күрек ұстаған ер адам, архив

Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті видео

1563
Өгей әке бес жасар қызды өзін тыңдамағаны және әкесі ретінде қабылдамағаны үшін қылқындырып өлтірген

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Қырым тұрғыны бес жасар өгей қызын көміп тастаған жерді көрсетті. Видеоны Ресейдің тергеу комитеті жариялады.

Күдіктінің айтуынша, ол қыздың денесін көліктің артқы орындығына салып, үйден алып шыққан. Ал алдыңғы орындықта ер адамның кіші ұлы отырған, деп хабарлады ntv.ru.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өгей әке қызын өзін тыңдамағаны және әкесі ретінде қабылдамағаны үшін өлтірген. Балалардың анасы Қытайда тұрып, жұмыс істейді екен, ол күйеуімен ажыраспақшы болып жүрген.

Тергеушілердің мәліметі бойынша ер адам қызын 12 қарашада буындырып өлтірген. Баланың денесін көміп тастағаннан кейін ол туған ұлымен Украинаға қашып кетпекші болады. Бірақ олар шекарадан өте алмаған.

Келесі күні қыздың жоғалғаны жөнінде хабарлаған өгей әкені полиция ұстайды. Қазіргі уақытта ол тұтқындалды, күдікті 14 қаңтарға дейін қамауда отырады.

Тағы оқыңыз: Елордалық ана әкесінің айуандық жасағанын айтты

 

1563
Кілт сөздер:
видео, өгей әке
Тақырып бойынша
"Бес уақыт намаз оқитын": Алматы тұрғыны өгей қызын төрт жыл бойы зорлап келген
Жетісайлық әйел өгей қыздарын қорлаған: министрлік мәлімдеме жасады
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Қыздарды азаптаған өгей шешенің абысыны бар шындықты жайып салды
Түркістан облысында өгей шешесі мен әжесін өлімші етіп сабаған ер адам ұсталды
Загрузка...