Бейбітшілік пен келісім сарайы

Қазақстанда 20 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

42
Sputnik Қазақстан агенттігі 20 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 21–30 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

20 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – II Стратегиялық бастамалар форумы. Жиында Қазақстан экономикасын дамыту, зейнетақы жүйесі, банк секторы мәселелері сөз болады (Rixos Astana қонақ үйі, Қонаев көшесі, 7. Байланыс телефоны: +7 (705) 170 29 72).

10.00 – " XXI ғасыр Білім беру жән ғылым 2019" көрмесі ("Көрме" орталығы, Достық көшесі, 3. Байланыс телефоны: +7 (7172) 50 73 29)

10.00 – "Евразийское историческое наследие: грани истории - от истоков до современности" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Жиында архив-2025 – зерттеу жұмысының заманауи міндеттері мен болашақ бағыттары, Ұлы даладағы ұлы есімдер – биографиялық энциклопедия басылымы, түрік және славян әлемінің өзара байланысы – Қазақстан-Ресей байланысының қалыптасуы мен даму тарихы (Қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастың 500 жылдығына орай) тақырыптары талқыға салынады. Шараға парламент депутаттары, Қазақстан мен шетелден келген тарихшылар мен ғалымдар қатысады (Министрліктер үйі, 14 кіреберіс. Аккредитация +7 702 166 10 90 телефоны арқылы Kaliev_zhabai@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков, Нұр-Сұлтан қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл қатысады (Үкіметтің баспасөз орталығы, Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – "Азаматтық қоғамды дамытудың рөлі: халықаралық тәжірибе тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады (Орталық мемлекеттік архив, Нұржол бульвары, 12. Байланыс телефоны: +7 (707) 854 14 87).

16.00 – Бос орындар жәрмеңкесі (Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Ахмет Жұбанов көшесі, 7. Байланыс телефоны: +7 (7172) 27 85 71).

17.00 – "Коппелия" балетының негізгі репетициясы өтіп, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры үлкен залының фойесі, Қонаев көшесі, 1. Аккредитация: 8 (7172) 70 95 94, 8 (701) 999 1254).

19.00 – Ақын, кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың "В поисках собеседника" атты шығармашылық кеші өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

АЛМАТЫ

10.00 – 11-рет халықаралық пластмасса индустриясының көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы. Байланыс телефоны: +7 (727) 266 36 80).

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

ЖЕЗҚАЗҒАН

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасының жұмыс сапарымен Қарағанды облысы Жезқазған қаласына барады (ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі +7 (701) 125 49 11).09:00 – Жошы-Хан кесенесіне бару;
11:00 – "Жезқазғанпрофсервис" компаниясының ғимаратын аралау, Жезқазған өңірінің "Келешек"жастар кеңесінің отырысы.

21 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтеді (Transport tower ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. Аккредитация +7 (7172) 98 31 35 телефоны арқылы және miid@miid.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.00 – 11-рет халықаралық пластмасса индустриясының көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы. Байланыс телефоны: +7 (727) 266 36 80

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30- XIV корпоративті заңгерлердің қазақстандық форумы өтеді ("Rixos President Astana" қонақ үй. Аккредитация +7 701 722 77 66 телефоны немесе pr@vipromotion.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.30 – "Ботай – жылқы қонысы" тақырыбында Ақмола облысы туралы дәріс ұйымдастырылады ("Жастар сарайы", Республика даңғылы, 34).

18.00 - Fashion Night Astana. Шара аясында Joy Jeans, Volskaya, Вэlkovna, Kamai, ShakerBay, L23 атты дизайнерлердің жаңа жылдық жаңа киім үлгілері қойылады. Кештің қонағы мәскеулік дизайнер – ERMA (St. Regis қонақ үйі, Қабанбай Батыр даңғылы, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Коппелия" балетінің премьерасы өтеді. Хореография Ролан Пети. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

10.00 – 11-рет халықаралық пластмасса индустриясының көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы. Байланыс телефоны: +7 (727) 266 36 80).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

23 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Мечтатели" атты инклюзивті мюзикл қойылады. Сахнада мүмкіндігі шектеулі балалар өнер көрсетеді (аутизм, сал ауруына шалдыққан, ақыл-есі кем, Даун синдромы). Шараны "КИТ" инклюзивті театры ұйымдастырады (Назарбаев Университеті, Синема Холл. Байланыс телефоны: 8 (708) 956 2840).

19.00 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы, үлкен симфониялық оркестрі және Ne Prosto Orchestra хорының қатысуымен концерт ұйымдастырылады. Концертте "Армагеддон", "Индиана Джонс", "Парк Юрского Периода", "Леон", "Реквием по мечте", "Рокки", "Список Шиндлера", "Терминатор", "Темный рыцарь", "Маска", "Матрица", "Титаник" және тағы басқа голливуд киноларының әуендері ойналады (Конгресс-холл).

АЛМАТЫ

20.00 – Magic Almaty халықаралық иллюзионистер фестивалі өтеді. Онда танымал иллюзионистер 4 номинация бойынша: комедия магиясы, үздік сахналық көрсетілім, үздік манипулятор, үздік ментализм бақтарын сынайды (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

24 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка духовых и ударных инструментов" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 –"Приношение Бетховену" концерті өтеді. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті тыңдармандарға жаңа концерттік бағдарламаны ұсынады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

25 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстанның жиһаз кәсіпорындарының съезі (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 (777) 624 16 50).

26 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Травиата" операсы. Либреттоның авторы – Франческо Мария Пиаве. Дирижер – Аида Абдуллаева, қоюшы-режиссер – Хеннинг Брокгауз, режиссердің көмекшісі – Еренбак Тойкенов. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

27 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Суретші Бейісбековтер әулетінің көрмесі. Көрмеге отбасының 70-ке жуық шығармасы шығарылады. Әулетте жеті адам – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, бесеуі – Қазақстан қолөнершілері одағының мүшесі (ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – Танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші. Композитордың музыкалық шығармаларын халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әмір Тебенихин таныстырады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – AIF-2019 - Алматы инвестициялық форумы (Ritz Carlton Astana қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация +7 (708) 777 7005, +7 (701) 250 28 86 телефондары арқылы жасалады).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік органның өкілдері, халықаралық қаржы институттар, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергияны үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балаларды арасында республикалық конкурсы жарияланған болатын. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижеры Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

42
Кілт сөздер:
оқиғалар, қараша, Қазақстан
Загрузка...