Қазақстан мен Ресей туы

Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі: президенттерге қандай тағам ұсынылады?

100
Президенттер қандай конгресс-холлда кездесетін және ауқымда шараға Омбыда қалай дайындалып жатқанын Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз

ОМБЫ, 5 қараша — Sputnik. Тулар әзірленіп, дастарқан жайылып, концертке дайындық тағы бір мәрте пысықталды. Омбы қаласында XVI Қазақстан-Ресей өңіраралық әріптестік форумына дайындық қыза түскен.

Sputnik Қазақстан тілшісі президенттер кездесетін залға барып, оларға қандай тағам ұсынылатынын білді.

Ас мәзірі

Қабылдау залында мәртебелі меймандарды қарсы алуға дайындық жүріп жатыр. Қара және алтын түстес ыдыс қойылған. Үстел қазақтың үстеліне ұқсас, бірақ жерден біршама жоғары.

 Приготовления перед XVI форумом межрегионального сотрудничества Казахстана и России
© Sputnik / Айгюзель Кадир
XVI Қазақстан-Ресей өңіраралық әріптестік форумының меймандарына арналған үстел

Қонақтарға балық, асжапырақ қосылған буратта, ірімшік пен спаржа, бататтан әзірленген крем-сорпа, пісірілген күзгі алма түрінен жасалған сорбет, бекіре тұқымдас балықтан жасалған стейк пен орамжапырақ езбесі және қозы еті ұсынылады.

 Приготовления перед XVI форумом межрегионального сотрудничества Казахстана и России
© Sputnik / Айгюзель Кадир
XVI Қазақстан-Ресей өңіраралық әріптестік форумына дайындық барысы

Тәтті тағам ретінде асқабақ чизкейгі даярланған.

Сусын: минералды су, үй морсы, шырын, шай, кофе, 2017 жылдың құрғақ ақ Шардоне Мантра шарабы және 2017 жылдың құрғақ қызыл Шардоне Мантра шарабы.

7 қараша күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады. Президенттер жоғары технологиялар көрмесін тамашалайды.

100
Кілт сөздер:
Омбы, Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
"Бәрі мені Путин дейді": президенттің қырғыз "егізі" қалай тұрып жатыр – видео
Путин "Бәйтерекке" Назарбаевтың атын беруді ұсынды
Назарбаев, Путин мен Трамптың видеолары желіде қызу талқыланды
Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастауды тапсырды
Загрузка...