COVID-19-ға қарсы вакцина

Ресей тікелей инвестициялар қорының жетекшісі вакцинаны сынаушыларға жауап берді

143
Бұл Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриевтің Sputnik агенттігі үшін ағылшын тілінде дайындаған материалының аудармасы

Гамалея атындағы ЭМОҒИ әзірлеген және 11 тамызда Ресей денсаулық сақтау министрлігі тіркеген ресейлік "Спутник V" вакцинасына кіріскен шақтан бастап Ресей көптеген елдер тарапынан қызығушылық пен үмітті байқады. Қазіргі уақытта бір миллиардтан астам вакцина дозасын сатып алуға өтініш келіп түскен. Сол сияқты, батыстық бірқатар ел мен компания тарапынан айтылған сын да аз болмады, деп жазады РИА Новости. 

Оларға әлі де өз вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеу қажет. Мұндай технологияларға, әдетте, мРНҚ платформасы мен маймылдардың аденовирустық векторлары жатады. "Спутник V" вакцинасын зерттеудің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелерін The Lancet журналында жариялағаннан кейін біз осы сұрақтарға топтастырылған жауаптарды ұсынып, сондай-ақ, өз сауалдарымызды да қоюды жөн көрдік.

1-сұрақ. Сіз вакцинаны ұрлап алдыңыз ба?

Жоқ, біз оны ұрлаған жоқпыз. Вакцинада адамның екі аденовирустық айрықша векторлары қолданылады. Әлемде ешкім оны коронавирустық инфекцияның профилактикасы үшін қолданбайды. Векторлар – бұл коронавирустың сыртқы қабыршығының гендік материалын өз бойында алып жүретін және ұдайы өсуге қабілетсіз гендік модификацияланған вирустар. Технологияда адамның екі түрлі аденовирустық векторы– бірінші және екінші инъекцияға арналған сәйкесінше 5-ші және 26-шы серотип қолданылады.

Бұл технология аденовирустарға қарсы алдын ала болған иммунитеттен "аттап өтуге" мүмкіндік береді. Коронавирусқа қарсы вакцинация үшін Ресей 2015 жылы Эбола безгегіне қарсы әзірленген қос векторлы платформаны сәтті модификациялады. Бұл платформа клиникалық зерттеудің барлық сатысынан өткен және 2017 жылы Африкадағы Эбола безгегінің эпидемиясын жеңуге көмектесті.

Осы сұрақ төңірегіндегі бастапқы шудан кейін Ресейдің ең қатыгез сыншыларының өзі ол жайлы ұмытып кетті. Себебі, ол негізсіз еді. Алайда, ресейлік вакцинаны тіркегенге дейін оны қаралау талпынысы ретінде мұны еске салуды жөн көрдік.

2-сұрақ. І-ІІ клиникалық зерттеулер кезеңінің нәтижесі қашан жарияланады?

Бұл мәліметтер 4 қыркүйекте The Lancet басылымында жарық көрді. Аталған журнал әлемдегі ең көне әрі беделді басылымдардың бірі. Бұл аталған вакцина туралы жарияланымдар топтамасының басы ғана. Төменде мақалада келтірілген негізгі фактілер ұсынылып отыр.

1. "Спутник V" вакцинасының клиникалық зерттеулерінің І-ІІ кезеңдері кезінде ешқандай белгі бойынша жағымсыз құбылыс (СНЯ, Grade 3) анықталмаған. Бұл көрсеткіш басқа вакциналарда 1-25 процентке дейінгі аралықта болып отыр.

2. Клиникалық зерттеуге қатысушылардың 100 процентінде "Спутник V" вакцинасы тұрақты гуморальді, жасушалы иммунитет қалыптастырып үлгерді. Сонымен қатар, "Спутник V" вакцинасын қабылдаған адамдардағы вирусты бейтараптандырушы антиденелер деңгейі коронавирустық инфекциямен ауырғандардың ағзасындағы көрсеткіштен 1,5 есе артық болған. Салыстырмалы түрде айтсақ, британиялық AstraZeneca  фармацевтикалық компаниясында вакциналанған еріктілердегі антидене деңгейі аталған вируспен ауырғандардың ағзасындағы антиденелер деңгейімен бірдей болған.

3. Гамалея атындағы ЭМОҒИ мамандары вакциналанатын адамның бойында аденовирустарға қарсы иммунитеттің болу қаупіне қарамастан, адамның аденовирустық векторлары платформасын пайдаланудың тиімділігін дәлелдей алды. Вакциналанғандардың 100 процентінде тиімді иммунитетке қол жеткізуге мүмкіндік беретін оңтайлы қауіпсіз мөлшерлеме алынған. Адам ағзасында аденовирустарға қарсы алдын ала қалыптасқан иммунитеттің болу қаупі маймыл аденовирусының векторы немесе мРНК негізінде қосымша платформалардың пайда болуына себепші болды. Алайда, "Спутник V" вакцинасы тиімділігінің дәлелденуі қосалқы платформаларда вакцина әзірлеу қажеттілігін төмендетіп отыр.

4. Екі түрлі векторды– жекелеген бірінші және екінші инъекцияда сәйкесінше адам аденовирусы негізінде 5-ші және 26-шы серотип қолдану әлдеқайда тиімді иммундық әсер алуға ықпал етеді. Екі бірдей векторды қос екпе үшін пайдалану кезінде иммундық жүйе қорғаныс механизмін іске қосып, екінші екпе кезінде препаратты қабылдамай қояды. Сондықтан, "Спутник V" вакцинасын қолдану әлдеқайда тұрақты иммунитет қалыптастыруға алып келуде.

3-сұрақ. Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңінде еріктілер саны тым аз болған жоқ па?

Бұл мәселеге үстірт қарасақ, "Спутник V" вакцинасын сынау кезінде 76 ерікті қатысуы AstraZeneca компаниясының вакцинасын сынақтан өткізу кезінде 1077 адамның қатысуы жанында "жұпыны" болып қалары анық. Әйтсе де, "Спутник V" сынақтары әлдеқайда тиімді болды және ол дұрыс ғылыми болжамдарға негізделді. Ал, AstraZeneca бастапқыда тек бір дәрі екті. Бірақ, бұл жалған болжам екені анықталды.

Себебі, екі иненің қойылуы ғана ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Компания соңғы сынақтан кейін мұны өзі де мойындады. Осы жалған болжамдар нәтижесінде AstraZeneca екі ине қою әдісін 1077 адамның тек онына ғана сынап көрді. Сол себепті, "Спутник V" вакцинасының аясындағы клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңдерінде қос екпе жасалған еріктілер саны британиялық компанияның еріктілерінен төрт есе артық.

4-сұрақ. Клиникалық зерттеулер еріктілердің көп санына жүргізіле ме?

40 мыңнан астам еріктіні қамтитын тіркеуден кейінгі клиникалық зерттеулер Ресейде 20 тамызда басталып кетті. Сол сияқты, "Спутник V" вакцинасының БАӘ, Сауд Арабиясы, Филиппин, Үндістан және Бразилиядағы клиникалық зерттеулері осы айда басталады. Ресейлік вакцинаның клиникалық зерттеулерінің ІІІ кезеңінің нәтижелері 2020 жылдың қазан-қараша айларында жарияланады.

5-сұрақ. Неге "Спутник V" вакцинасы тіркеуді жеделдетілген рәсіммен алды?

Клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелері сәтті болуына қарай тіркеу жеделдетілген рәсім бойынша жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бұған адамның аденовирустық векторлары негізіндегі платформа ондаған жылдағы зерттеулер нәтижесінде әлемдегі ең қауіпсіз платформа ретінде танылуы да ықпал етті.

Ғалымдар 1953 жылдан бері адам аденовирусы базасында вакциналар мен дәрі-дәрмекті қолданудың қауіпсіздігі туралы ұтымды тұжырымдар ұсынып келді. Осының нәтижесінде 1971 жылдан бері АҚШ әскерінің миллионнан астам әскери қызметкері адам аденовирусының негізіндегі вакциналарды қабылдады. Сол сияқты, обырды емдеуге арналған Gendicine дәрісі де 15 жылдан бері Қытайда 30 мыңнан астам азаматқа қолданылуда. Сонымен қатар, 2015 жылы Эбола безгегіне қарсы вакцина да дәл осы адам аденовирусының негізінде әзірленсе, ресейлік "Спутнике V" вакцинасы үшін де осы платформа қолданылды.

6-СҰРАҚ. Тағы кімдер вакцина әзірлеу үшін осы тектес технологияны қолданып жатыр?

Кейбір басқа компаниялар да коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу үшін адамның аденовирустық векторларының негізіндегі платформаны қолданып жатыр. Мысалы, Johnson & Johnson компаниясы тек 26-шы серотип векторын қолданса, қытайлық CanSino компаниясы 5-ші серотип векторын пайдалануда. Ал, "Спутник V" осы қос векторды да қолданып отыр.

Біздің сұрақтар

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, вакцинаны әзірлеудегі айқын және мойындалған көшбасшы және коронавирусқа қарсы ең қауіпсіз және тиімді вакцина әзірлеген ел ретінде Ресей де маймылдар аденовирусының векторы немесе мРНҚ негізіндегі платформаға сүйеніп отырған батыстық вакцина жасаушыларға бірқатар сұрақ қойғысы келеді.

1-сұрақ. мРНҚ және маймылдардың аденовирустық векторлары негізіндегі технологиялардың бала көтеруге ықпалы және онкологиялық аурулардың туындауына қатысты қауіп-қатеріне ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізілді ме?

2-сұрақ. Осы технологиялар негізінде вакцина әзірлеп жатқан кейбір жетекші фармацевтикалық компаниялардың препарат салдарынан күтпеген жағымсыз әсер туындаған жағдайда оларды заң аясында қорғап қалатын келісімді талқылауына мұндай зерттеулердің жоқтығы себепші болған жоқ па?

3-сұрақ. Неге батыстық бұқаралық ақпарат құралдары мРНҚ және маймылдардың аденовирустық векторлары негізіндегі технологиялардың негізіндегі зерттеулер жоқтығын хабарламайды?

Адам вакцинасы немесе маймыл вакцинасы

мРНҚ және маймылдардың аденовирустық векторлары технологиялары негізіндегі вакциналар бұған дейін қолданылмаған және реттеуіштер тарапынан мақұлданбаған. Олардың тиімділігінің зерттеуі адам векторларының аденовирустық платформаларына жүргізілген зерттеулерден 20 жылға кейін қалып отыр. Алайда, вакцина өндірушілер өздеріне Батыс үкіметтері тарапынан миллиард доллар тұратын келісімді қамтамасыз етіп отыр. Олар, тіпті, жеделдетілген тіркеуді де талап етулері бек ықтимал. мРНҚ технологиялары негізіндегі вакциналардың пайдалы тұсы көп. Бірақ, ұзақ мерзімді қауіпсіздігі әлі дәлелденбеген.

Кейбір фармацевтикалық компаниялардың жетекшілері бұл жайлы ашық айтып отыр. AstraZeneca компаниясының топ-менеджері Руд Доббер "төрт жылдан кейін вакцинаның кері әсері пайда болған жағдайда, біз жауапкершілікті өзімізге ала алмаймыз, себебі, бұл бұрын болмаған айрықша жағдай. Біз өз келісімшарттарымызда жауапкершіліктен босатуды сұрап отырмыз" деген мәлімдеме жасады.

Біз адамдарға мРНҚ және маймылдардың аденовирустық векторлары негізіндегі платформалар секілді тексерілмеген жаңа шешімдерді қабылдаудың қауіп-қатері жайлы хабардар ету қажет деп санаймыз. Біз батыстық фармацевтикалық компаниялардың жақын арада қауіпсіздік манифестін жариялауға деген ниетін жоғары бағалаймыз. Мұндай манифест клиникалық сынақтардың қысқа мерзімді нәтижелеріне ғана қатысты болмай, онкологиялық аурулардың пайда болу қаупінің жоқтығына және осы вакциналардың салдарынан әйелдердің бала көтеруіне қауіп төнбейтініне көз жеткізеді деп үміттенеміз. Бұл ақпарат адам денсаулығын қорғауға көмектеседі және әлемге ұзақ мерзімді жоспарлау жүргізуге мүмкіндік береді.

Барлық вакцина бірдей емес

Қорытындылай келе, вакциналарға арналған платформалар бір-бірінен ерекшеленетінін атап өткен жөн. " Спутник V" ең қауіпсіз, дәлелденген платформада әзірленді және Ресейдің барлық заңдары мен процедураларына толық сәйкестікте төтенше жағдайда пайдалануға арналған тіркеуге ие болды. Батыстағы кейбір реттеушілер шұғыл қолдануға арналған дәрі-дәрмектерді жедел тіркеу мәселесін қарастыруда, бірақ, ол вакциналар тексерілмеген жаңа технологиялар негізінде әзірленетін болады.

Біздің ұзақ мерзімді қауіп-қатерлер туралы, сондай-ақ, болашақта пайда болуы мүмкін вакциналық тексерілмеген платформаларға қатысты басқа сұрақтарымызға жауап беріледі деп үміттенеміз. Ғасырдың ең ауыр пандемиясы барлығымызды шешім іздеуге мәжбүр етті. Бірақ, біздің сыншыларымыз Ресей вакцинасын сынағанда өздері ұстанған қатаң қауіпсіздік пен ашықтық стандарттарын сақтайды деп үміттенеміз. Қалай болғанда да, біз пандемиямен толық ашықтық пен сенімділік жағдайында бірге күресуіміз қажет.

143
студенттер

Шетелдіктерге Ресейде білім алуға квота бөлу жүйесін реформалау керек - Примаков

25
Ресейдің білім беру саласының өкілдері шетелдік студенттерге оқуға түсуге квота ғана емес, стипендия мен грант беру керек деп отыр

 

МӘСКЕУ, 25 қыркүйек – Sputnik. Көршілес және Балтық елдерінің талапкерлеріне Ресейдің жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік беру форматын реформалау керек, деп есептейді Россотрудничество басшысы Евгений Примаков.

РФ мемлекеттік думасының депутаты Евгений Примаков осы жылдың маусым айының соңында Россотрудничество басшысы болып тағайындалды. Ол сол кезде ресейлік агенттік қызметіне үлкен өзгерістер енгізуге уәде берген еді.

Россотрудничествоның жаңа басшысы шетелдік азаматтардың Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беретін квота жүйесіндегі кемшін тұстарды атап өтті.

"Квота саны артады. Президент олардың өсетінін айтты. 2023 жылға қарай квота мөлшерін екі есеге дейін көбейту көзделген. Бірақ, біз білім және ғылым министрлігіндегі, мемлекеттік думадағы әріптестерімізбен сөйлесе келе, квотаға қатысты тетіктердің өте тиімсіз болып отырғанына көз жеткіздік", - деді Sputnik агенттігінде берген сұхбатында Евгений Примаков.

Ол, бұл ретте, тегін оқу үшін квота көп бөлінген Беларусьті мысалға келтірді. "Бірақ Ресейдің тіпті Польшамен бәсекеге түсуі қиын болып тұр" дейді ол.

 "Поляктар студенттерге тегін оқуға түсуге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар,  түрлі стипендиялар мен гранттар бөледі. Егер біз алдағы уақытта тегін оқу жағын ғана қарастыратын болсақ, поляктармен бәсекеге түсе алмайтынымыз анық. Ал квоталардың ішінде гранттар мен стипендиялардың болуы үшін жүйені жетілдіруіміз керек. Яғни, біз жастарды оқуға шақырып қана қоймай, оларға ұшақ билетін ұсыну, баспанаға немесе жатақханаға ақы төлеу жағын да қарастырғанымыз жөн", - деді Примаков.

Агенттік басшысының айтуынша, Россотрудничество шетелдік студенттердің Ресейге келіп, білікті маман атанып, таңдаған саланың мықты сарапшысына айналуына мүдделі.  Алайда, қазіргі жүйе бұл жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.

"Кейде Ресейге келген жастар қиын жағдайға тап болып жатады. Нәтижесінде аула сыпырушы, таксист болып жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал бұдан мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының дұрыс жұмсалмай отырғанын көруге болады", – деп түсіндірді Россотрудничество басшысы. 

Сонымен қатар, ол әлі күнге дейін квота бөлу жүйесін реформалаудың нақты жоспары әзірленбегенін, бұл мәселе әлі де талқыланып жатқанынын жеткізді. Бұл салаға реформа жүргізбей, мәселе шешілмейді деп есептейді Примаков.

2020 жылдың басында мемлекеттік думаның күн тәртібіне шетелдік студенттерге арналған квота санын 15 мыңнан 30 мыңға дейін арттыру туралы мәселе қойылды. Сол кезде думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников студенттерге бөлінетін 15 мың квота Ресейдің халықаралық деңгейдегі рөлі мен гуманитарлық әлеуетіне сәйкес келмейтініне тоқталған еді.  Бұл ретте, ол тек Беларусь азаматтары үшін ғана 10 мың тегін квота бөлетін Польшаны, жыл сайын 5 мың Молдова азаматын ақысыз оқытатын Румынияны мысалға келтірген болатын.

Бүгінде Ресейге оқуға түсуге ниет білдірген шетелдік студенттердің өтінішінің саны 100 мыңға жуықтаған. Сондықтан, Ресейдің білім және ғылым министрлігі шетелдік студенттерге бөлінетін квота санын 30 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

 

 

25
Мәскеу, Ресей

Мәскеу АҚШ-ты қандай қателіктен сақтандырып отыр?

79
Ресей стратегиялық шабуыл қаруы туралы келісімнің (СШҚК-3) сақталуын қолдайды және АҚШ-ты оның мерзімін ұзартуға шақырады. Келіссөздер жаздан бері жалғасып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Вашингтон құжатты қайта қарауды талап етті, ал Мәскеу өзгеріс енгізуден бас тартып отыр, деп жазады РИА Новости.

"Тез арада шешілуі мүмкін және шешілуге тиісті мәселе - ол, әрине, Ресей мен АҚШ-тың мерзімі 2021 жылдың ақпанында, яғни жақында аяқталатын Стратегиялық шабуыл қаруы туралы келісімнің ұзартылуы. Біз америкалық серіктестермен осындай келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Владимир Путин БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясының ашылуында.

Ресей президенті елдерді жаңа зымыран кешендерін орналастыру кезінде ұстамды болуға шақырды. Өткен жылы АҚШ орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шықты, содан кейін Мәскеу оларды Еуропада орналастыруға мораторий жариялады. Путин: "Мораторий АҚШ осындай шаралардан бас тартқанша сақталады" деп атап өткен болатын.

"Біз, өкінішке қарай, өз ұсынысымызға америкалық серіктестердің де, олардың одақтастарының да реакциясын әлі байқаған жоқпыз", - деді ол.

Антонио Гутерриш бірнеше рет СШҚ-3  мерзімін ұзартуға кеңес берді. Бірақ БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Қытайды келісімге қосуды талап етуіне қарсы теріс реакция танытты. Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя да америкалықтарды "үлкен қателіктерден" сақтандырды.

СШҚК-3 - ядролық технологияларды бақылау саласындағы іргелі құжат. 2010 жылы оған қол қою арқылы Мәскеу мен Вашингтон өздерінің стратегиялық арсеналдарын қысқартуға уәде берді. Процесс 70-ші жылдардың басында қырғи-қабақ соғыс кезінде қарсыластардың стратегиялық қаруды шектеу туралы келісімге (СҚШ-1) қол қойғаннан кейін басталды. Содан бері осы салада 7 екіжақты келісім қабылданды.

АҚШ оларға ешқашан сенімсіздік танытпаған, бірақ Дональд Трамптың президенттігі бәрін өзгертті. Ақ үйдің басшысы келісімдерді заманауи шындыққа барынша сәйкестендіруге тырысуда, жаңа заманға сай қарулану жолындағы "жарыстан" да қорқып отырған жоқ.

2019 жылдың тамызында АҚШ орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шығу туралы шешімін Ресейге қарсы бағытталған шағымдарымен түсіндірді. Ең бастысы, Мәскеу құжатта тыйым салынған SSC-8 зымыранын (орыс классификациясында - 9М729) сынақтан өткізді деп болжануда. Америкалықтар бұдан басқа нақты дәлел-дәйек келтірген жоқ.  

Сонымен, олар бейресми кездесулерде проблема Мәскеуде емес екенін мойындады. Пентагон ҚХР-да орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар жасалды дегеннен күдіктеніп, Бейжіңнің стратегиялық қарулану жөніндегі келіссөздерге қосылуын талап етті. Қытай бұл "өтінішті" елеген жоқ.

2020 жылдың мамырында АҚШ Ашық аспан келісімінен (ААК) шығып, Мәскеуді тағы да айыптады, мұны "ресейліктер инспекциялық бағыттағы ұшуларға кедергі келтіріп жатыр" деп түсіндірді. Ресейдің қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды. Ведомствоның пікірінше, америкалықтар ғарышты белсенді түрде зерттеуге ниет танытқан, алайда ААК оған қолбайлау болған.

"АҚШ пен НАТО Қытайдың ядролық бағдарламасының қарқынды түрде дамып келе жатқанына алаңдайды. Қытай бұл мәселеде Вашингтонмен және Мәскеумен теңесуге ниеттенетін сияқты", - деп түсіндірген еді жазда АҚШ-тың қаруды бақылау жөніндегі арнайы өкілі Маршалл Биллингсли.

Вашингтон СШҚК-3-тің Ресейдің тактикалық ядролық әлеуетін арттыруды шектемейтініне де наразы. Биллингсли стратегиялық қаруды тексерудің қазіргі тетігін де сынға алды.

Соған қарамастан, бұл төңіректегі мәселе талқы таразысына салынды, бірақ америкалықтар жаңа талап қойды. "АҚШ бұл "әңгімеге" Ресейдің соңғы үлгідегі қаруларын тартуды талап етіп отыр, ал бұл "ашық есікті қаққандай" көрінеді", - деп мәлімдеді Ресей министрі.

Кездесулердің екінші кезеңі қыркүйек айында ешқандай нәтижесіз  аяқталды. Енді АҚШ-тың жаңа талабы бар – ол қосымша келісімдерді қабылдау.

Америкалықтар ол жерге тек стратегиялық қана емес, тактикалық ядролық арсеналдарды да енгізуді ұсынады. Бұл жердегі жалғыз жеңілдік –  Вашингтонның Қытайдың келіссөздер үдерісіне қатысуын кейінге қалдыруға келісуі.

"Біз Ресейге жақсы ұсыныс тастадық", - деді  бұл жөнінде Биллингсли.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеудің келісімшартты тек қазіргі түрінде ғана ұзартатынын хабарлады. Оның жарамдылық мерзімі бірнеше айдан кейін аяқталады, сондықтан өзгеріс енгізуге уақыт шектеулі. Ведомство келісімшарт бойынша келісу процесін америкалықтардың өзі созып алғанын атап өтті.

"Егер АҚШ мүдделер тепе-теңдігі негізінде жаңа дүние әзірлеуге дайын болса, онда келісім жасалуы мүмкін. Бірақ оған уақыт қажет", - деді осы жағдай жөнінде түсініктеме берген Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

"Баламалар аз: СШҚК-3-ті еш өзгертпестен ұзарту немесе одан толықтай бас тарту", - дейді қаруды бақылау проблемалары жөніндегі сарапшы Евгений Мясников. Ол шарттың басты құндылығын стратегиялық қаруды тексеру жүйесімен байланыстырып отыр. 

"Бұрын бір-біріміздің іс-әрекеттерімізді бақылау қиынға соғатын. Тараптар шиеленісті одан әрі ушықтырып жіберетін "ең нашар сценарий" бойынша жүріп отыратын еді. Сондықтан, егер жүйе күйресе, өткеннің қателігін қайталау қаупі туындауы мүмкін", - деді сарапшы.

Ресейдің халықаралық қауіпсіздік саласындағы тәуелсіз зерттеу орталығының жаңа технологиялар және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламасының директоры Вирим Козюлин келісімнің ұзартылатынына еш күмәнданбайды. Ол АҚШ-тың қойған талаптарын "мөлшерлемені көтеру жолындағы ойын" деп есептейді.

"Трамп келісім жасағанға дейін әлдебір артықшылықтар мен жеңілдіктер үшін саудаласқысы келетіні анық. Бірақ оған уақыт тапшы, демек америкалықтарға келісімді ұзартқаннан басқа ештеңе қалмайды. Ал жаңа қалыптасқан жағдай алдағы талқылау тақырыбына айналмақ. Оның үстіне Ресейде тактикалық ядролық арсенал мен Еуропадағы америкалық қару-жарақ туралы ұсыныстар бар", - дейді сарапшы.

Ол СШҚК-3-ті ядролық қаруды тасымалдаушы ретінде қарастыруға болатындығына қарамастан, оның пилотсыз жүйелерге кірмейтінін атап өтті.

"Ресейде бұл  жөнінде көп сауал туындап жатады. Шын мәнісінде, ол да қанатты зымыран, алайда, ол бірнеше рет қолданылатындықтан, үлкен қауіп төндіреді. Бірақ СШҚК-3 төңірегіндегі отырыстар аясында Мәскеу бұл мәселенің шешілуін әлі тездеткен жоқ", - деп атап өтті Козюлин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда басқару жүйесінің сақталуы негізінен АҚШ-қа байланысты болып тұр. Егер Вашингтон келісімге келсе, оған алдағы уақытта ядролық қаруы бар – Қытай, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерін қосуға болады.

79
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

60
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

60
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды