Темір тор, архивтегі сурет

Танымал актриса есірткімен ұсталды оқиғаның мән-жайы

4754
Белгілі сериалдың актрисасы тыйым салынған затты тәртіп сақшыларына өзі берген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Мәскеуде тәртіп сақшылары танымал ресейлік актриса Наталья Бочкареваны есірткімен ұстады, деп хабарлайды "Пятый канал"

Телеарнаның хабарлауынша, "Счастливы вместе" сериалының жұлдызында 0,69 грамм кокаин табылған. Ол өзінің біртүрлі әрекетімен полицейлердің көзіне түсіп қалған. Хаттамада актрисаның есірткі пайдаланғаны жазылған.

Наталья Бочкарева еш нәрсені жасырмай, тәртіп сақшыларына тыйым салынған затты өзі берген.

Тағы оқыңыз: Танымал актриса жансақтау бөліміне түсті: дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты

Бұл оқиғаға қатысты РФ қылмыстық кодексінің 228-бабы 1-бөлігіне (есірткі затын заңсыз ұстау, қолдану) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Актрисаның үйінде тінту жұмысы жүргізілді. Күдікті еш нәрсе табылмаған.

4754
Кілт сөздер:
полиция, есірткі, актриса
Тақырып бойынша
Белгілі актриса көрерменді шапалақпен тартып жіберді
"Орны толмас қайғы": белгілі актриса қайтыс болды
Ресейдің халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
"Әйтпесе, актриса болмайсың". Белгілі продюсер жас қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген
Белгілі актриса 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды
Загрузка...