Аңдатпа

Қазақстанда 6 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 6 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 7-15 қыркүйек аралығына не жоспарланғанын біле аласыз

6 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің I отырысы. Отырыс аясында жұртшылық мен азаматтық қоғамның көзқарастарын ескере отырып, маңызды стратегиялық мәселелерді қарастыру, жұртшылық, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету тетіктерін талқылау, Ұлттық кеңестің жұмыс жоспарына қатысты ұсыныстарды қарау жоспарланған ("Ақорда" президент резиденциясы).

10.00 – Баспасөз таңғы асы барысында "Қазақ Туризм" ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен туризм саласындағы екінші Ұлттық жүлде - National Tourism Awards 2019 таныстырып, байқауды өткізу ережелері, номинациялар мен жүлделі орындар туралы айтып береді ("Мэриот" қонақүйі, "Балқаш" залы, Достық көшесі, 2). 15.00 – Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арыс қаласын қалпына келтіруге қатысқандарды марапаттау рәсімі ("Ақорда" президент резиденциясы).

АЛМАТЫ

11.00 – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және денсаулық сақтау айының қорытындылары туралы брифинг. Брифинг спикері: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Қанат Төсекбаев (Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы, Республика алаңы, 7-702-495-23-34, + 7-707-934-39-84).

16.00 – "Эдуард Казарян. В мастерской художника" тақырыбында көрме өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі, Көктем-3 шағын ауданы, 22/1, байланыс телефондары +7 (727) 394 57 18).

7 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – Фортепиано музыкасы кеші. Теміржан Ержанов – Қазақстан тумасы, америкалық дирижер алғаш рет жеке концертін береді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

19.00 – қаланың үздік мейрамханалары бас қосатын "Тіл үйірер Алматы" ас-ауқат фестивалі өтеді (КБТУ маңындағы саябақ. Байланыс телефондары: +7 771 503 01 21; +7 777 255 24 86).

8 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

08.00 – 7 мен 23 жас аралығындағы спортшыларға арналған триатлоннан Алматы ашық чемпионаты ("Алматы Арена", Нұркент шағын ауданы).

10 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы ұйымдастырған екінші Жасыл өсім форумы. Форум аясында Шон Кидни (Climate Bond Initiative бас директоры және құрылтайшысы), Винсент Дуйнхауэр (ЕБРР энергия тиімділігі және климаттың өзгеруі департаментінің аға менеджер), Кэтрин Стюарт (Канададағы Халықаралық климаттың өзгеруі ұйымының бас директоры), Майкл Шерен (Англия банкінің аға кеңесшісі), Морган Деспрес, (Банк де Франс) және тағы басқалары сөз сөйлейді. (The Ritz-Carlton Astana қонақүйі, Достық көшесі, 16).

12 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Қаланы дамытуға тұрғындарды тарту бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтанның тәжірибе алмасуы" тақырыбында Еуропалық Одақтың "МылАлматы" жобасының конференциясы өтеді (Astana International Campus, Ұдайы кәсіби даму бюросы (BCPD Ltd.), Мәңгілік Ел көшесі, 55/23. Байланыс телефоны: +7 701 765 05 10).

09.30 - Қазақстан машина құрастырушыларының VII форумы. Форумның тақырыбы: "Машина құрастыру – Қазақстанды индустрияландырудың қозғаушы күші!". Форум аясында мамандандырылған көрме өтеді (EXPO конгресс орталығы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 79 27 95).

15 қыркүйекке жоспарланған шаралар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

11.00 – Каспий жағалауы елдері эндохирургтарының конгрессі өтеді (Ақтау қаласы, 34 шағын аудан 1/1, Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйі, байланыс телефондары + 7 777 233 45 62, + 7 705 305 21 12).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0