Әлем

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуВакцинация добровольцев против COVID-19 в Москве
Вакцинация добровольцев против COVID-19 в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемдегі алғашқы вакцина азаматтық айналымға шығарылды. Жақын арада "Спутник V" препараты өңірлерге жеткізіледі деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ресейде COVID-19-ға қарсы вакциналау басталады, деп хабарлады РИА Новости.

Ресей денсаулық сақтау министрлігі вакцина барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін атап өтті. Ведомство бұған дейін Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын.

Оқи отырыңыз: COVID-19 бен тұмауды бір уақытта жұқтыру қаупі бар ма – инфекционист жауабы  

Сынақтар кезінде препарат зерттеуге қатысушылардың жүз пайызында тұрақты гуморалды және жасушалық иммунитет қалыптастырды.

Сонымен бірге вакцина егілген еріктілердің ағзасында вирусты бейтараптандыратын антиденелердің деңгейі COVID-19 індетінен жазылған адамдардағы антиденелердің деңгейінен 1,4-1,5 есе жоғары болатыны анықталды.

Жаңалықтар
0