Әлем

"Нағыз тозақ": вирусты қайта жұқтырған қыз аурудың қорқынышты белгілері туралы айтты

© PhotoАуруханадағы пациент
Ауруханадағы пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусты екінші рет жұқтырғанда, қыздың иіс сезу қабілеті жоғалған, құлағы ауырып, жұтыну қиындаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Коронавирустан сәуір айында емделіп шыққан ресейлік пациент үш айдан соң індетке қайта шалдықты.

Инфекцияны екінші рет жұқтырған қыз ауру белгілері жайлы "Московский Комсомолец" газетіне берген сұқбатында айтты.

Ресейлік қызға COVID-19 диагнозы алғаш рет сәуір айында қойылды. Ол кезде өзін әлсіз сезініп, құрғақ жөтел пайда болып, дене қызуы 37 градустан сәл жоғары көтерілген. Компьютерлік томографияның көмегімен өкпенің аздап зақымданғаны анықталды.

Паицент ауру ешбір асқынусыз өткенін атап өтті.

Қыз індеттен құлан-таза айығып шыққаннан кейін үш айдан соң іссапармен Сочиге барады. Сапардан оралғаннан кейін жағдайы нашарлай бастаған.

"Іссапардан кейін бес күн бойы өзімді әлсіз сезіндім, құлағым ауырып, жұтыну қиындады. Жөтел болған жоқ. Мен мұның бәрін шаршағандықтан шығар деп ойладым. Жаман індетке қайта шалдыққанымды қайдан білейін. Алтыншы күні түнде нағыз тозақ басталды", - дейді ресейлік пациент.

Науқастың дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген.

"Төсектен тұрған кезде, мас адамдай тәлтіректеп қалатын едім. Иіс сезу қабілетім де жоғалды. Вирусты бірінші рет жұқтырғанда, мұндай симптом болмаған еді. Мен ешқашан бұлай жаман ауырған емеспін", деп ағынан жарылды ол.

Үш күн өткен соң, қыздың жағдайы жақсарған. Алайда коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.

Вирус қайта жұғып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен ауырып шыққан адамдар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Десе де, мұндай деректер бірлі-жарым ғана, деп сендірді ұйым.

Тағы оқыңыз: Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады

24 тамызда Гонконгте 33 жастағы ІТ маманы екінші рет вирус жұқтырғанын хабарлады. Ер адам коронавирустан сәуір айында жазылып шыққан. Алайда тамыздың басында оның коронавирусқа тапсырған тесті тағы оң нәтиже көрсетті.

25 тамызда Тува басшысы Шолбан Кара-оол да індетке қайта шалдыққанын  мәлімдеді. Айтуынша, бұл жолы аурудың белгілері біраз өзгеше. Ол басы қатты ауыратынын жеткізді.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі адам COVID-19-бен, шынымен де, бірнеше рет ауырып шығуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл әр адамның иммундық жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты.

Коронавирусты қайта жұқтыру оқиғалары Белгия мен Нидерландыда да тіркелді.

Жаңалықтар
0