Нұр-Сұлтанға ресейліктер 5 мың бетперде жіберді

Астаналық студенттерге ресейліктер 5 мың бетперде жіберді

48
Акция "Добро-Соседство" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Елордадан бөлек, өзге өңірлерге де көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Уфа қаласындағы "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығы Гумилев атындағы ұлттық университет студенттеріне бес мың бетперде жіберді. 

Акция ұйымдастырушылары Қазақстандағы қиын жағдай кезінде шет қалмау үшін "Добро-Соседство" шарасы жүзеге асырылғанын атап өтті.

"Шілде айында Ресейдің азаматтық сектор өкілдері Қазақстанға барлығы 100 мың бетперде, 20 мың қолғап, тонометр, термометр және антисептик жібереді. Жүктің жалпы құны - 1,5 миллион рубль (9 млн теңге)", - деді ұйым өкілдері.

Гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы Уфадан Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларына жеткізілді.

Гуманитарная помощь в ЕНУ
© Sputnik / Владислав Воднев
Астаналық студенттерге ресейліктер 5 мың бетперде жіберді

Акцияға Мәскеу, Екатеринбург, Уфа, Саратов, Астрахань, Новосібір, Орынбор және Қазан қалалары қатысуда.

Көмек Петропавл, Көкшетау, Орал, Атырау және Алматы қалаларына да жеткізіледі.

48
Кілт сөздер:
ресейлік, бетперде, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1340)
Архивтегі фото

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облысында құс тұмауының ошағы табылды

1481
(Жаңартылды 17:01 03.08.2020)
Көл жағасынан табылған жабайы үйрек пен қаздардың өлексесінен H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан шекарасымен шектесетін Ресейдің Челябі облысында құс тұмауының ошағы тіркелді. Жақын маңдағы елді мекендер аумағында карантин енгізілді. Бұл туралы Россельхознадзордың өңірдегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Басқарманың мәліметінше, Увельский ауданының Песчаное және Табынша көлдерінің жағасынан табылған құстардың (жабайы үйрек және төрт үй қаз) өлексесі зерттелді. Барлық сынамадан H5N8 үлгісіндегі құс тұмауы вирусының материалы анықталды. Осыған байланысты елді мекендерде құстарды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр   

"Облыста құс тұмауының ошағы тіркелді. Осы көлдерге жақын орналасқан қолайсыз елді мекендердің аумағында карантин орнатылды, аймаққа қауіп төндіретін індет ошақтары анықталды. Қолайсыз аймақтарда құс тұмауымен күрес ережелеріне сәйкес шаралар қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.  

Россельхознадзор басқармасы мен облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария басқармасы қауіпті ауру тарап кетпеу үшін барлық шараны қолдануда.

 

1481
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Ғалымдар коронавирус қандай суда өлетінін анықтады
Қытайда тағы бір қауіпті вирус табылды
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Зертхана, архивтегі фото

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау қазан айында басталады

210
Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Қазір бұл препаратты тіркеу үшін құжаттар пакеті дайындалып жатыр, деп хабарлады РИА Новости.

Мурашко тіркеу куәлігі алынғаннан кейін вакциналар қолданыла бастайтынын атап өтті. Бірінші кезекте арнайы топтар – дәрігерлер мен мұғалімдерге егіледі.

Министрдің айтуынша, билік жаппай вакциналауды қазан айынан бастауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты   

Гамалея атындағы орталық қорғаныс министрлігімен бірлесіп Н.Н.Бурденко атындағы әскери госпиталь базасында вакцинаны клиникалық сынақтан өткізді. 20 шілдеде ол жерден 20 еріктіден тұратын екінші топ шығарылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, анализ нәтижелері еріктілердің бәрінде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болғанын көрсеткен. Ешқандай жанама әсері, асқыну немесе ұнамсыз реакция болмаған, ешбірі денсаулығына қатысты шағым түсірмеген.

COVID-19 коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге таралды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, 17,1 миллион адам вирус жұқтырған, олардың 668 мыңы қайтыс болды.    

210
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1340)
Тақырып бойынша
Ресей Қазақстанда зауыт салуға 1 миллиард доллар инвестициялайды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

0
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

0
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды