Аңдатпа

Қазақстанда 5 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVГород Алматы
Город Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 5 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 6-10 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

5 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Nur Otan партиясының "Бірлік" филиалы төрағасының кубогы үшін мини-футбол, волейбол, үстел теннисі мен шахматтан турнир өтеді (Сарыарқа велотрегі, Қабанбай батыр даңғылы, 42. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 21 44, +7 707 651 80 86, +7 778 170 32 29).

12.00 – Қазақ күресі федерациясының жылдың есебіне арналған баспасөз мәслихаты ("Қазмедиа орталығы", Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +7 701 137 68 58).

АЛМАТЫ

10.00 – I қалалалық Almaty SmartCity Challenge хакатоны өтеді. Шара екі бөлікке бөлінген. Бірінші күні 5 қазан – Цифрландыру күні. Оған мемлекеттік орган және IT қауымдастық өкілдері қатысады. Олар "ақылды қала" жобасын талқыға салады. Кейін хакатонға қатысушылар яғни 200-ден астам бағдарламалық өнім жасаушылар топқа бөлініп, экология, медицина, қауіпсіздік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік кептелісі, креативті экономика мәселелері бойыша жобалар дайындайды. Қатысушыларға 24 сағат беріледі. Шараның екінші күні 6 қазанда өтеді. Бұл күні қатысушылар жюри мүшелеріне өз жобаларын ұсынады.

Хакатон жеңімпазына Алматы қаласы әкімінің сыйы: бірінші орынға 1,5 миллион теңге, екінші орынға 1 миллион теңге, үшінші орынға 500 мың теңге беріледі (Қалалық Q-Lab лаборатория жобасы, Абай көшесі, 90, Аккредитация +7 (727) 262 17 69 телефоны және press@almatydc.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – Халықаралық жаяу жүру күні. Қазақстанның барлығына арналған спорт түрі федерациясы TAFISA, Алматы қалалық спорт басқармасы және қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірге рекорд жаңартуды жоспарлап отыр. Шараға 3000 адам қатысады ("Халық Арена" мұз айдыны, Құлжы тракты 2. Байланыс телефондары: +7 708 211 58 90).

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

19.00 – қала күніне арналған "Туған күніңмен, сүйікті қалам Атырау" гала-концерті өтеді (Атырау қаласы, Исатай-Махамбет алаңы).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

09.00 – Ақмола облысының киелі жерлеріне экскурсия жүргізіледі. Экскурсияға қатысушылар ежелгі Бозоқ қаласы Құмай ғибадатханасын, Қарағайлы ауылын көре алады (Шараға қатысқысы келетіндер Достық үйінің алдына жиналуы керек, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9).

6 қазанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН

05.00 – Әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионы (2003), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004) Геннадий Головкиннің украиндық Сергей Деревянченкоға қарсы жекпе-жегі көрсетіледі. Олар орта салмақтағы IBF және IBO белбеулері үшін таласады. Кіру тегін (Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +7 (7172) 75 78 79).

17.00 – Астаналық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық кеші өтеді: "Ван" армян мәдени орталығы, "Таң" татар-башқұр мәдени орталығы, республикалық "Лад" бірлестігінің астаналық филиалы, "Қырғызстан-Астана" мәдени бірлестігі, "Союз казаков Степного края" республикалық қоғамдық бірлестігінің астаналық филиалы, "Polacy" мәдени бірлестігі (Оқушылар сарайы, Бауыржан Момышұлы даңғылы,5, Байланыс телефондары: + 7 776 266 47 37).

АЛМАТЫ

12.00 - "Тұлпар 2019" жылқылар көрмесі. Шара аясында Алматыдағы клуб аттар шеруін өткізеді. Бұдан бөлек, хобби-классқа жататын жылқылардың саудасы ұйымдастырылады. Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін ат жарыс болады. Оған Ақалтеке тұқымына жататын жылқылар қатысады (Алматы ипподромы, Омаров көшесі, 10А. Байланыс телефоны: +7 701 744 00 96).

7 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы өтеді. Отырыста атаулы әлеуметтік көмекті берудің механизмдерін жетілдіру мәселесі талқыланады. Жиынның отырысын тікелей эфирден PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте", YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалардан көрсетіледі (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10 телефоны және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

09.30 – "Қазақстандықтардың құндылықтар жүйесі" конференциясы өтеді. Шара аясында "Әлеуметтік өлшемдегі қазақстандықтардың құндылығы" тақырыбында зерттеу жұмысының презентациясы өтеді (Wyndham Garden қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі, Байланыс телефондары +7 (7172) 708 315, +7 708 551 48 68).

10.00 – Қазақстан парламенті мәжілісінде үкімет сағаты өтеді. Онда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы сөз болады. Баяндаманы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жасайды. Үкімет сағаты аясында арнайы көрме ұйымдастырылады (Мәжіліс үйі, пленарлы отырыс залы, Мәңгілік ел даңғылы, 2, Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 63 03).

16.30 – Smart Kasipodaq Yntymaq цифрлық сервисінің презентациясы өтеді (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы, Абай көшесі, 38. Байланыс телефоны: 7 701 254 63 59).

8 қазанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Қазақстанның еңбегі сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетованың жеке концерті өтеді. Кеш қонақтары: Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, Меруерт Мүсірәлі (Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. Байланыс телефоны: +7 708 703 09 07).

9 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "Эйр Астана" компаниясы алыс жерлерге арналған Airbus 321 LR ұшағын таныстырады. (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, 121).

АЛМАТЫ

09.00 - II Kazakhstan Healthcare Forum 2019. Форумға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысады. Шара кезінде медицина саласының өзекті мәселелері талқыланып, ем-домның жаңа әдістері таныстыралады. (The Ritz-Carlton Almaty, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Байланыс телефоны: +7 (727) 397 03 06 (ішкі 2252), +7 707 280-46-6).

10.00 – Орталық Азия бойынша үш тарапты келіссөздер жүргізіледі. Шараға алдың елдің сарапшылары қатысады: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Шараға қатысатын 60 сарапшы өңірдегі жердің құнарсыздануы, климаттың өзгеруі, Орталық Азиядағы әр алуандылықты сақтау мәселелерін қозғайды. Шара аясындағ БАҚ үшін пресс-брифинг ұйымдастырылады. Келіссөздерге Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының (UNDP) тұрақты өкілі Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасының (UNDP) аға техникалық кеңесшісі Элли Кодси қатысады (InterContinental Almaty қонақ үйі, Желтоқсан көшесі, 181).

10 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар" тақырыбы бойынша қалалық туризмге арналған VIII Жаһандық саммит. Саммиттің ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының әкімідігі және Бүкіләлемдік туристік ұйымы (ООН – UNWTO) (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік, 52.
Аккредитация еpress@astana.kz электронды поштасы немесе +7 (7172) 55 64 21 телефоны арқылы жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0