Әлем

Тұрмысы төмен ресейлік отбасылар балаға бірнеше жәрдемақы алады 

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото детей за обедом в детсаду
Архивное фото детей за обедом в детсаду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жәрдемақыны мүмкіндігінше осы жылдың маусым айынан бастап төлеу тапсырылды. Оны рәсімдеу үшін электронды өтініш беру жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап Ресейде жаңа норма күшіне енеді – енді үштен жеті жасқа дейінгі балалары бар кейбір күнкөрісі төмен отбасыларға бөлек төлем жасалады, деп хабарлады РИА Новости.

Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар үш жастан жеті жасқа дейінгі балалары үшін жәрдемақы алады. Төлемдер 1 шілдеден бастап берілуі тиіс, бірақ Ресей президенті Владимир Путин отбасылар бұл ақшаны бір ай бұрын алуы үшін ұйымдастыру шараларын жеделдетуді тапсырды.

Төлем бірден бір жылға белгіленеді, оның мөлшері бір балаға аймақтық ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысына тең – бұл Ресейде орташа алғанда 5,5 мың рубль. Қаражатты  электронды өтінім беру арқылы алуға болады – құжаттарды жинаумен әлеуметтік қорғау органдарының өздері айналысады, деп атап өтті еңбек министрлігі.

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы: Тоқаев заңға қол қойды

Отбасы төлемді 1 маусымнан бастап алатынына қарамастан, ол осы жылдың қаңтар айынан бастап есептеледі. Министрлік егер 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша отбасында үш жастан жеті жасқа дейінгі бала болса, онда 2020 жылдың алғашқы бес айына да ақша алады деп түсіндірді.    

Егер бала үш жасқа қаңтар мен маусым аралығында толса, отбасы 2020 жылы бала үш жасқа толған сәттен бастап төлем тағайындалғанға дейінгі уақытқа қосымша төлем алады.

Жаңа жәрдемақыны барлығы 2 миллион отбасы ала алады. Қанша өтініш түскенін министрлік нақтыламады.

Сондай-ақ, үш жастан 16 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 10 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы төлем беріледі.

Үш жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан төленеді. Төлемді бірінші болып 10 миллион отбасы алады, деп хабарлады Ресейдің зейнетақы қоры. Қаражат 22 мамырға дейін түскен өтініш бойынша 15 миллион балаға беріледі.

Жаңалықтар
0