Дәрігерлер, архивтегі сурет

Ресейде медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

110
(Жаңартылды 20:26 08.04.2020)
Көрші ел президенті медицина қызметкерлеріне үш ай бойы арнайы федералды төлем жасалатынын айтты. Сондай-ақ, жұмыссыздарға арнайы жәрдемақы беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин губернаторлармен өткізген жиын алдында Ресей халқына үндеу жолдады. Ол медицина қызметкерлерінің жалақысы айына 25-80 мың рубльге артатынын айтты.

"Сәуірден бастап үш ай бойы коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін мамандарға арнайы федералды төлем берілетін болады", - деді ол. 

Сондай-ақ, көрші елде дәрігер, медбике, медицина қызметкерлеріне қосымша төлем жасау қарастырылған. Бұл үшін федералды бюджеттен 10 миллиард теңге бөлген. 

Мұнымен қоса, пандемияға байланысты жұмысынан айырылғандарға жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақыны рәсімдеу тәртібін барынша оңай ету тапсырылып отыр. Қашықтықтан жасалады.

Ресейде 8 672 адам коронавирус жұқтырып, 58 адам көз жұмған. Ал Қазақстанда соңғы мәліметке сәйкес, 709 адамда індет расталды. Жеті адам қайтыс болды, 54 адам айықты.

110
Мария Захарова

Захарова АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейді айыптағандарға жауап берді

232
Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының ресейлік тілшіге көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген айыптаулар ақпараттық айла-амалдың лас әдісіне жатады, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс ешбір дәлел келтірмей-ақ, Америкадағы тәртіпсіздіктің артында Ресей тұруы мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл сөздерді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова "ақпараттық айла-амалдың лас әдісі" деп бағалады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол АҚШ-тағы орыс тілді "әлеуметтік желілер" сол елде тіркелгенін және оның бәрі де заң жүзінде реттелетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді. 

"Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған АҚШ-тағы наразылық акцияларын жариялау кезінде полицияға қатысты зорлық-зомбылық пен журналистерге қатысты негізсіз ұстанымдардың көбеюіне алаңдаушылық білдіреміз. Біз қызметтік куәлігін көрсетсе де, АҚШ құқық қорғау органдарының арнайы құралдарды – резеңке оқ пен көзден жас ағызатын аэрозольді БАҚ өкілдеріне қарсы қолдануын өрескел қателік деп санаймыз", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік журналистердің қауіпсіздігі мен кедергісіз қызметін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелерді де еске салды.

"Америкалық құзырлы органдар оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар тиісті халықаралық құрылымдар мен адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарды осы озбырлықты жауапсыз қалдырмауға шақырамыз", – делінген ақпаратта.

Көзден жас ағызатын газ қолданылды

Миннеаполис полициясы жаппай наразылық туралы оқиға орнынан хабар таратып жүрген журналистерге, оның ішінде VICE телеарнасының түсіру тобы мен РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді әдейі қолданғаны туралы хабарланған болатын.

Кейіннен осы сәттің видеосы интернетте жарияланды.

Көп ұзамай Миннесота губернаторы Тим Уолц құқық қорғау органдарының қызметкерлері шабуыл жасаған БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.

Ал зардап шеккен Михаил Тургиев болса, оқиғадан кейін: "Бәрі қалпына келді, көру қабілетім бұзылған жоқ", – деп өзінің жағдайынан хабардар етті.

Наразылық неден өршіді?

Миннеаполис пен АҚШ-тың тағы бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздік 25 мамыр күні афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталды.

Полицейдің жерде жатқан Джордж Флойд есімді азаматтың мойнын тізесімен басып, тұншықтырып жатқаны түсірілген видео интернетте кеңінен таралды. Ол ауа жетпей, өзін нашар сезініп жатқанын айтқанымен, полицейлер оны босатпайды. Кейін Джордж Флойд реанимацияда қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та Қазақстаннан көшіп барған жасөспірімді тапа-тал түсте өлтіріп кетті

Ал 29 мамыр күні Флойдты ұстаған полиция қызметкері қамауға алынды. Оған абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы төрт адам жұмыстан босатылды.

Осы оқиғадан кейін ел аумағында жаппай тәртіпсіздіктер басталды.

Демалыста Миннеаполис пен көршілес Сент-Пол қаласында коменданттық сағат жарияланды.

232
Архивтегі фото

Тұрмысы төмен ресейлік отбасылар балаға бірнеше жәрдемақы алады 

53
Жаңа жәрдемақыны мүмкіндігінше осы жылдың маусым айынан бастап төлеу тапсырылды. Оны рәсімдеу үшін электронды өтініш беру жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап Ресейде жаңа норма күшіне енеді – енді үштен жеті жасқа дейінгі балалары бар кейбір күнкөрісі төмен отбасыларға бөлек төлем жасалады, деп хабарлады РИА Новости.

Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар үш жастан жеті жасқа дейінгі балалары үшін жәрдемақы алады. Төлемдер 1 шілдеден бастап берілуі тиіс, бірақ Ресей президенті Владимир Путин отбасылар бұл ақшаны бір ай бұрын алуы үшін ұйымдастыру шараларын жеделдетуді тапсырды.

Төлем бірден бір жылға белгіленеді, оның мөлшері бір балаға аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысына тең – бұл Ресейде орташа алғанда 5,5 мың рубль. Қаражатты  электронды өтінім беру арқылы алуға болады – құжаттарды жинаумен әлеуметтік қорғау органдарының өздері айналысады, деп атап өтті еңбек министрлігі.

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Тоқаев заңға қол қойды

Отбасы төлемді 1 маусымнан бастап алатынына қарамастан, ол осы жылдың қаңтар айынан бастап есептеледі. Министрлік егер 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша отбасында үш жастан жеті жасқа дейінгі бала болса, онда 2020 жылдың алғашқы бес айына да ақша алады деп түсіндірді.    

Егер бала үш жасқа қаңтар мен маусым аралығында толса, отбасы 2020 жылы бала үш жасқа толған сәттен бастап төлем тағайындалғанға дейінгі уақытқа қосымша төлем алады.

Жаңа жәрдемақыны барлығы 2 миллион отбасы ала алады. Қанша өтініш түскенін министрлік нақтыламады.

Сондай-ақ, үш жастан 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 10 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы төлем беріледі.

Үш жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан төленеді. Төлемді бірінші болып 10 миллион отбасы алады, деп хабарлады Ресейдің зейнетақы қоры. Қаражат 22 мамырға дейін түскен өтініш бойынша 15 миллион балаға беріледі.

53
Тақырып бойынша
Сегіз және одан көп баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы бекітілді
Төтенше жағдай кезінде таксистер мен бала күтушілерге де әлеуметтік төлем төленеді
Министр Нұрымбетов жаңа жәрдемақыны келеке еткендерге жауап берді
Кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы екі есеге артады
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Нұр-Сұлтан тұрғыны: Жеті балаға 139 мың теңге жәрдемақы шықты
Қазақстанда 8 және одан көп баласы бар қанша отбасы тұрады
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

3
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

3
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео