Нұр-Сұлтан қаласының көрінісі

Қазақстанда 22 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

159
Sputnik Қазақстан агенттігі 22 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 23–30 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – XIV корпоративті заңгерлердің қазақстандық форумы өтеді ("Rixos President Astana" қонақ үйі. Аккредитация +7 701 722 77 66 телефоны немесе pr@vipromotion.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – Мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы "Заң терминологиясын жетілдіру мәселелері" атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді (ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залы, Достық көшесі, 11, Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-01-35, 8 (7172) 27-30-42, 8-707-337-94-94; 8-701-675-26-60).

10.00 – Алғаш рет балалар-жасөспірімдер арасында олимпиадалық қысқы фестиваль өтеді. Спорттық шараны қазақстандық танымал спортшы, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның олимпиадалық қоры ұйымдастырады. Фестиваль 21 қараша - 27 желтоқсан аралығында өтеді. Шараға 12 және одан жоғары жастағы спортшылар қатыса алады. Олар қысқы спорттың 5 түрі: биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау, коньки спорты және шорт-трек бойынша бақтарын сынайды. Сондай-ақ, фестиваль аясында мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ұлттық олимпиада комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді ("Алау" мұз кешені, Аккредитация +7 777 020 12 60 телефоны және y.amangeldi@infores.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – "Қазақстандағы адвокат қызметі және заң тұрғысынан көмек көрсету қызметін жетілдіру" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

11.00 – Халықаралық FROM KZ жастар форумы өтеді. Шара тұңғыш президент күні және Қазақстандағы жастар жылын қорытындылау қарсаңында өтеді. Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, Ресей, Башқұртстан, Қырғызстан жастар ұйымдарының өкілдері, этно-мәдени бірлестіктер қатысады. Форум тақырыбы – мемлекеттік жастар саясаты, маңызды оқиғалар және Қазақстандағы жастар жылын қорытындылау. Шара аясында автошеру ұйымдастырылады. Көліктер таңғы сағат 09:45-те Достық үйінен ЕҰУ-ге жүріп өтеді (Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиеті, Сәтпаев көшесі, 2).

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық Make it possible спартакиадасы өтеді. Шараға мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қоғам қайраткерлері мен спортшылар қатысады. Жарысқа қатысушылар 5 спорт түрі: шағын футбол, армреслинг, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисінен бақтарын сынайды. Спартакиада 23 қарашада жабылады (Назарбаев университетінің атлетикалық орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 53. Байланыс телефоны: +7 (702) 666 20 36).

15.30 – "Ботай – жылқы қонысы" тақырыбында Ақмола облысы туралы дәріс ұйымдастырылады. ("Жастар сарайы", Республика даңғылы, 34).

18.00 - Fashion Night Astana. Шара аясында Joy Jeans, Volskaya, Вэlkovna, Kamai, ShakerBay, L23 атты дизайнерлердің жаңажылдық жаңа киім үлгілері қойылады. Кештің қонағы мәскеулік дизайнер – ERMA (St. Regis қонақ үйі, Қабанбай Батыр даңғылы, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – Қазақстанның халық ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған "Мен жалындап өтемін" атты музыкалық әдеби кеш өтеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, сондай-ақ халық ән бөлімінің жеке орындаушылары қатысады. Кеш аясында поэзия падишасының өлеңдері оқылып, әндері тарту етіледі. Аккредитация 22 қараша күні сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс хол), Кенесары көшесі, 32. Байланыс телефоны: 8 (717) 2 75 23 60, жарнама-ақпараттық бөлім: 87017250356).

19.00 – "Коппелия" балетінің премьерасы өтеді. Хореография Ролан Пети. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кинокөрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

10.00 – 11-рет халықаралық пластмасса индустриясының көрмесі өтеді ("Атакент" орталығы. Байланыс телефоны: +7 (727) 266 36 80).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кинокөрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кинокөрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

09.10 – Парламент сенаты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Щучинск қаласына жұмыс сапармен барып, шаһардағы бірқатар нысанды аралайды. Оның ішінде салынып жатқан Baitas қонақ үйі, Promenade Burabay тұрғын үй кешені, Щучинск қаласындағы №12 қазандық, олимпиадалық даярлау орталығы бар. Сондай-ақ, сенат депутаттары Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарымен кездеседі (Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 40).

23 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Онкологиялық ауруруларды (өкпе қатерлі ісігі) оңалту мақсатында ашық есік күні өтеді. Шараға қатысушылар білікті мамандардан тегін ақыл-кеңес ала алады. Консультация 14.00-ге дейін жүргізіледі (Көпбейінді медицина орталығы, Манас көшесі 17. 104 және 108 кабинет. Байланыс телефоны: +7 (7172) 54 88 83, 95 40 34, 95 40 33).

12.00 – Еңбектеп жүретін сәбилер арасында жарыс өтеді. Жарысқа 6-18 айлық сәбилер қатыса алады ("Алатау" спорт кешені, Байланыс телефондары: +7 778 293 16 07, +7 702 105 27 80).

18.00 – "Мечтатели" атты инклюзивті мюзикл қойылады. Сахнада мүмкіндігі шектеулі балалар өнер көрсетеді (аутизм, сал ауруына шалдыққан, ақыл-есі кем, Даун синдромы). Шараны "КИТ" инклюзивті театры ұйымдастырады (Назарбаев Университеті, Синема Холл. Байланыс телефоны: 8 (708) 956 2840).

19.00 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы, үлкен симфониялық оркестрі және Ne Prosto Orchestra хорының қатысуымен концерт ұйымдастырылады. Концертте "Армагеддон", "Индиана Джонс", "Парк Юрского Периода", "Леон", "Реквием по мечте", "Рокки", "Список Шиндлера", "Терминатор", "Темный рыцарь", "Маска", "Матрица", "Титаник" және тағы басқа голливуд киноларының әуендері ойнатылады (Конгресс-холл).

АЛМАТЫ

20.00 – Magic Almaty халықаралық иллюзионистер фестивалі өтеді. Онда танымал иллюзионистер 4 номинация бойынша: комедия магиясы, үздік сахналық көрсетілім, үздік манипулятор, үздік ментализм бақтарын сынайды (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

24 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка духовых и ударных инструментов" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 –"Приношение Бетховену" концерті өтеді. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті тыңдармандарға жаңа концерттік бағдарлама ұсынады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.00 - "Әлем балетінің жұлдыздары" фестивалі :"Ұйқыдағы ару" балеті. (Абай атындағы опера және балет театры, Қабанбай Батыр көшесі, 110).

25 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстанның жиһаз кәсіпорындарының съезі (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 (777) 624 16 50).

15.00 – Сенат отырысы өтеді. Онда "ҚР ұлттық қорынан 2020-2023 жылдарға кепілдендірілген трансферт туралы", "2020-2022 жылдары республикалық және облыстық бюджет, әрі республикалық маңызы бар қалалардың бюджетінен трансферттің жалпы айырмашылық көлемі", "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары қаралады (Сенат отырысының залы, Байланыс телефоны: телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

26 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 –қоян-қолтық ұрыс және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнирге арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спорттық шара Нұр-Сұлтан қаласында 26-30 қараша аралығында өтеді ("Жекпе-жек сарайы", Қабанбай батыр даңғылы, 45/1. Аккредитация: +7 (707) 382 81 83, + 7 (707) 660 00 25).

19.00 - "Травиата" операсы. Либреттоның авторы – Франческо Мария Пиаве. Дирижер – Аида Абдуллаева, қоюшы-режиссер – Хеннинг Брокгауз, режиссердің көмекшісі – Еренбак Тойкенов. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

27 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Суретші Бейісбековтер әулетінің көрмесі. Көрмеге отбасының 70-ке жуық шығармасы шығарылады. Әулетте жеті адам – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, бесеуі – Қазақстан қолөнершілері одағының мүшесі (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – Танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші. Композитордың музыкалық шығармаларын халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әмір Тебенихин таныстырады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – AIF-2019 - Алматы инвестициялық форумы (Ritz Carlton Astana қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация +7 (708) 777 7005, +7 (701) 250 28 86 телефондары арқылы жасалады).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу" тақырыбында үкімет сағаты өтеді (Сенат отырысының залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

15.00 – Депутаттар президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен кездеседі. Кездесуде ауыл шаруашылығы жағдайы мен даму қарқыны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер сөз болады (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балалар арасында республикалық конкурс жарияланған болатын. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

10.00 – Парламент сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстары" тақырыбында тыңдалым өтеді (Сенаттың отырыс залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

159
Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...