Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстанда 17 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

77
Sputnik Қазақстан агенттігі 17 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 18–28 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

17 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Неміс киносы күндерінің ашылуы. Іс-шара "Зачётный препод" фильмімен ашылады. Кино көрсетілімнің алдағы бағдарламасы: 17 қараша сағат 17.00 - Оствинд (2013); 18 қараша сағат 19.00 - Родители (2014); 19 қараша сағат 19.00 - После весны наступает осень (2015); 20 қараша сағат 19.00 – Дух Баухауса (деректі фильм, 2018). (Chaplin Mega Silk Way кинотеатры, Қабанбай батыр даңғылы, 62).

19.30 – "В главной роли…" спектаклі. Режиссер Разия Хасанова. (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

АЛМАТЫ

10.00 –KotoPes Fest фестивалі. Шара аясында түрлі мастер-кластар, байқаулар, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ фестивальде әртістер өнер көрсетеді, әрі шараға қатысушылар мысықтарды көре алады. Фестифальден жиналған қаржы мысықтарды емдеп асырауға жұмсалады (Grand Park (Гранд Парк) сауда кешені, Қабдолов көшесі, 1/4).

18.30 – Жанар Сүлейманованың фортепиано музыкасы кеші. Бағдарламада Феликс Мендельсон, Клара Вик-Шуман және Роберт Шуманның туындылары шырқалады. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 (701) 751 89 85).  

19.00 – Александр Розенбаумның концерті. Алматыдағы концерттік бағдарламаға әртіс жаңа және ескі әндерін қосты. (Студенттер сарайы, әл-Фараби даңғылы, 71).

18 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер - "Нұрлы жер" тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының және 2025 жылға дейінгі жобаның жүзеге асырылуы, сонымен қатар Қарағанды облысындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пилоттық жобасының іске асырылу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. (Үкімет үйі. Аккредитация мына телефондар арқылы +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 немесе  press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 - Қазақстан парламенті мәжілісінде үкімет сағаты. Тақырыбы: "Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 98-қадамы аясында IV деңгейдегі бюджетті орындау". Баяндамашы - ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. Отырысқа министрліктер: әділет, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, ішкі істер, қаржы министрлігі және мемлекеттік қызмет агенттігі, Ақмола, Қарағанды ​​және Павлодар облыстарының әртүрлі деңгейдегі әкімдіктерінің өкілдері шақырылды. "Үкімет сағаты" аясында көрме ұйымдастырылады. (Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі, телефон (7172) 74 63 03).

11.00 – экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев азаматтарды қабылдайды. (Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімшесі. Мекен жайы: Кенесары көшесі, 25. Телефондар: +7 (7172) 70 76 28, +7 707 552 59 44, press@nurotan.kz).

12.20 – жеке тұлғалар үшін салық амнистиясының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты. Спикер – мемлекеттік кірістер комитетінің салық әдістемесі департаментінің директоры Жәнібек Нұржанов. (Орталық коммуникациялар қызметі. Қонаев көшесі, 4. Телефон: +7 (7172) 55 93 38, sck.astana@gmail.com).

16.20 – ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты. Спикер – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. (Орталық коммуникациялар қызметі. Қонаев көшесі, 4. Телефон: +7 (7172) 55 93 38, sck.astana@gmail.com).

17.00 – 2019 жылдың он айында жеңіл өнеркәсіптің дамуына арналған брифинг. Шараға индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің басшылары қатысады. ("Transport tower" ғимараты, Қабанбай батыр көшесі, 32/1. Аккредитация 241704@bk.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

12.00 – "Авторлық қоғамдастық саласындағы өзекті мәселелер: проблемалар мен шешімдер" баспасөз конференциясы. Іс-шарада спикерлер авторлардың, құқық иелері мен пайдаланушылардың құқықтарын бұзатын жағдайларды айтып, зияткерлік меншік құқығын қорғаудың тиімді жүйесін құру бойынша ұсыныстар жасайды (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58, "CӘTTI" бизнес орталығы) , 2-қабат, байланыс: +7 (747) 262 20 63, akparat@pressclub.kz).

17.00 – өмірде болған оқиғаларға негізделген "Қазбат" көркем фильмінің алдын ала көрсетілімі. Картинада 1995 жылы көктемде болған оқиғалар туралы баяндалады, бұл кезде Қазақстан Республикасы тәжік қақтығысындағы бітімгершілік миссиясына қатысқан. 7 сәуірде Пшихарв шатқалында Қазақстанның Ішкі әскерлерінің жетінші құрама ротасы торуылға тап болып, содырлармен ұрыс жүргізді. ("Kinopark" кинотеатры, "Esentai Mall" сауда орталығы, байланыс телефоны: +7 (707) 753 53 27).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – "Көкшетау Жылу" және "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылады. "Көкшетау Жылу" кәсіпорнына пресс-тур таңғы сағат 10:00-де басталады (Пресс-турға қатысушылар Северная промзона көшесі, ЖБИ ауданында таңғы сағат 09.30-да болуы керек). Ал "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнына пресс-тур сағат 11:30-да өтеді (Байланыс телефондары: +7 (7162) 50 43 63, +7 (702) 148 14 81).

ШЫМКЕНТ

18.00 – "Жетістіктің 70 жылдығы": Қытайдың құрылғанына 70 жыл толуына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы. Шараға Қытайдың Қазақстандағы елшілігі, Бейнелеу өнері мұражайының басшылығы қатысады. (Бейнелеу өнері мұражайы, Мәделі қожа көшесі, 2Б. Аккредитация бойынша +7 747 486 92 10 нөміріне хабарласуға болады, e-mail: media@askredpoint.com).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

77
Загрузка...