Архивтегі фото

Ресей коронавирусқа қалай төтеп бермек: Путин кеңес өткізді  

268
Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – мемлекеттің басты міндеті. Ресей президенті эпидемияның экономикаға және адамдардың табысына әсерін азайту қажет екенін атап өтті

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Ресей коронавирустың таралуын тежей алады, алайда инфекцияның шарықтау шегі әлі алда деп болжанып отыр. Бұл жайында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен кеңесте мәлімдеді.

"Жағдай күрделі болып қала береді. Өкінішке қарай індет әлі де таралып жатыр. Коронавирус бірінші науқас анықталған Мәскеуде ғана емес, басқа өңірлерде де өршіп тұр. Алайда жағдайдың солай боларын біз бен сіз білдік", -деді Путин.

Президент алдын алу шараларының арқасында бұл процестің тежелгенін, алайда елдің 85 аймағына аурудың тарап кеткенін атап өтті.

Бірінші орында – адамдардың өмірі

Ресей президенті азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – мемлекеттің басты міндеті екенін, эпидемияның экономикаға және адамдардың табысына әсерін азайту қажет екенін атап өтті.

"Сараптамалық пікірге сүйене отырып, салалар, жеке кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысында барынша қауіпсіз режимді қолданамыз. Экономиканы толығымен тоқтату мүмкін емес, сол себепті аса сақтықпен жұмыс істейтін боламыз. Алайда індеттің жұмыспен қамтуға, азаматтардың табысына кері әсер етуін азайту қажет. Қазір адамдарды осы мәселелер қатты толғандырады", - деді Путин.

Ресей коронавирустың шарықтау шегіне дайындалып жатыр

"Өзге елдердегі жағдаймен салыстырып, барлық ақпаратты мұқият талдайтындарыңызды білемін. Қорытындылар эпидемияның бірінші кезеңінде міндеттерді шеше алғанымызды көрсетті. Нақты айтар болсақ, инфекцияның таралуы бәсеңдеді", - деді Путин.

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, инфекцияның шарықтау шегі әлі алда. Соған сәйкес Ресей президенті барлық бағыт бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.

Ресей қашан вакцина ойлап табады?

Сонымен қатар жиын барысында Путин вирусқа қарсы отандық вакцинаны ойлап табу ісіне қызығушылық танытты.

"Осы бағытта қандай күрделі, қажырлы ғылыми ізденістер жүргізіліп жатқанын жақсы түсінемін. Мұндай кезде болжам жасау қиын, тіпті мүмкін емес. Вакцина ойлап табу ғана емес, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденуі тиіс. Зерттеушілерге орасан жауапкершілік жүктелді", - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар Путин өз сөзінде ауруды кез келген адам жұқтыруы мүмкін екенін, сондықтан медицина қызметкерлері барлық жастағы адамға және созылмалы аурулары бар науқастарға тиімді көмек көрсету үшін іс-қимыл алгоритмдерін алдын ала дайындауы қажет екенін айтты.

"Жүкті әйелдер ерекше назар аударуды талап етеді. Әрине, балалар, соның ішінде жаңа туған нәрестелер де бар", - деп нақтылады ол.

Ресейдегі коронавирус

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Ресейдің 85 өңірінде 47 121 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 405 адам қайтыс болды, 3 446 адам аурудан жазылды.

Бір тәулік ішінде Ресейде 4 268 адамнан коронавирус анықталды. Мәскеуде 2 026 адам инфекция жұқтырған.

268
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Тақырып бойынша
Ресейден келген 16 адамнан COVID-19 табылды 
Қазақстан мен Ресей экологтары Жайық және Ертіс өзендерін бірге құтқармақ
Ресейде медицина қызметкерлерінің жалақысы артады
Ресей ЕАЭО елдеріне коронавирусты зерттеу үшін 70 мыңнан астам тест берді
Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады
Ресей президенті шетелдіктерге қатысты жарлыққа қол қойды
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

131
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

131
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео
Аурухана, архивтегі сурет

Көрші елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

186
Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9%-тен 3,5 процентке дейін төмендегені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өткізді. 

"Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ресейде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келеді", - деді ол.

Ол Мәскеу мен бірқатар өңірде күн сайын вирус жұқтыратындар саны азайғанын айтты.

"Әзірге бұл динамика біз күткендегідей емес. Осыдан бір апта бұрын Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9% болатын. Бұл көрсеткішке 3,5 процентке дейін төмендеді", - деді ол. 

Соңғы тәулікте көрші елдегі 84 өңірде 8 894 адам коронавирус жұқтырды. 150 адам көз жұмған.

Барлығы Ресейде 326 448 адамда COVID-19 расталған. 3 249 адам қайтыс болған.

Қазақстанда барлығы 7 597 адам індетке шалдықты, 4 096-сы жазылып шықты. 35 науқас көз жұмды.

186