Бетін жауып отырған бала

Ата-анасы әдейі азаптаған балаға көршісі көмектесті: оқиғаның мән-жайы

1256
(Жаңартылды 17:24 16.12.2019)
Олар баланы тәрбиелеу мақсатында бірнеше сағат бойы қарақұмықтың үстіне тізерлетіп отырғызған. Баланы дәрігерлер тексерді

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан - Sputnik. Ресейдің Омбы қаласында 8 жасар баласын азаптаған әйел және онымен бірге тұрған ер адам кінәсін жартылай мойындады, деп хабарлайды РИА Новости

"Алайда олар бұл әрекет адамдар тобының алдын ала келісуі бойынша жасалған азап деген айыппен келіспей отыр", — деп хабарлайды агенттік. 

Тергеудің мәліметіне сәйкес, 27 жастағы әйел 35-тегі ер адаммен тұрған. Сергей Казаков сәуір-мамыр айларында үйіне кеш келген кезде баланы қарақұмықтың үстіне тізерлетіп отырғызу жазасын қолдана бастапты. Сегіз жасар баланың жарты сағаттан 9 сағатқа дейін осылай отырған кездері болыпты. Анасы бұл жағдайды көрсе де, араласпаған. 

Тағы оқыңыз: Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

Мамыр айында бала бұған шыдай алмай, көршісінен көмек сұраған. Ол полицияға хабарласыпты. Баланы дәрігерлер қарады. Өйткені құрақұмық тізесіне "кіріп кеткен".

Ер адам мен баланың анасы ұсталды. Олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот куәгерлерден жауап ала бастады.

1256
Кілт сөздер:
көмек, бала, азаптау, ата-ана
Тақырып бойынша
Жетісайлық әйел өгей қыздарын қорлаған: министрлік мәлімдеме жасады
16 жастағы бозбала бүкіл отбасын балталап өлтіріп, өз-өзіне қол салды
Әйел баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, видеоға түсірді: оқиғаның мән-жайы
Шымкент полициясы баланы қатыгездікпен соққыға жығуды тексеріп жатыр
Жасөспірімдер "лайк" жинау үшін баланы соққыға жыққан
Загрузка...