Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі сурет

Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі  

49
Мәскеуде шекара бойындағы ынтымақтастық форумына дайындалуға арналған кезекті ведомствоаралық кеңес өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның ХVI өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері талқыланды. Іс-шараға екі елден 600-ден астам делегат келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды "Росконгресс" қоры.

Ресей астанасында форумға дайындық бойынша үшінші ведомствоаралық кеңес өтті. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысады. 2003 жылы алғашқы аймақаралық ынтымақтастық форумы өткен Омбы қаласы қонақтарды қарсы алуға дайындалуда.

Омбыда форумға дайындық қалай жүріп жатыр

Омбыдағы жолаушылар көлігі форумның түстері мен символдарымен безендіріледі.

"11 электр көлігі мен 14 автобус толықтай безендіріледі", - делінген қала әкімдігінің сайтында.

Форум логотиптері 1500 қалалық автобусқа, 108 троллейбусқа және 64 трамвайға орналастырылады.  

Қалада қонақтар жүретін бағдарлардың бойындағы ғимараттар жөндеуден өтіп жатыр. Бұл үшін федералды бюджеттен бір миллиардтан астам рубль бөлінді.

Өңіраралық ынтымақтастық форумының бағдарламасы

Іскерлік бағдарламалардың іс-шаралары 6-7 қарашада Омбы Конгресс-холында өтеді. Путин мен Тоқаевтың қатысуымен өтетін "Шекара бойындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері" пленарлық отырысы 7 қарашаға жоспарланған.

6 қарашада іскерлік бағдарлама "Жоғары технологиялар: Ресей мен Қазақстан өңірлерінің мүмкіндіктері" көрмесімен ашылады. Күн бағдарламасында барлығы екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелері бойынша бес панельдік сессия бар.

Қатысушылар шекара бойындағы сауданы дамыту, өнеркәсіп пен технологиядағы кооперациялық байланыстарды, энергетикалық инновацияларды, шикізаттық емес экспортты, сандық трансформацияны және әйелдер кәсіпкерлігін талқылайды.  

Негізгі бағдарламамен қатар Ресей мен Қазақстанның жастар көшбасшыларының форумы өтеді.

Іс-шара аясында "Авангард" хоккей академиясында Ресей мен Қазақстанның жастар командалары арасында жолдастық хоккей матчы өтеді.

49
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан, Ресей
Тақырып бойынша
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ
Тоқаев пен Лавров Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді
Ресей тарапы Қытайдағы лагерьлерге қатысты ұстанымын ашық айтты
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліске сыртқы істер министрі түсініктеме берді
Загрузка...