Алматы

Қазақстанда 24 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

59
Sputnik Қазақстан агенттігі 24 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 25–30 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

24 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка духовых и ударных инструментов" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 –"Приношение Бетховену" концерті өтеді. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті тыңдармандарға жаңа концерттік бағдарлама ұсынады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.00 - "Әлем балетінің жұлдыздары" фестивалі :"Ұйқыдағы ару" балеті (Абай атындағы опера және балет театры, Қабанбай Батыр көшесі, 110).

25 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстанның жиһаз кәсіпорындарының съезі (Достық үйі, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 (777) 624 16 50).

12.00 – XII Қысқы қайырымдылық балына арналған баспасөз мәслихаты. Осы шара 8 желтоқсанда өтеді. Ұйымдастырушы – "Болашақ" корпоративті қоры. Брифинг кезінде "Томирис" фильмінің реквизитін аукционға тапсыру рәсімі өтеді. Бұдан бөлек, биылғы аукционда танымал актер Арнольд Шварцнеггер мен әнші Алиша Киздің қолтаңбасы бар жейде, спортшы Хабиб Нұрмағамбетовтың қолғабы және тағы басқа бағалы лоттар шығарылады. Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін қысқы қайырымдылық балы аясында өткен аукциондарда 400 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Оған республика бойынша 43 инклюзия кабинеті ашылды. Аутизмі бар 400 бар бала мектепке барды. Көпбалалы отбасыдан шыққан және ерекше қажеттілігі бар балаларға 80 грант берілді. (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Аккредитация +7 (775) 225 19 07; +7 (7172) 50 06 18 телефондары арқылы жасалады).

15.00 – Сенат отырысы өтеді. Онда "ҚР ұлттық қорынан 2020-2023 жылдарға кепілдендірілген трансферт туралы", "2020-2022 жылдары республикалық және облыстық бюджет, әрі республикалық маңызы бар қалалардың бюджетінен трансферттің жалпы айырмашылық көлемі", "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары қаралады (Сенат отырысының залы, Байланыс телефоны: телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

15.00 – Қысқа метражды фильмдердің халықаралық фестивалі ашылады. Ұйымдастырушылары – Vosmerka сайты және Ресейдің ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы өкілділігі. Фестиваль кезінде Қазақстан, Татарстан, Чувашия мен Якутияның ұлттық фильмдері көрсетіледі. (Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефондары +7 (701) 261 39 64, +7 (707) 835 14 92).

АЛМАТЫ

10.00 – Қазақстандық бітімгерлерді Ливанға шығарып салу салтанаты. Өтетін жері: 32363 әскери бөлімі. Журналистер үшін қызметтік көлік болады. Барлығы Сәтпаев пен Фурманов көшелерінің қиылысындағы жаңа алаңда жиналады. Аккредитация 8 (778) 342 55 21 телефоны бойынша жасалады.

26 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – Қоян-қолтық ұрыс және әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнирге арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спорттық шара Нұр-Сұлтан қаласында 26-30 қараша аралығында өткізіледі ("Жекпе-жек сарайы", Қабанбай батыр даңғылы, 45/1. Аккредитация: +7 (707) 382 81 83, + 7 (707) 660 00 25).

19.00 - "Травиата" операсы. Либреттоның авторы – Франческо Мария Пиаве. Дирижер – Аида Абдуллаева, қоюшы-режиссер – Хеннинг Брокгауз, режиссердің көмекшісі – Еренбак Тойкенов. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

27 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Суретші Бейісбековтер әулетінің көрмесі. Көрмеге отбасының 70-ке жуық шығармасы шығарылады. Әулетте жеті адам – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, бесеуі – Қазақстан қолөнершілері одағының мүшесі (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – Танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші. Композитордың музыкалық шығармаларын халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әмір Тебенихин таныстырады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – AIF-2019 - Алматы инвестициялық форумы (Ritz Carlton Astana қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация +7 (708) 777 7005, +7 (701) 250 28 86 телефондары арқылы жасалады).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу" тақырыбында үкімет сағаты өтеді (Сенат отырысының залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

15.00 – Депутаттар президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен кездеседі. Кездесуде ауыл шаруашылығы жағдайы мен даму қарқыны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер сөз болады (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балалар арасында республикалық конкурс жарияланған болатын. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

10.00 – Парламент сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстары" тақырыбында тыңдаулар өтеді (Сенаттың отырыс залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

59
Кілт сөздер:
жиналыс, шаралар, Қазақстан
Загрузка...