Әлем

Қазақ Омбы облысының бас ревизоры болды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талғат Шұғылбаев осы жылдың ақпан айында бақылау-есеп палатасын басқарады, оның өкілеттік мерзімі – бес жыл

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Омбыда тұратын этникалық қазақ Талғат Шұғылбаев Омбы облысы бақылау-есеп палатасының төрағасы болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОРОО Казахи Омска (@kazahi_omska)

Бұған дейін 35 жастағы Талғат Шұғылбаев Омбы облысы қаржылық бақылау бас басқармасының бастығы қызметін атқарды, деп хабарлады "Омск-Информ" порталы.  

Отырысқа қатысқан 40 депутаттың 32-сі Шұғылбаевтың кандидатурасын жақтап дауыс берді. Жеті адам қарсы болды, тағы бір бюллетень жарамсыз деп танылды. Бақылау-есеп палатасының жаңа төрағасы өзінің бес жылдық өкілеттігін орындауға 6 ақпанда кіріседі.

Талғат Шұғылбаевтың өмірбаяны

Шұғылбаев Талғат Мүбаракұлы 2006 жылы Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.  

Оқуды тәмамдағаннан кейін коммерциялық құрылымда еңбек етті. Омбы облысы билігінің атқарушы органдарында 2007 жылдан бері жұмыс істейді.

Қытайдағы қазақтардың мәселесі: Тоқаев өз ойын айтты – видео

2007 жылдан 2013 жылға дейін Омбы облысының қаржы министрлігінде заң бөлімінің I санаттағы құқық басқармасының маманынан бастап, құқық және бақылау басқармасының тапсырыс беру саласындағы бақылау бөлімінің бастығы лауазымына дейін атқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Омбы облысы қаржылық бақылау бас басқармасы бастығының орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтарында бас басқарма бастығы қызметіне тағайындалды.

Ресей қалаларында қанша қазақ бар

 2010 жылғы ресми мәліметке сәйкес, Омбыда шамамен 78-80 мың қазақ тұрады. Астрахань сан жағынан бірінші орында – мұнда 180-190 мың қазақ бар. Ал Орынборда 120 мың қазақ тұрып жатыр. Омбылықтардың өздері Омбыда жүз мыңға жуық этникалық қазақ тұрады деп болжайды.

Деректер он жылға жуық уақыт бойы жаңартылмаған. Келесі бүкілресейлік халық санағы 2020 жылға жоспарланып отыр.  

Жаңалықтар
0