Астанадағы Республика даңғылы

Қазақстанда 15 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

51
Sputnik Қазақстан агенттігі 15 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 16 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10-00 – "Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел. Іс-шараға әділет министрі Марат Бекетаев, парламент депутаттары, президент әкімшілігі,  парламент палаталары аппараттары, үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапты тұлғалары мен өкілдері, ғалымдар қатысады. Дөңгелек үстелдің мақсаты – заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау мен олар бойынша ұсынымдар әзірлеу және заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізудің мәселелері жөнінде пікір алмасу. (Әділет министрлігінің ВАК залы (1043-каб.), Мәңгілік ел даңғылы 8, министрліктер үйі, 13-кіреберіс. Журналистерді тіркеу 74-06-01, 74-06-02, 87025215582 телефоны немесе pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы. Тақырыбы – экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері. Шараға сенат депутаттары К.Сафинов, С.Айтпаева, Н.Бекназаров, С.Еңсегенов, А.Лукин, жоғарғы сот, бас прокуратура, қаржы министрлігі, "Атамекен" ұлттық палатасының басшылығы қатысады. Отырыста экономикалық тергеу қызметінің 2018-2019 жылдардағы жұмысының нәтижелері, ішкі мемлекеттік аудит бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу мәселелері, экономикалық қылмыстардың сотқа дейінгі тергеудің заңдылық жағдайы және қаржы жүйесінің басқа да өзекті мәселелері қаралады. (Комитет ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 10. Аккредитация бойынша: press.kfm@minfin.gov.kz немесе 8 701 531 61 67, 8 702 496 00 96).

10.00 –  "Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері" атты криминологиялық форум өтеді. Шараға парламент депутаттары, президент әкімшілігі, қауіпсіздік кеңесі, жоғарғы сот, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар қатысады. (Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16. Аккредитация 8 702 482 05 95 немесе akairidenovna@gmail.com. поштасы арқылы жасалады).

10:00 –"Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Шара "Egemen Qazaqstan" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған. (Сәтбаев көшесі, 2, ЕҰУ бас ғимараты, 259 аудитория. Байланыс телефоны: 87787887475).

16.00 – Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Отырыста әділет министрі Марат Бекетаев төрағалық етеді. Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор мен бизнес-қоғамдастық қатысады. (әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет. Журналистерді тіркеу pressgov@mail.ru. поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 74-06-01, 74-06-02).

17:00 – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нины Терещенконың "Мифы и сказки в образах и красках" тақырыбында жеке көрмесі. Көрме Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында ұйымдастырылады. Шара 2019 жылдың 15-29 қарашасы аралығында өтеді. Көрмеге кіру тегін (Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефондары: +7 (7172) 32 05 15, +7 (701) 367 55 83, +7 (777) 118 32 64).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – "Дала қырандары" атты жаңа телехикаяның алдын ала көрсетілімі. Шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, "Хабар" агенттігі АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, сондай-ақ, актерлер мен жоба ұйымдастырушылары қатысады. (Республика даңғылы, 2, Қорғаныс күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығы. Аккредитация: media@khabar.kz, pr@khabar.kz , +7 (7172) 757 553, 757 603, +7 705 552 44 28).

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

17 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 –KotoPes Fest фестивалі. Шара аясында түрлі мастер-кластар, байқаулар, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ фестивальде әртістер өнер көрсетеді, әрі шараға қатысушылар мысықтарды көре алады. Фестифальден жиналған қаржы мысықтарды емдеп асырауға жұмсалады (Grand Park (Гранд Парк) сауда кешені, Қабдолов көшесі, 1/4).

18 қарашаға жоспарланған шаралар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – "Көкшетау Жылу" және "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылады. "Көкшетау Жылу" кәсіпорнына пресс-тур таңғы сағат 10:00-де басталады (Пресс-турға қатысушылар Северная промзона көшесі, ЖБИ ауданында таңғы сағат 09.30-да болуы керек). Ал "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнына пресс-тур сағат 11:30-да өтеді (Байланыс телефондары: +7 (7162) 50 43 63, +7 (702) 148 14 81).

ШЫМКЕНТ

18.00 – "Жетістіктің 70 жылдығы": Қытайдың құрылғанына 70 жыл толуына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы. Шараға Қытайдың Қазақстандағы елшілігі, Бейнелеу өнері мұражайының басшылығы қатысады. (Бейнелеу өнері мұражайы, Мәделі қожа көшесі, 2Б. Аккредитация бойынша +7 747 486 92 10 нөміріне хабарласуға болады, e-mail: media@askredpoint.com).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

51
Загрузка...