Аңдатпа

Қазақстанда 2 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента РК
Здание парламента РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 4 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыздар

2 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – ҚР парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау арнайды (Мәңгілік ел даңғылы 2, байланыс телефоны +7 (7172) 74 68 44).

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.

16.00 – Бокстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатына аттанбас бұрын ашық жаттығу өткізеді. 6 қыркүйек күні Қазақстан командасы Екатеринбургке ұшады. Әлем біріншілігі 7-21 қыркүйек аралығында өтеді (Боксты дамыту орталығы, Тәуелсіздік даңғылы, 1/2, e-mail: pr@kfb.kz).

4 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – II халықаралық мамандандырылған "Дентал ЭКСПО Астана 2019" көрмесі өтеді ("Көрме" орталығы, Достық көшесі 3, байланыс телефондары +7 (705) 155 32 63).

16.00 – "1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты тарихи құжат көрмесі салтанатты түрде ашылады. Шараны Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырады. Көрмеде сұрапыл соғыс туралы құнды тарихи құжаттар қойылады (ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы 2, Аккредитация rfekz@mid.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы, Тимирязев көшесі, 42).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0