Әлем

Мәскеу мен Вашингтонның терроризмге қарсы бірлескен күресіне қауіп төнді ме?

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуСитуация в Сирии
Ситуация в Сирии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ конгресінде отырған республикашылдар Ресейді терроризмге қолдау жасайды деп айыптады. Конгресмендер "Талибан"*, "Ислам мемлекеті"* мен "Хезболланы" қаржыландырады деген желеумен санкцияларды күшейтуді ұсынды

Дональд Трамп осы бастаманы қолдаса, Мәскеу мен Вашингтонның лаңкестікке қарсы бірлескен күресі бәсеңдеп қалуы әбден мүмкін, деп жазады РИА Новости. 

Конгресте таныстырылған баяндамаға сәйкес, Ресей терроризмді қаржыландырып келеді, бірақ бірлескен күресте әріптестің образын жасап отыр.

Президент США Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Иранға жаңа санкция салатынын айтты
"Ауғанстандағы америкалық әскерилердің қолбасшысы Мәскеуді тәлібтерге қару-жарақ жеткізгені үшін айыптады. Ал Сириядағы соғыста Ресей "Хезболла" мен Ислам революциясы қарауылдарының корпусымен бірлесіп жұмыс істеген. Сирияда ресейлік сарбаздар, көбінесе, Американың қолдауына ие болған көтерілісшілерге қарсы соғысты. 2015 жылы Ресей көтерілісшілерге әуеден соққы жасап, "Ислам мемлекетіне"* көмектескен", - дейді баяндама авторлары.

Осы құжатты республикашылдар фракциясы дайындаған. Олар АҚШ-қа қауіп төндіріп тұрған мемлекеттердің қатарына алдымен Қытайды қосты, екінші орында – Ресей. Бірақ Бейжің ұзақ мерзімді қауіп-қатерлердің санатына жатса, Мәскеу дәл қазір кедергі келтіріп отырған көрінеді. Осыған байланысты конгресмендер арнайы заңмен Ресей Федерациясына қарсы бірқатар экономикалық шектеуді енгізу керек деп санайды. Атап айтқанда, қос мақсаттағы тауарларға санкция салынуы қажет. Бұдан бөлек, террористік ұйымдарды қолдайтын тұлғалардың дипломатиялық иммунитетін алып тастауға қатысты ұсыныс бар.

"Ал лаңкестердің қолынан зардап шеккендердің отбасылары америкалық соттарға шағым түсіруге құқылы болуы қажет. Экономикалық көмек беруге және қару-жарақты сатуға тыйым салған жөн", - деп атап көрсетті республикашылдар. Негізгі қорытынды мынадай - Ресей АҚШ-тың Сирия, Ливия, Венесуэла мен Черногориядағы мүддесіне қауіп төндіріп отыр.

Негізі, ондай шаралар алдымен Мәскеу мен Вашингтоның терроризмге қарсы бірлескен күресіне қауіп төндіреді. Мемлекетаралық қарым-қатынаста қиындықтар болса да, лаңкестікке қарсы күресте нақты нәтиже аз емес.

Жақында Ресей президенті өткен жылдың соңында болған жағдай туралы айтып берді. Ол кезде АҚШ-тың арнайы қызметі федералды қауіпсіздік қызметіне Санкт-Петербор қаласына келген "Ислам мемлекетінің"* сарбаздары туралы хабар берген.

"Америкалықтар осы жағдайды жіті бақылауда ұстады. Одан кейін Мәскеуге хабар берді. Террористер ұсталды. Мен Дональд Трапқа қоңырау шалып, шұғыл ақпарат бергені үшін алғыс айтқанмын", - дейді Путин.

АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздіктер  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
АҚШ-тағы наразылық кезінде қазақстандықтың көз жұмғаны рас па – министрлік жауабы
Ресей де АҚШ-қа бірнеше рет көмектесті. НАТО-ның Ауғанстандағы терроризмге қарсы кампаниясы кезінде Ульяновск арқылы Кабулға әскери емес жүктердің жартысы жеткізілді. Америкалықтар осы маршрутты 2015 жылға дейін пайдаланды. Таяу Шығыста АҚШ пен Ресей алдымен "Әл-Каидаға"*, одан кейін "Ислам мемлекетіне"* қарсы күрес шараларын үйлестіріп отырды.

2013 жылы ресейлік құқық қорғаушылар федералды тергеу бюросына ағайынды Царнаевтарды бақылауға алуға кеңес берді. Алайда әріптестері ол ақпаратқа құлақ аспады. Соның салдарынан Бостондағы марафонда жарылыс болып, үш адам қаза болды.

Сочи Олимпиадасы қарсаңында Мәскеу мен Вашингтон күдікті адамдарға қатысты ақпаратпен бөлісіп тұрған. Ынтымақтастық байланыстары әлі күнге дейін үзілген жоқ. Алайда республикашылдардың бастамасы осы саладағы әріптестікке қауіп төндіріп тұр.

Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бағдарламалық директоры Иван Тимофеевтың ойынша, республикашылдар Мәскеуге санкция салу мәселесін жайдан-жай көтеріп отырған жоқ. Бүгінде Америкада нәсілшілдікке қатысты наразылық күшейіп кетті. Сайлаудың алдында қоғам екіге бөлінді.

"Республикашылдар халықты біріктіретін мәселені іздеп жатыр. Ал ресейлік, қытайлық немесе ирандық қауіп-қатерге келгенде республикашылдар мен демократтар арасында консенсус табылады", - дейді Тимофеев.

Негізі, өткен жылдың соңында басқа бір заң жобасымен Ресейді терроризмге қолдау жасайтындардың қатарына қосу туралы ұсыныс болған. Сол кезде санкциялар пакетін "DASKA" деп атады. Бірақ ол бастама өтпей қалған.

*Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар

Жаңалықтар
0