ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің туы

Путин ЕАЭО-дағы ықпалдастықты жоғары бағалады

30
Владимир Путиннің айтуынша, Ресей мен Беларусь Одақтас мемлекетті құру процесін жеделдетуді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық одақ аясындағы ықпалдастық Одақтас мемлекет аясындағы интеграцияға қарағанда үлкен. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин үлкен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

"Еуразиялық экономикалық одақ аясында қыруар іс атқарылды. Экономика саласында ұйым аясындағы ықпалдастық Одақтас мемлекет аясындағы интеграциямен салыстырғанда үлкен. Дәл осы себептен біз Александр Григорьевичпен (Лукашенко) осы мәселеге оралып, Одақтас мемлекетті құру процесін жеделдету үшін қосымша не істеуге болатынын ойластыруға бел будық", - деп жауап берді Ресей басшысы.

1999 жылдың 8 желтоқсанында Ресей мен Беларусь Одақтас мемлекетті құру туралы келісімшартқа қол қойды. Құжат тоғыз баптан тұрды, оның бастысы – барлық салада жан-жақты ынтымақтастықты, бауырластық пен достықты нығайту.

Тағы оқыңыз: Путин Трампқа импичмент жариялануына қатысты өз ойын айтты

Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы келісімшартқа 2014 жылы 29 мамырда Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) қол қойылды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

ЕАЭО құру туралы бастаманы алғаш рет Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде көтерген болатын.

Путиннің үлкен баспасөз мәслихаты

Ресей президентінің мерейтойлық, он бесінші үлкен баспасөз мәслихаты 19 желтоқсанда Мәскеудегі Халықаралық сауда орталығында өтіп жатыр.

Бұл жолы 1895 адам аккредитациядан өткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі жүзге артық.

Волгоград муниципалды телеарнасының тілшісі Александра Агафонова туған қаласында жасалған экзо-қаңқаны өзімен бірге ала келген. Тағы бір журналист Ақшақардың киімін кисе, кейбірі ұлттық костюмдерін киген.

Путинің мұндай форматтағы алғашқы баспасөз мәслихаты 2001 жылы 18 шілдеде "Үлкен сегіздік" саммитінің қарсаңында өткен еді. Сол кезде жиынға 400-ге жуық журналист қатысып, 22 сұрақ қойылды.

30
Кілт сөздер:
Беларусь, ЕАЭО, Ресей
Тақырып бойынша
Путин мен Цзиньпин Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Путин: WADA шешімі Олимпиада хартиясына қайшы келеді
Тоқаев пен Путин бірлескен мектеп пен университет ашу мәселесін талқылады
Ресейлік спортшылар Олимпиададан шеттетілді: Путин пікір білдірді
Путин ҰҚШҰ елдерінің әскерилерін Жеңіс парадына қатысуға шақырды
Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды
Загрузка...