Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин

ЕАЭО интеграцияның жоғарырақ деңгейіне шығуға дайын Мишустин

213
(Жаңартылды 08:18 24.04.2020)
ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері талқылаған мәселелер арасында ортақ газ нарығында баға белгілеу, сондай-ақ халықаралық көлік тасымалдарын ырықтандыру да бар  

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) интеграцияның жоғарырақ деңгейіне шығу үшін пісіп жетілді, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысында.

"Тіпті біз бүгін газ нарығындағы жағдайға сәйкес тариф белгілеу, халықаралық көлік тасымалдарын ырықтандыру мәселелерін талқылап жатқандығымыз біздің ұйымның интеграцияның жоғарырақ деңгейіне шығу үшін пісіп жетілгенін көрсетеді", - деп атап өтті ол.  

Мишустиннің айтуынша, Ресей мен Қырғызстан тиісті халықаралық келісімді дайындау аясында Қазақстанның ЕАЭО ортақ газ нарығында баға және тарифтерді белгілеу тәсілдерін әзірлеу туралы ұсынысын қолдаған.

Ол "конструктивті сипаттағы және қажетті ымыраға келуге бағытталған ортақ редакция" дайындалғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО премьерлері қандай мәселені талқылады

Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, газ тасымалдау қызметтерінің бағасы мен тарифін белгілеу тәсілдерін талқылаумен қатар, қатысушылар халықаралық автомобиль тасымалдарын кезең-кезеңмен ырықтандыруды, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуына атаулы көмек көрсетудің икемді тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты кеңейтуді қарастырды.

Үкіметаралық отырыс бейнеконференция форматында өтті. Оған Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Ресей – Михаил Мишустин, Беларусь – Сергей Румас, Қырғызстан – Мұхаммедқали Әбілғазиев, Армения – Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.  

213
Кілт сөздер:
Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді
Қазақстан президенті ОПЕК+ келісіміне қатысты пікір білдірді
ЕАЭО мамырда 2025 жылға дейінгі даму жоспарын жариялайды
Бірлескен мәлімдеме жасалады - Тоқаев коронавируспен күрес туралы айтты
Тоқаев телевизиялық үндеу жариялайды
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

128
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

128
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео
Аурухана, архивтегі сурет

Көрші елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

186
Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9%-тен 3,5 процентке дейін төмендегені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өткізді. 

"Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ресейде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келеді", - деді ол.

Ол Мәскеу мен бірқатар өңірде күн сайын вирус жұқтыратындар саны азайғанын айтты.

"Әзірге бұл динамика біз күткендегідей емес. Осыдан бір апта бұрын Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9% болатын. Бұл көрсеткішке 3,5 процентке дейін төмендеді", - деді ол. 

Соңғы тәулікте көрші елдегі 84 өңірде 8 894 адам коронавирус жұқтырды. 150 адам көз жұмған.

Барлығы Ресейде 326 448 адамда COVID-19 расталған. 3 249 адам қайтыс болған.

Қазақстанда барлығы 7 597 адам індетке шалдықты, 4 096-сы жазылып шықты. 35 науқас көз жұмды.

186