Әлем

Путин мұрагерді іздеудің орнына жұмыс істеуге шақырды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел видеоконференцию с представителями пострадавших от пандемии отраслей экономики
Президент РФ В. Путин провел видеоконференцию с представителями пострадавших от пандемии отраслей экономики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "Россия 1" телеарнасының эфирінде мұрагерлерді іздеудің орнына жұмыс істеу керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Конституцияға түзету енгізу мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді мақұлдау бойынша дауыс беру 2020 жылдың 1 шілдесінде өтеді. Бұл түзету Путинге жаңа мерзімге сайлауға түсуге мүмкіндік береді. 

"Жағдай ғана емес, ел де өзгерді": Путин Ресейдің саяси жүйесі туралы айтты  

"Білесіз бе, қазір мен ашық айтамын: егер олай болмаса, екі жылдан кейін биліктің көптеген деңгейінде қалыпты, ырғақты жұмыс істеудің орнына мүмкін мұрагерлерді іздеу басталады, мұны өз тәжірибемнен білемін", - деді Путин "Россия 1" эфирінде.  

Ол бұл ел дамуының негізгі міндеттерін шешуге кедергі келтіретінін атап өтті.

"Мұрагерлерді іздегенше, жұмыс істеу керек", - деп атап өтті Ресей президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Путин Ресейдің саяси жүйесі және өзінің 2024 жылғы сайлауға қатысу мүмкіндігі туралы айтқан болатын.  

Жаңалықтар
0