Әлем

Жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз коронавирустан емделудің жаңа әдісі табылды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер гелий-оттегі қоспасымен жасалған ингаляция коронавирусты емдеуде тиімділігін көрсеткендіктен, арнайы қондырғыларды жетілдіруге шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік ғалымдар жасанды тыныс алдыру қондырғыларын қолданбай коронавирус инфекциясынан емделудің жаңа әдісін ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ресей ғылыми иммунологтар қоғамының президенті, ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми директоры Валерий Черешнев коронавируспен ауырған елу науқастың өкпесін гелий-оттегі қоспасымен дем алдырғаннан кейін бір ғана пациент жасанды тыныс алдыру қондырғысын қажет еткенін айтады.

"Жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында сынақтан өтті. Бізде ауыр сырқаттанған 50 науқас болды. Олардың барлығы аман қалды. Тек, біреуі ғана жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Бұл тәжірибе Сыктывкардағы республикалық ауруханада оң нәтиже көрсетті. Енді осы бағыттағы жұмыстарды жалғасып жатырмыз", – дейді Черешнев.

Ол жасанды тыныс алдыру ағзаға ауыр салмақ түсіретінін атап өтті.

Қазіргідей өршіп кеткен COVID-19 инфекциясы мен пневмония аясында тыныс алу жүйесі күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасы жасанды тыныс алдыруға қарағанда едәуір тиімділігін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті

Оның айтуынша, микробиологтар бастапқыда осындай ингаляцияға арналған қондырғыларды жетілдіріп, дем шығаратын және қабылдайтын ауаның бөлек жүйелерін жасауға шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0