Пәтердің кілті

Миллиардердің ұлы жалдамалы пәтерде тұратынын айтты фото

327
(Жаңартылды 13:18 30.01.2020)
Оның әкесі бар жиған-тергенін қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр. Сондықтан баласы әкесінің қаражатына сенбей, өзі қызмет етіп жүр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Ресейлік миллиардер, "Альфа-групп" басшыларының бірі Михаил Фридманның ұлы жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Александр Фридман Мәскеудің шетінде айына 30 мың рубльге (180 мың теңгеден астам) пәтер жалдап, метромен жүреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexander Fridman ✡ (@alexander_fridman)

Оның әкесі бар жиған-тергенін қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр.

"Мен әкемнің байлығы маған қалмайтынын біліп өстім", - деді Александр Фридман Bloomberg-ке берген сұхбатында.

Тағы оқыңыз: Белгілі олигархтың бұрынғы әйелі тағы да тұрмысқа шықты - фото

Өткен жылы 19 жастағы Александр Лондондағы мектепті тәмамдаған. Осыдан бес ай бұрын өзінің дистрибьюторлық компаниясын ашты. Сондай-ақ, оның мәскеулік мейрамханаларға тауар мен кальян жеткізетін компаниясы бар.

Басылым миллиардер ұлына ақшалай көмектеспесе де, оның атының арқасында Александр Фридманның ісі өрге домалағанын айтады.

327
Кілт сөздер:
пәтер, жалдамалы баспана, бала
Тақырып бойынша
Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео
Белгілі миллиардер тікұшақ апатынан қаза болды
Миллионер кенже қызына үйленген жігітке бар байлығын беруге уәде етті
Полицияға көмектескен қазақстандық бір күнде миллионер болып шыға келді
Қазақстан туралы сұраққа жауап берген үнді жігіті миллионер атанды
Загрузка...