Қазақстан азаматының төлқұжаты

Ресейдегі қазақстандықтар 15 қыркүйекке дейін тіркеуден босатылды

142
Ресейде тіркеу мерзімі аяқталып жатқан Қазақстан азаматтарына 15 қыркүйекке дейін айыппұл салынбайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылады, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі.

Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне байланысты шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы жарлыққа қол қойды. 

"15 наурыз-15 қыркүйек аралығында тіркеу мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтарына айыппұл салынбайды, депортацияланбайды", - деп жазылған елшіліктің сайтында.

15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін қазақстандықтар тіркеуден өтетін болады.

Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болады.

142
Флешмоб

Россотрудничество биыл қандай реформаларды іске асырмақ?

23
Атауын өзгерту, ТМД елдері студенттері үшін квота санын көбейту, танымал әртістермен жұмыс – бұл агенттіктің жаңа стратегиясының бір бөлігі ғана

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik, Данара Құрманова. "Россотрудничество" агенттігінің жетекшісі болып мемлекеттік дума депутаты, тележурналист Евгений Примаковтың тағайындалғаны осы жылдың маусым айының аяғында белгілі болған еді. Қызметіне кіріскен сәтте-ақ, Примаков мекемеде үлкен өзгерістер болатынын уәде еткен-ді. Бірақ жай-жапсарын 11 тамызда өткен онлайн-дәріс кезінде ғана айтты.

Sputnik агенттіктің жаңа бағдарламасының ең маңызды тұстарын ұсынады.

"Жұмсақ күшке жол жоқ"

Ең алдымен, "Россотрудничество" жаңа басшысы агенттік серіктестерінен "жұмсақ күш" терминінен бас тартуды сұрады. Бұған түбегейлі қарсы екенін жеткізген ол:

"Әуелден бастап  Россотрудничество агенттігін құрудағы мақсат – күш қолдану емес, халықаралық жайлылық пен тыныштықты қамтамасыз ету. Ұйым мәдениетке және білімге бағытталған бағдарламалар арқылы Ресейдің және серіктес мемлекеттердің дамуына алғышарт жасауға мүдделі", - деді.

Сондай-ақ, Примаковтың сөзінше, Россотрудничество алдағы уақытта гуманитарлық араласу идеясынан бас тартады.

"Бұл ескі тұжырым, - деп түсіндірді ол. – Біз гуманитарлық араласу идеясынан гумантиралық ықпал етуге көшетін боламыз. Бұл өз кезегінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі".

Жаңа тұжырымдаманың нақты мысалы ретінде Бейруттегі трагедияны келтірді. Агенттік алғаш рет зардап шеккендерге дәрігерлер жіберуге қатысты. Примаков бұл акцияның символдық мәні бар екенін, дәл осындай акциялар шетелдің Ресейге достық ниетпен қарауына әсер ететінін айтты.

Нон-стоп режиміндегі жұмыс

Евгений Примаков ашық дәрісін өткізбес бұрын 1 ай бойы Россотрудничество жұмысын зерттеп, нәтижесінде агенттікті реформалауды орыс клубтарынан бастаған жөн деген қорытындыға келген.

"Олар іс-шаралар кезінде ғана емес, үнемі жұмыс істеуі керек. Яғни, қатысушылар кез келген уақытта кездесіп, бір-бірімен араласып, болмаса кітап оқи алатындай болуы қажет. Бұл шетелдегі орталықтар Ресеймен қарым-қатынаста болғысы келетін адамдар үшін жасалып отырған жоқ па?".

Примаковтың пікірінше, әрбір клубтың жұмысы тек жастарға ғана емес, ересек адамадарға да лайықталып ұйымдастырылуы керек.

"Бізге тек шәй ішумен ғана шектелетін іс-шаралар қажет емес", - деген Евгений Примаков агенттік қызметкерлерін "Орыс музыкасы күні", "Орыс тұшпарасы күні" іспетті идеялардан аулақ болуға шақырды.

Евгений Примаков младший
© Sputnik / Илья Питалев
Евгений Примаков

Бірақ, орыс клубтарының жұмыс режимін өзгертуде бір түйткіл бар. Көптеген орыс орталығы РФ елшіліктерінің ғимаратында орналасқан. Кіріп-шыққанда қиындық туындайды.

"Сондықтан жұмысты жаңа жүйені енгізуге мүмкіндігі бар орталықтардан бастайтын боламыз",  - деді Примаков.

Танымал адамдар тартылады

Россотрудничество агенттігіне тыңғылықты продюсерлік жұмыс қажет. Агенттіктің негізгі аудиториясы – жастар, ал жастарды заманауи музыка, кітаптар, фильмдер, сериалдар сияқты поп-мәдениет салалары қызықтырады.  Осылайша, болашақ студенттер орыс мәдениетіне қызығушылық танытуы мүмкін, деп есептейді Евгений Примаков.

"Шекспир шығармаларының түпнұсқасын оқу үшін ағылшын тілін үйрене бастағандар аз, бірақ мұндай адамдар бар, - деді агенттік жетекшісі. – Қазіргі  жастар үшін тіл – әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктің қайнар көзі".

Осыған байланысты, Россотрудничество шетелдегі іс-шараларға танымал әртістерді шақыру керек, деді Примаков.

"Шағын ғана өнер ұйымдарынан бөлек, үнемі ел аузында жүретін әртістерді тарту керек", - деді ол.

Жаңа атау

"Россотрудничество" деген атау да заманауи емес, орыс тілін еркін меңгермеген адам үшін түсініксіздеу. Сондықтан агенттікке ребрендинг қажет. Әрі мекеменің ғана емес, ресейлік ғылым және өнер орталықтарының (РЦНК) да атауын өзгерту керек.

"РЦНК – "Россотрудничество" сияқты өте ауыр аббревиатура. Шетелдіктер үшін бұл өте қиын сөз", - дейді Примаков.

Мекеме "ТМД, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық әріптестік істері бойынша федералдық агенттік" деген ресми атауын сақтап қалады. Тек сыртқы брендын ғана орыстілді емес аудитория үшін өзгерту керек. Агенттіктің атауын өзгерту қажетсіз шығындарға алып келеді. Ал, бұл қаржыны басқа пайдалы дүниеге жұмсауға болады, деп есептейді Примаков.

Қорыта айтқанда, Примаков стратегиясының басты факторы ұтымдылық пен экономия секілді. Ол жаңа аббревиатураны әзірлеу үшін бренд-менеджерлерді жалдауды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына ашық конкурс өткізбек. Сөйтіп, Россотрудничество арқылы ресейлік университеттерге оқуға түскен студенттер агенттіктің жаңа атауын ойлап табады.

ТМД аумағындағы жұмыс

Дәріс соңында Евгений Примаков "Россотрудничество" жаңа жобалармен айналысса да, ресейлік білімді алға ілгерілетуге үлес қосатынына сендірді.

"РФ президентінің жарлығына сәйкес, алдағы бірнеше жылда шетелдік студенттерді тегін оқыту квотасы 2 есе көбейеді. Қазір олардың жалпы саны 15 мыңды құрайды", - деді ол.

Сонымен бірге, агенттік Ресей және орыс тілімен байланысты білім беру жобаларын қолдауға ұмтылып отыр. Ол ірі университеттің немесе шағын ғана балабақшаның жобасы болуы мүмкін.

Бұдан бөлек,  Россотрудничество аналитикаға көбірек көңіл бөлмек. Бұл жастардың қызығушылығын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұл үшін агенттік өз сайтын түбегейлі өзгертпек.

23
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

40
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

40
Зертхана қызметкері

Соңғы тәулікте 476 адамның індетке шалдыққаны расталды

0
(Жаңартылды 08:37 14.08.2020)
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жетсе, 78 633 науқас аталған дерттен айығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 66 / 8
  • Алматы қаласы - 40 / 9
  • Шымкент қаласы - 3 / 3
  • Ақмола облысы - 21 / 11
  • Ақтөбе облысы - 9 / 5
  • Алматы облысы - 18 / 10
  • Атырау облысы - 15 / 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 30
  • Жамбыл облысы - 16 / 10
  • Батыс Қазақстан облысы - 32 / 19
  • Қарағанды облысы - 44 / 18
  • Қостанай облысы - 27 / 6
  • Қызылорда облысы - 8 / 5
  • Маңғыстау облысы - 13 / 13
  • Павлодар облысы - 11 / 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 30 / 6
  • Түркістан облысы - 26 / 19.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус дертімен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жеткен. Ал өткен тәулікте республика бойынша 1 877 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 113
  • Алматы қаласы - 641
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 66
  • Ақтөбе облысы - 9
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 543
  • Шығыс Қазақстан облысы - 68
  • Жамбыл облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 12
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 11
  • Қызылорда облысы - 252
  • Маңғыстау облысы - 23
  • Павлодар облысы - 21
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 22
  • Түркістан облысы - 13.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 78 633.

0
Кілт сөздер:
емделу, індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады