Әлем

Ресей COVID-19 індетімен күресте ТМД елдеріне қалай көмектесті

© Photo : МИД КазахстанаСамолет МЧС России доставил гуманитарную помощь
Самолет МЧС России доставил гуманитарную помощь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың ақпан айынан бері Ресей 32 мемлекетке COVID-19 індетімен күресуге көмектесті. Гуманитарлық жүктердің жартысынан көбі ТМД, Абхазия мен Оңтүстік Осетияға жіберілді. Жалпы, Ресей қолдау көрсетуде тек медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектермен ғана шектелмеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik, Данара Құрманова. Пандемия кезінде Ресей көрші елдерге нақты қалай көмектесті? Sputnik Ресейдегі гуманитарлық іс-шараларға қатысты арнайы шолуды назарларыңызға ұсынады.

Бәрін қамтуға тырысты

Шетелге гуманитарлық көмектің алғашқы партиялары ақпан айында ұйымдастырылды – содан кейін Ресей коронавирусты диагностикалау үшін тест жүйелерін жібере бастады. Бұл туралы Роспотребнадзор Sputnik-ке хабарлады.

"Вектор" орталығының ғалымдары 19 қаңтарда тест жүйесін жасады. Ал 7 ақпанда Роспотребнадзор басқарған ресейлік мамандардың Қытайға сапары кезінде оның тиімділігі расталды. Осыдан кейін Ресей шетелге жеткізілімдерді бастады және негізгі бағыт ЕАЭО және ТМД елдері болды",– деді ұйымның баспасөз қызметі.

2020 жылдың 14 шілдесіндегі жағдай бойынша Ресей 734 мың коронавирус сынағын шетелге ақысыз көмек ретінде жіберді. Бұл көлемнің 55%-тін немесе 402,7 мың тестті ТМД елдері мен Абхазия және Оңтүстік Осетия алды. Орталық Азия елдеріне – Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанға ең үлкен көлемде тест-жүйелері жіберілді.

Сонымен қатар, Роспотребнадзор Армения мен Беларуське және Тәжікстанға коронавирустың алғашқы жағдайларын анықтаған ресейлік тесттер жіберілгенін атап өтті. Негізінен, сынақ өткізіп, нәтиже алу үшін химиялық заттар да қажет. Сондықтан Ресей 723 мың зерттеуге реагенттерді шетелге жөнеткен. Оның 440 мыңнан астамы сол ТМД елдері мен Абхазия және Оңтүстік Осетияға жіберілді.

Бұл жай сынақ емес

Көрші елдерге гуманитарлық көмек ретінде Ресей мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін жабдықтауға 23 байланыссыз термометр берді, деп хабарлайды Роспотребнадзордың баспасөз қызметі. Он құрылғы Қырғызстанға, 7-і Арменияға, 6-ы Тәжікстанға жеткізілді.

© SputnikРесей коронавируспен күресте көрші мемлекеттерге қалай көмектесті
Ресей COVID-19 індетімен күресте ТМД елдеріне қалай көмектесті - Sputnik Қазақстан
Ресей коронавируспен күресте көрші мемлекеттерге қалай көмектесті

Ресей, сонымен қатар, COVID-19 індетімен күресетін дәрігерлерді оқыту шараларына да жіті көңіл бөлді. Роспотребнадзор онлайн-дәрістер ұйымдастырып, соның аясында ресейлік дәрігерлер ТМД елдерінің 300 маманына тәжірибемен бөлісті.

"Алайда, консультациялар тек бейнебайланыс форматында ғана өткен жоқ", – деп нақтылады ұйымның баспасөз қызметі.

Ресейлік мамандар сонымен бірге зардап шеккен елдерге де барған. Мәселен, мамыр айында Ресей Тәжікстан мен Молдовада бағалау миссиясын жүргізіп, вирустың зертханалық диагностикасы бойынша ұсыныстар берді.

Көмекке асығу

Қазіргі уақытта Ресей дәрігерлерінің барлық тобы пандемиямен күресу үшін серіктес мемлекеттерде, ТМД-ның бірқатар елінде жұмыс істейді. Шілде айында ресейлік эпидемиологтар мен вирусологтар Қазақстан мен Қырғызстанға аттанды, деп хабарлады Роспотребнадзор.

Атап айтқанда, Қазақстанда 55 ресейлік дәрігер жұмыс істейді. Елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап, карантин режимі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, Ресей Қазақстанға қосымша гуманитарлық жүк жіберді. Қазақстандық "СК-Фармация" дәрі-дәрмек дистрибьюторының мәліметі бойынша, оның құрамына 2 790 қорғаныс киімі мен 22 000-ға жуық маска және 236 пакет "Фавипиравир" кіреді.

Шілде айының аяғында Ресей осы препараттың тағы 700 мың таблеткасын жібереді. 

Оқи отырыңыз: Коронавируспен күрес: Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетпек

Бүгінгі таңда Закавказьеде ресейлік дәрігерлер тобы жұмыс істейді. Армения денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 50 дәрігер коронавируспен күресте армян ауруханаларына көмек көрсету бастамасын қолдаған. Ал 12 шілдеде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Әзербайжанға Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік университетінің дәрігерлер тобын аттандырды. Олармен бірге Мәскеу, Одинцово және Норильск клиникаларында жұмыс істеген 17 ерікті дәрігер Бакуге ұшып кетті.

Сербиядан Лаосқа дейін

Алайда, Ресейдің көмегі тек ТМД-мен ғана шектеліп қалған жоқ. Sputnik Роспотребнадзордан анықтағандай, пандемия кезінде Ресей 32 елге өтеусіз көмек көрсеткен.

Ресейдің гуманитарлық миссиясының географиясы да кең. Гвинея, Непал, Коста-Рика, Никарагуа, Палестина, Ауғанстан, Куба, Лаос, Доминика, Ливан, Сербия, Венесуэла, Египет – бұл Ресейден ПТР-тесттерін тегін алған елдердің тізімі және ол толық емес.

© SputnikТМД-ның қай елдері коронавирусқа қарсы күресте Ресейден көмек алды
Ресей COVID-19 індетімен күресте ТМД елдеріне қалай көмектесті - Sputnik Қазақстан
ТМД-ның қай елдері коронавирусқа қарсы күресте Ресейден көмек алды

Ал Вьетнамда бірлескен орыс-вьетнам ғылыми-зерттеу орталығы коронавирусты зерттеп жатыр. Оның негізінде ресейлік мамандар COVID-19 патогенді 2 мыңнан астам зерттеу жүргізді.

Ресей сыртқы істер министрлігі де вируспен күресте айтарлықтай үлес қосты. Министрлік сайтында хабарланғандай, Ресей Джибутиге медициналық кешендер құру үшін шатырлар мен компоненттер жіберген. Ал Камбоджаға Ресейден гуманитарлық акция аясында "Циклоферона" препаратының мың қорабы жеткізілген.

Экспорт көлемі өсуде

Гуманитарлық көмек жеткізумен қатар экспорт көлемі де артып келеді. Бүгінде ақылы негізде Ресейдің тест-жүйелері Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркия, сондай-ақ Грузия мен Украинаға жеткізіледі, деп хабарлады Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі.

Австрия, Бангладеш, Болгария, Бразилия, Венгрия, Германия, Үндістан, Италия және БАӘ-мен қатар, ТМД елдеріне де тест-жүйелерін жеткізу белсенді дамуда.

Оқи отырыңыз: "Достықтың айғағы": Қазақстанға Қытайдан гуманитарлық көмек жеткізілді

"Барлығы 20 мыңнан астам жиынтық экспортталды. Қазіргі кезде Алжир, Ауғанстан, Венесуэла, Малайзия, Марокко, Сербия және Пәкістанға жеткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Ресейдің жасанды тыныс алдыру құрылғыларын экспорттау көлемі де сәтті іске асырылуда. 600-ден астам аппарат Өзбекстан, Беларусь, Сербия мен Италияға жіберілді", – деп мәлімдеді Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров Федерация кеңесінде сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, Ресей АҚШ-пен температураны өлшейтін терминалдарды сату мәселесін талқылауда.

Жаңалықтар
0