Жалпы отырыс

Ресей "Үлкен жетілік" саммитіне қатыса ма

333
Вашингтон мен Берлин "Үлкен жетіліктің" кезекті саммитіне Мәскеуді шақыру қажет пе, жоқ па деген сауал төңірегінде дауласуда

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Дональд Трамп кездесуде Владимир Путинді көруге қарсы емес, бірақ ГФР СІМ басшысы Хайко Маас Украина проблемасына байланысты ресейлік лидермен келіссөз үстеліне отыру  мүмкін емес дүние екенін айтады. Ал Кремль G7 жиынына қатысуды қаламайтынын, одан да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі –  "ядролық бестіктің" кездесуіне баруды жөн көретінін мәлімдеді. РИА Новости алдағы уақытта осы сценарийлердің қайсысы орындалуы мүмкін екенін топшылап көрді.

"Қауіпсіздік тауар емес"

Биыл Германия мен АҚШ дипломатиялық қарым-қатынасының 65 жылдығын атап өтеді. Вашингтон мен Берлин одағы еуроатлантикалық қауіпсіздіктің кепілі саналады. Алайда мерейтой бұзылуы мүмкін.

Жаздың басында АҚШ президенті шынымен де Германиядан 9,5 мың әскерін шығаруға дайындалып жатқаны мәлім болды. Басты себеп — неміс билігінің Солтүстікатлантика альянсына бөлінетін шығыстарды ұлғайтпауы. Берлиннің америкалық тауарларға бажды төмендетуден бас тартып отырғаны да Ақ үйге ұнамайды.

"Трамп НАТО-ны сауда ұйымымен шатастырады. Қауіпсіздік – тауар емес,  ол қос тараптың өзара ымырасы",- деп қарсылық білдірді Германия қорғаныс минисрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр америкалық лидерге. Бірақ, бәрі босқа.

"Егер немістер біздің қорғауымызда болғысы келсе, қарызынан құтылып, НАТО бюджетіне жарнаны ұлғайтсын", - деді Американың Берлиндегі бұрынғы елшісі Ричард Гренелл. Трамп оны қостады.

Тағы оқыңыз: Еуропаны газбен қамтуда басымдыққа ие баламалар қандай?

Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі турасында да ымыра жоқ. Америкалықтар "Северный поток — 2" және "Турецкий поток" еуропалықтардың Ресей газына тәуелділігін күшейтіп, саяси тәуекелдер тудыратынын айтып жатыр.

Германия мұнымен келіспейді, оларға Вашингонттың араласқаны ұнамайды. Америкалықтар болса, Ресейдің энергетикалық жобаларына қатысатын еуропалықтарға қарсы жаңа санкциялар енгізіп, өз дегенінен қайтпауда.

Қытайға қарсы альянс

Берлин мен Вашингтон Мәскеуге қатысты ортақ мәмілеге келген сыңайлы: Қырымның Ресейге қосылуын мойындамау, Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалда Киевті қолдау. Бірақ басқа проблемалар бойынша екі елдің ұстанымы әртүрлі.

Өткен аптада мемлекеттік департамент Қытайға қарсы альянс құру жоспары жайлы мәлімдеді. Майк Помпео, тіпті, бұған Мәскеуді тартуды ұсынды.  

Сол арада президент Трамп қыркүйекте өтетін G7 саммитіне Владимир Путинді шақыру идеясын еске түсірді. "Үлкен сегіздікті" қайта қалпына келтіру туралы сөз қозғалмаса да, бұл Қытайға қарсы одақты талқылауға таптырмас мүмкіндік, деп топшылаған сыңайлы Вашингон.

Германияның ойы басқа. Ангела Меркель Қытай шынымен де тек АҚШ үшін ғана емес, Еуропа үшін де "басты сыртқы саяси қатерге" айналып барады деп санайды. ГФР канцлерінің пікірінше, әзірге бірде бір мемлекет ҚХР-ға қарсы тұра алмайды.

"G7-нің антиқытайлық одаққа трансформациялануы Берлин мүддесіне сай келмейді", - деп сенімді мәлімдеді Меркель. Оны пандемия өршіген тұста АҚШ-тағы саммитке бару қаншалықты дұрыс деген сауал мазалап жүр.

Неміс дипломатиясының басшысы Хайко Маас Трамптың саммитке Путинді шақыруына үзілді-кесілді қарсы.

"Қырым мен Украинаның оңтүстік-шығысындағы әскери қақтығыс Ресейдің G8-ден шығуына түрткі болды. Бұл мәселелер өз шешімін таппай, Мәскеуді қайта қосу мүмкіндіктерін көрмей отырмын", - деп мәлімдеді ол.

Десе де, бұл диалог мүмкін емес дегенді білдірмейді, деп толықтырды Маас. Ол Укарина, Сирия мен Ливиядағы қақтығыстарды реттеуде Ресейсіз ілгерілеу мүмкін емес екенін жеткізді.

"Бесеудің саммиті"

Мәскеу бұл пікірталасқа үн қатты. СІМ мен Федерация кеңесі ешқандай да  антиқытайлық бірлестіктерге қатыспайтынын, Қытаймен ынтымақтастық Ресей үшін басымдыққа ие екенін мәлімдеді.

"Жетілік тобы" батыс әлемінің бірлігін көрсету құралына айналды, бірақ жаңа шешімдер қабылдауды доғарды. Ресей кез келген форматтағы диалогқа әрдайым дайын, алайда қатысушылар теңдігі міндетті түрде сақталған жағдайда ғана", - деп атап өтті Федерация кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Константин Косачев.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу "Үлкен жетілікке" оралуды көздемейтінін қадап айтты.

"Ресейді G20 жұмысы қанағаттандырады. Ол қазіргі экономикалық шынайылыққа әлдеқайда жақсы жауап береді",- деп түсіндірді Песков.

Мұны G7 де мойындаған болатын. Владимир Путиннің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері –  бес мемлекеттің саммитін ұйымдастыру бастамасы да біраз қызығушылық туғызды.

"Бесеудің саммитіне" қатысты пікірталас ұзаққа созылған жоқ. АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания Ресейдің ұсынысын қолдап, талқылайтын мәселелер бар екенімен келісті.

"Бесеудің саммиті" болжаммен қыркүйекке жоспарланған. Пандемияға байланысты жиын бейнебайланыс форматында өтуі мүмкін. Қазір саммитте талқыланатын тақырыптар анықталып жатыр.

Берлин мен Вашингтон арасындағы "сөз соғысы"

Джордж Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының маманы Пал Дунай РИА Новостиге берген сұхбатында асығыс пайымдардан сақтандырды. Сарапшы АҚШ пен Германия арасындағы көптеген халықаралық мәселеге қатысты қарама-қайшылықтарды "сөз соғысы" деп атады.

Тағы оқыңыз: Тәлібтер Орталық Азияға қандай қауіп төндіріп тұр?

"Берлин Вашингтонмен жария түрде сөзге келіп қалмауға тырысады. Неміс истеблишменті Трамптың барлық әрекеті сайлау алдындағы науқанмен байланысты екенін түсініп отыр. АҚШ презиенті НАТО одақтастарына қатысты табанды екенін көрсетуге тырысып бағуда. Тіпті, бұл еуроатлантикалық қауіпсіздікке нұқсан келтірсе де. Бірақ, басқа негізгі мәселелер бойынша, "Северный поток — 2", америкалық әскерилердің Германияда болуы, Ресеймен өзара іс-қимыл болсын, ГФР билігі өз позициясын айқын білдіреді", - деп түсіндірді Дунай.

Сарапшылардың пікірінше, ішкі қайта құру мен мақсаттарды пайымдау кезеңі G8 тобын жаңғыртуға қолайлы уақыт емес. Оған қарағанда "бесеудің саммитінің" перспективасы әлдеқайда зор. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері пікірталастарда бір-бірін үнемі тыңдай бермейді. Мемлекет басшыларының жүзбе-жүз кездесуі жағдайды өзгертуі әбден мүмкін.

333
Кілт сөздер:
G7 саммиті, Германия, АҚШ, Ресей
Флешмоб

Россотрудничество биыл қандай реформаларды іске асырмақ?

23
Атауын өзгерту, ТМД елдері студенттері үшін квота санын көбейту, танымал әртістермен жұмыс – бұл агенттіктің жаңа стратегиясының бір бөлігі ғана

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik, Данара Құрманова. "Россотрудничество" агенттігінің жетекшісі болып мемлекеттік дума депутаты, тележурналист Евгений Примаковтың тағайындалғаны осы жылдың маусым айының аяғында белгілі болған еді. Қызметіне кіріскен сәтте-ақ, Примаков мекемеде үлкен өзгерістер болатынын уәде еткен-ді. Бірақ жай-жапсарын 11 тамызда өткен онлайн-дәріс кезінде ғана айтты.

Sputnik агенттіктің жаңа бағдарламасының ең маңызды тұстарын ұсынады.

"Жұмсақ күшке жол жоқ"

Ең алдымен, "Россотрудничество" жаңа басшысы агенттік серіктестерінен "жұмсақ күш" терминінен бас тартуды сұрады. Бұған түбегейлі қарсы екенін жеткізген ол:

"Әуелден бастап  Россотрудничество агенттігін құрудағы мақсат – күш қолдану емес, халықаралық жайлылық пен тыныштықты қамтамасыз ету. Ұйым мәдениетке және білімге бағытталған бағдарламалар арқылы Ресейдің және серіктес мемлекеттердің дамуына алғышарт жасауға мүдделі", - деді.

Сондай-ақ, Примаковтың сөзінше, Россотрудничество алдағы уақытта гуманитарлық араласу идеясынан бас тартады.

"Бұл ескі тұжырым, - деп түсіндірді ол. – Біз гуманитарлық араласу идеясынан гумантиралық ықпал етуге көшетін боламыз. Бұл өз кезегінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі".

Жаңа тұжырымдаманың нақты мысалы ретінде Бейруттегі трагедияны келтірді. Агенттік алғаш рет зардап шеккендерге дәрігерлер жіберуге қатысты. Примаков бұл акцияның символдық мәні бар екенін, дәл осындай акциялар шетелдің Ресейге достық ниетпен қарауына әсер ететінін айтты.

Нон-стоп режиміндегі жұмыс

Евгений Примаков ашық дәрісін өткізбес бұрын 1 ай бойы Россотрудничество жұмысын зерттеп, нәтижесінде агенттікті реформалауды орыс клубтарынан бастаған жөн деген қорытындыға келген.

"Олар іс-шаралар кезінде ғана емес, үнемі жұмыс істеуі керек. Яғни, қатысушылар кез келген уақытта кездесіп, бір-бірімен араласып, болмаса кітап оқи алатындай болуы қажет. Бұл шетелдегі орталықтар Ресеймен қарым-қатынаста болғысы келетін адамдар үшін жасалып отырған жоқ па?".

Примаковтың пікірінше, әрбір клубтың жұмысы тек жастарға ғана емес, ересек адамадарға да лайықталып ұйымдастырылуы керек.

"Бізге тек шәй ішумен ғана шектелетін іс-шаралар қажет емес", - деген Евгений Примаков агенттік қызметкерлерін "Орыс музыкасы күні", "Орыс тұшпарасы күні" іспетті идеялардан аулақ болуға шақырды.

Евгений Примаков младший
© Sputnik / Илья Питалев
Евгений Примаков

Бірақ, орыс клубтарының жұмыс режимін өзгертуде бір түйткіл бар. Көптеген орыс орталығы РФ елшіліктерінің ғимаратында орналасқан. Кіріп-шыққанда қиындық туындайды.

"Сондықтан жұмысты жаңа жүйені енгізуге мүмкіндігі бар орталықтардан бастайтын боламыз",  - деді Примаков.

Танымал адамдар тартылады

Россотрудничество агенттігіне тыңғылықты продюсерлік жұмыс қажет. Агенттіктің негізгі аудиториясы – жастар, ал жастарды заманауи музыка, кітаптар, фильмдер, сериалдар сияқты поп-мәдениет салалары қызықтырады.  Осылайша, болашақ студенттер орыс мәдениетіне қызығушылық танытуы мүмкін, деп есептейді Евгений Примаков.

"Шекспир шығармаларының түпнұсқасын оқу үшін ағылшын тілін үйрене бастағандар аз, бірақ мұндай адамдар бар, - деді агенттік жетекшісі. – Қазіргі  жастар үшін тіл – әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктің қайнар көзі".

Осыған байланысты, Россотрудничество шетелдегі іс-шараларға танымал әртістерді шақыру керек, деді Примаков.

"Шағын ғана өнер ұйымдарынан бөлек, үнемі ел аузында жүретін әртістерді тарту керек", - деді ол.

Жаңа атау

"Россотрудничество" деген атау да заманауи емес, орыс тілін еркін меңгермеген адам үшін түсініксіздеу. Сондықтан агенттікке ребрендинг қажет. Әрі мекеменің ғана емес, ресейлік ғылым және өнер орталықтарының (РЦНК) да атауын өзгерту керек.

"РЦНК – "Россотрудничество" сияқты өте ауыр аббревиатура. Шетелдіктер үшін бұл өте қиын сөз", - дейді Примаков.

Мекеме "ТМД, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық әріптестік істері бойынша федералдық агенттік" деген ресми атауын сақтап қалады. Тек сыртқы брендын ғана орыстілді емес аудитория үшін өзгерту керек. Агенттіктің атауын өзгерту қажетсіз шығындарға алып келеді. Ал, бұл қаржыны басқа пайдалы дүниеге жұмсауға болады, деп есептейді Примаков.

Қорыта айтқанда, Примаков стратегиясының басты факторы ұтымдылық пен экономия секілді. Ол жаңа аббревиатураны әзірлеу үшін бренд-менеджерлерді жалдауды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына ашық конкурс өткізбек. Сөйтіп, Россотрудничество арқылы ресейлік университеттерге оқуға түскен студенттер агенттіктің жаңа атауын ойлап табады.

ТМД аумағындағы жұмыс

Дәріс соңында Евгений Примаков "Россотрудничество" жаңа жобалармен айналысса да, ресейлік білімді алға ілгерілетуге үлес қосатынына сендірді.

"РФ президентінің жарлығына сәйкес, алдағы бірнеше жылда шетелдік студенттерді тегін оқыту квотасы 2 есе көбейеді. Қазір олардың жалпы саны 15 мыңды құрайды", - деді ол.

Сонымен бірге, агенттік Ресей және орыс тілімен байланысты білім беру жобаларын қолдауға ұмтылып отыр. Ол ірі университеттің немесе шағын ғана балабақшаның жобасы болуы мүмкін.

Бұдан бөлек,  Россотрудничество аналитикаға көбірек көңіл бөлмек. Бұл жастардың қызығушылығын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұл үшін агенттік өз сайтын түбегейлі өзгертпек.

23
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

40
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

40
Төбелес, иллюстративті фото

"Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген": Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

267
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

267
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді