Әлем

Ресей президенті шетелдіктерге қатысты жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневБлокнот, қалам
Блокнот, қалам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік жұмыс берушілер 2020 жылдың 15 маусымына дейін жұмысқа рұқсаты жоқ шетелдіктерді еңбекке тарта алады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин коронавирус пандемиясы кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайын реттейтін жарлыққа қол қойды. Құжат Кремль сайтында жарияланды.

Жарлыққа сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елде уақытша жүру мерзімі, сондай-ақ, оларды есепке қою немесе тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі 15 наурыздан 15 маусымға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, осы мерзім аралығында жұмыс берушілер жұмысқа рұқсаты жоқ шетелдіктерді еңбекке тарта алады. Алайда бұл жағдайда жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жалдауға құқығы барын растайтын құжаты болуы тиіс.

15 маусымға дейін шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты оларды Ресей аумағынан шығару немесе шет мемлекетке беру туралы шешім қабылданбайды. Сондай-ақ, олар босқын мәртебесінен, уақытша панасынан айырылмайды, виза, жұмысқа рұқсат қағазы, ықтиярхат пен басқа да құжаттарының күші жойылмайды.

Тағы оқыңыз: Путин Жеңіс парадын өткізуді кейінге қалдырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус індеті бүкіл әлемді жайлап барады. Қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны екі миллион адамға жақындап қалды. 140 мыңға жуығы қайтыс болды.

Осыған байланысты көптеген мемлекет, соның ішінде Ресей Федерациясы, бірқатар шектеу шараларын қабылдады. Бүкіл әлемде жолаушылар әуе қатынасы толығымен тоқтады, ал азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға кеңес берілді.

Жаңалықтар
0