Аңдатпа

Қазақстанда 22 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 22 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 23-25 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз

22 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 - "Самұрық келген таң" музыкалық ертегісі қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

16.00 – "Этникалық полифония" атты этномәдени бірлестіктердің концерті өтеді. Шара аясында концертті бірінші болып, "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігі береді (Оқушылар сарайы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5. Байланыс телефондары + 7 776 266 47 37).

19.00 - Михаил Фокиннің балеті. Шехеразада. Шопениана ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 – Developing Leadership Day атты XII білім беру форумы өтеді. Шарада түрлі тренинг пен мастер-кластар, әрі студенттер мен жоғары оқу орнын бітірген түлектер үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады (КИМЭП университеті, Абай көшесі, 4. Байланыс телефондары: +7 777 320-86-18).

23 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Орта Азия және Каспийдегі мұнай өңдеу және мұнай химиясы" тақырыбында 6-шы халықаралық конференция өтеді. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстанның мұнай өңдейтін және мұнай-газ химиясы саласындағы компаниялары мен инжиниринг және технология саласындағы халықаралық компаниялар қатысады (Отель Hilton қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

10.00 - Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Student Energy Challenge командалық интеллектуалды конкурсы өтеді. Биыл байқауға еліміздің 15 өңіріндегі 27 жоғару орнынан 70 команда қатысады (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

24 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Digital Energy көрмесі өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

09.30 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында SPE: еңбек, өнеркәсіп пен қоршаған орта қауіпсіздігі және Каспий өңіріндегі әлеуметтік жауапкершілік тақырыбында симпозиум өтеді. Жиынды "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ұйымдастырады. Шараға экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысады (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. kdunn@spe.org электронды пошта).

10.00 – Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV кеңес өтеді. Шараға қатысуға Еуропа мен Азияның 60-тан астам делегациясы мен 16 халықаралық ұйымның өкілі қатысады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация Bapakova@parlam.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында Kazenergy XI жастар форумы өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

15.00 – Наджон Чильги атты корей дәстүрлі өнер көрмесі өтеді. Көрме 24 қазанға дейін жұмыс істейді (Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі, 11).

17.00 – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоровтың қатысуымен "Мәскеу-Бішкек-Ереван-Минск-Нұр-Сұлтан" видео көпір форматында брифинг өтеді. Брифингтің тақырыбы – ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басқармалары мен әскери құрылымдардың "Боевое братство-2019" жедел-стратегиялық әскери оқу-жаттығуының дайындығы. Шарада 2019 жылдың 8-29 қазан аралығында Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі 3 елдің аумағында өтетін әскери оқу-жаттығуы мен ҰҚШҰ-ға мүше елдердергің аумағындағы әскери-саяси жағдай сөз болады (Sputnik Қазақстан мультимедиялық пресс орталығы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35, P1 қабат. Аккредитация +7 701 721 35 97).

АЛМАТЫ

08.00 – күн электр станциясына пресс-тур ұйымдастырылады. Қуаттылығы 0,4 МВт болатын жаңа станция "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның желісіне қосылады. Ол электр энергияны "Расчетно-финансовый центр по поддержке ВИЭ" ЖШС-на жеткізеді (Шараға қатысқы келетіндер таңғы сағат 08:00-де Республика даңғылы, 4 (Тәуелсіздік монументінің көлік тұрағында) тұруы қажет. Байланыс телефоны: +7 701 460 91 82).

25 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Жаңартылатын энергия көздері (Renewable Energy Summit 2019) бойынша III халықаралық саммит өтеді. Шараға 20 елден 300-ден астам делегат қатысады (ҚР тұңғыш президенті – елбасы қоры, Бөкейхан көшесі, 1, "Назарбаев орталығы", Байланыс телефондары +7 702 667 07 00, +7 701 222 36 85).

09.00 – Kazakhstan Energy Week 2019 аясында IV Kazenergy әйелдер клубының форумы өтеді (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44).

10.00 – ТМД үкіметаралық жер қойнауын барлау, пайдалану, қорғау жөніндегі кеңесінің XXIII сессиясы ұйымдастырылады. Отырыс жабық түрде өтеді.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0