Жәй қарапайым адаммен емес, еліміздің жарқын болашағын жасайтын бақытты балалармен жұмыс істейміз. Иә, мына пандемия бәріміздің еңсемізді түсіріп тастағаны рас. Бұл қиын кезеңде біздің жұмысымыз екі есеге өсті. 4 тоқсанда 3 сағаттық ұйқымен телесабақтар өткізген күндер де болды. Міне, жаңа оқу жылына да телесабақтарға қызу дайындықтамыз. Осындай нағыз қолдауды қажет ететін сәтте министр мырзадан мотивацияға толы хат келгенде, еңсемізді тіктеп, жұмысқа деген шабыт оянады екен. Алғысым шексіз", – деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Толқын Батырбайқызы (@janatolkyn)

Сонымен қатар, автор бүгінгі таңда ұстаздарға балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отырғанын жеткізді.

"Сондықтан, қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта білу. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз, деген жігерге толы хат бізді алға жетелегендей", – деп жазады ұстаз.

Аймағамбетов ұстаздарға арнаған хатында не жазды

Министр өз хатында әріптестерінің қазіргідей қиын кезеңде отбасымен бірге аман-есен, денсаулығына еш қауіп төнбейтін жағдайда жүр деп үміттенетінін білдірген.

"Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда", – деп жазады министр.

Сондықтан да, туысы мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын деген Аймағамбетов кез-келген қиындық бізді шыңдай түсіп, мұндай сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты ететініне сенім артқан.

"Осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды. Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз", – деп ол жүрекжарды лебізін білдірген.

"Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей "Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты". Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет", – дейді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді

Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайтынын атап өткен министр әрбір ұстазға төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегі үшін тағы бір мәрте рақметін жеткізген.

"Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін. Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз. Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді! Жаңа оқу жылында жолыққанша!", – деп түйіндейді министр.

3
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, ұстаз
Тақырып бойынша
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады