Аурухана, архивтегі сурет

Танымал әнші жасанды комаға түсті

11803
(Жаңартылды 10:20 07.04.2020)
Әртіс 1 сәуір күні ауруханаға жатқызылған. Жасанды тыныс алу аппараты тиімді жұмыс істеуі үшін әншіні комаға түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір - Sputnik. Ресейлік әнші Надежда Бабкина екіжақты пневмонияға байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, деп хабарлайды РИА Новости

Басылымның хабарлауынша, әртіс 1 сәуір күні ауруханаға жатқызылған. Аппарат тиімді жұмыс істеуі үшін әншіні жасанды комаға түсірген. Оның жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты екені хабарланып отыр.

Бабкинаның коронавирусқа тапсырған сынамасы теріс болып шықты. Оған пневмония диагнозы қойылып отыр. 

Тағы оқыңыз: Әнші сахнада ән айтып тұрған кезде көз жұмды

Айта кетсек, қазіргі уақытта әлемде 1 347 676 адамда коронавирус расталған. Ресейде 6 343, Қазақстанда соңғы мәліметке сәйкес, 670 адамға жетіп отыр.

11803
Кілт сөздер:
кома, әнші, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (879)
Тақырып бойынша
Әнші Мирас Бекжанов: Құралай сәбиіміз қыз екенін айтқанда қатты ұрыстым
Танымал әнші күйеуі көзіне шөп салғанын білгеннен кейін өзіне қол салмақ болды
Қазақстандық танымал әнші туған күнін дүркіретіп атап өтті
Әйгілі әнші Лев Лещенко коронавирус жұқтырды
Танымал әнші COVID-19 індетіне қарсы күреске миллион доллар берді
Ресей президенті Владимир Путин

Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келеді Путин

20
Путин жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, өңірдегі жағдайды мұқият қадағалап, өзгерістерге дереу жауап қату керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанып, жақсарып келеді, деп мәлімдеді президент Владимир Путин.

"Соңғы айларда біз коронавирус індетімен күресуге көп көңіл бөлдік. Қазір елдегі жағдай жақсарып, тұрақтанып келеді", - деді Ресей басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер

Сонымен бірге, Путиннің пікірінше, әр аймақтағы жағдайды үнемі және мұқият бақылап отыру керек, өзгеріп жатқан жағдайға тез арада жауап беру қажет. Бұл туралы елдің Қауіпсіздік кеңесі хабарлады.

Ол Ресей қарулы күштері мен қорғаныс министрлігінің мүмкіндіктері коронавирус инфекциясымен күресуге – шетелде де, елде де бірнеше рет қолданылғанын атап өтті.

"Жақында қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясының әр түрлі аймағында қысқа мерзімде және сапалы 16 аурухана салғанына барлығы куә болды, олар Дағыстанда және кейбір басқа аймақтарда жылдам әрекет етіп жатыр", - дейді Владимир Путин.

Ресей басшысы Забайкалье өлкесінде науқастар санының артқанына назар аударды.

"Ондағы динамика әлі де күрделі. Осыны ескере отырып, аймаққа мүмкіндігінше тезірек көмектесуіміз керек, ең алдымен, әрине, әңгіме денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері туралы болып отыр", - деп атап өтті ол.

Ресейдегі коронавирус  

4 маусым, бейсенбі күнгі статистикаға сәйкес, Ресейде коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 8 831 адам тіркелді. Елде науқастардың жалпы саны 441 108 адамға жетті. Сонымен бірге 206 623 науқас сауығып, 5284 адам қайтыс болды.

Забайкалье өлкесінде COVID-инфекциясын 1321 адам жұқтырған, олардың 64-і соңғы тәулікте тіркелді, 24 адам қайтыс болды.  

20
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Тақырып бойынша
Астаналықтар әлемдік антирейтингте көш бастап тұр
ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты
Қазақстан мен Ресей әлемдегі ірі азық-түлік жеткізушіге айналуы мүмкін – Келімбетов
Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Мария Захарова

Захарова АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейді айыптағандарға жауап берді

242
Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының ресейлік тілшіге көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген айыптаулар ақпараттық айла-амалдың лас әдісіне жатады, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс ешбір дәлел келтірмей-ақ, Америкадағы тәртіпсіздіктің артында Ресей тұруы мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл сөздерді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова "ақпараттық айла-амалдың лас әдісі" деп бағалады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол АҚШ-тағы орыс тілді "әлеуметтік желілер" сол елде тіркелгенін және оның бәрі де заң жүзінде реттелетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді. 

"Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған АҚШ-тағы наразылық акцияларын жариялау кезінде полицияға қатысты зорлық-зомбылық пен журналистерге қатысты негізсіз ұстанымдардың көбеюіне алаңдаушылық білдіреміз. Біз қызметтік куәлігін көрсетсе де, АҚШ құқық қорғау органдарының арнайы құралдарды – резеңке оқ пен көзден жас ағызатын аэрозольді БАҚ өкілдеріне қарсы қолдануын өрескел қателік деп санаймыз", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік журналистердің қауіпсіздігі мен кедергісіз қызметін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелерді де еске салды.

"Америкалық құзырлы органдар оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар тиісті халықаралық құрылымдар мен адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарды осы озбырлықты жауапсыз қалдырмауға шақырамыз", – делінген ақпаратта.

Көзден жас ағызатын газ қолданылды

Миннеаполис полициясы жаппай наразылық туралы оқиға орнынан хабар таратып жүрген журналистерге, оның ішінде VICE телеарнасының түсіру тобы мен РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді әдейі қолданғаны туралы хабарланған болатын.

Кейіннен осы сәттің видеосы интернетте жарияланды.

Көп ұзамай Миннесота губернаторы Тим Уолц құқық қорғау органдарының қызметкерлері шабуыл жасаған БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.

Ал зардап шеккен Михаил Тургиев болса, оқиғадан кейін: "Бәрі қалпына келді, көру қабілетім бұзылған жоқ", – деп өзінің жағдайынан хабардар етті.

Наразылық неден өршіді?

Миннеаполис пен АҚШ-тың тағы бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздік 25 мамыр күні афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталды.

Полицейдің жерде жатқан Джордж Флойд есімді азаматтың мойнын тізесімен басып, тұншықтырып жатқаны түсірілген видео интернетте кеңінен таралды. Ол ауа жетпей, өзін нашар сезініп жатқанын айтқанымен, полицейлер оны босатпайды. Кейін Джордж Флойд реанимацияда қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та Қазақстаннан көшіп барған жасөспірімді тапа-тал түсте өлтіріп кетті

Ал 29 мамыр күні Флойдты ұстаған полиция қызметкері қамауға алынды. Оған абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы төрт адам жұмыстан босатылды.

Осы оқиғадан кейін ел аумағында жаппай тәртіпсіздіктер басталды.

Демалыста Миннеаполис пен көршілес Сент-Пол қаласында коменданттық сағат жарияланды.

242
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді