Әлем

Анасының мәйітімен бір апта қамалып жатқан бала көз жұмды

© Sputnik / Болат ШайхиновАвтомобиль "скорой помощи" дежурит у здания, где проходит ЕНТ в Астане
Автомобиль скорой помощи дежурит у здания, где проходит ЕНТ в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала ұзақ уақыт бойы көмекке шақыруға тырысқан. Алайда көршілері пәтерден шыққан дауысқа мән бермепті

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің Можга қаласында жалғызбасты ана қайтыс болды. ДЦП-ға шалдыққан баласы жанында қалған. Он үш жасар бала ұзақ уақыт бойы пәтерде анасының мәйітімен тұруға мәжбүр болды. Церебралды сал ауруынан бөлек бала эпилепсиямен ауырған. Сондықтан сөйлей алмады, деп хабарлайды Udm-Info.

Куәгерлердің айтуынша, бала аш болған. Айқайлап, көмекке шақырыпты. Алайда көршілері пәтерден шыққан дауысқа мән бермеген. Өйткені бұл баланың әдеттегідей дауысы деп ойлаған. Бала ас үйге жетіп, су ішу үшін кранды ашқан. Алайда мүгедек арбасынан құлады. Бөлмені су басып кетті.

Тағы оқыңыз: Бір апта мәйітпен бірге жатқан: Семейдегі жантүршігерлік оқиғаның видеосы

"Олардың пәтері 1-қабатта болатын. Сондықтан жертөлені су басқанын ешкім байқамады. Алдын ала мәліметке сәйкес, бала суық өтуінен көз жұмған", - деп жазады басылым.

Жаңалықтар
0