Әлем

Мектептен ғылымға: алдағы 10 жылда ТМД-ны қандай озық бағдарлама күтіп тұр?

© Photo : предоставлены Посольством Республики Казахстан в РФВ Московском государственном лингвистическом университете уже 15 лет работает Центр казахского языка и культуры
В Московском государственном лингвистическом университете уже 15 лет работает Центр казахского языка и культуры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі балаларды ғылыми жобаларға тартып қана қоймай, оларға ғылымды ұйымдастыруды үйрету керек, деп есептейді Достастыққа мүше мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастық мемлекетаралық бағдарламасының басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы комиссияның отырысы өтті. COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты шара жартылай онлайн режимінде ұйымдастырылды – Беларусь, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері бейнеконференция режимінде сөз сөйледі.   

2020 жылы Өзбекстан Достастық төрағасы болғандықтан, отырысты республиканың уәкілетті өкілі Шохрух Гуламов жүргізді. Комиссия мүшелері ТМД-дағы 2021 - 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады.

Дегенмен онлайн-кездесуде басты назар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі кезеңдегі инновациялық ынтымақтастық мемлекетаралық бағдарламасына аударылды. Жоба 2020 жылға дейінгі мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасының жалғасы болды. Өткен жылдың соңынан бастап "Сколково"қорының қолдауымен кеңесшілер тобы оны жақсарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Россотрудничество басшысының орынбасары Михаил Брюханов.

"Әзірлеушілер тобының құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның ғылыми және инновациялық қызметі саласындағы сарапшылар кірді", - деді ол.  

Жобаны мақұлдау кезінде Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия мүшелері оған ең жоғары рейтинг берді. Бұл ТМД-ға мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық ынтымақтастығын одан да тиімді және айқын етеді. Атап айтқанда, бұл ТМД-дағы шағын және орта инновациялық кәсіпорындармен жұмыстың өзгергенін білдіреді, деп атап өтті халықаралық әзірлеушілер тобының жетекшісі Сергей Маленко.

"Біз олардың ірі компаниялармен бір тізбекте болуын қамтамасыз етуіміз керек, – деп мәлімдеді ол. – Сондай-ақ ғалымдарды шағын кәсіпорындар жұмысына ерте кезеңде тартуымыз қажет".

Маленконың пікірінше, ғалымдарды ынталандыру үшін ТМД елдерінде ғылыми зерттеулерге арналған техникалық конкурстар мен гранттар санын көбейту керек. Бұл әр түрлі елдердің өнеркәсіптік компанияларының өкілдеріне едәуір тығыз ынтымақтастық орнатуға көмектеседі.

"Негізгі мақсат – өнеркәсіп пен ғылым саласында бірыңғай жұмыс алаңын құру. Бірақ оны қалыптастыру үшін үздіксіз білім беруді дамыту қажет", – деп атап өтті Сергей Маленко Sputnikке. – Кейбір бағыттар бойынша жұмыс мектеп табалдырығынан басталуы тиіс және ғылымды игеріп қана қоймай, сонымен бірге экономиканың, ғылымды ұйымдастырудың негіздерін қалау керек, өйткені дұрыс ұйымдастыру қызметінсіз ешқандай жоба барынша тиімді болмайды".

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығы мемлекетаралық бағдарламасының жобасы Экономикалық кеңестің 2020 жылдың 30 сәуіріндегі отырысында қаралды. Ол келісіліп жатыр.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - инновация мен ғылым саласындағы ұлттық мүмкіндіктерді біріктіретін мемлекетаралық кеңістік құру. Бағдарлама келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • авиациялық-ғарыштық және көлік жүйелері,
  • ақпараттық қауіпсіздік,
  • геномдық технологиялар,
  • наножүйе өнеркәсібі,
  • медицина және денсаулық сақтау,
  • өндіріс және өнеркәсіп,
  • табиғатты пайдалану,
  • әлеуметтік инфрақұрылым,
  • энергетика.
Жаңалықтар
0