Аңдатпа

Қазақстанда 27 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 27 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 28-30 қараша және 1-8 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

27 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан, Ресей, Израиль, Франция, Куба, Өзбекстан, Қырғызстан онкологтарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді ("Думан" қонақ күйі, Қорғалжын тассжолы, 2а. Аккредитация +7 701 913 08 58 телефоны арқылы және zozh_astana@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 – "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелер және ұсыныстар" тақырыбында парламенттік тыңдалым өтеді (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

11.00 – "Президент институты: қазақстандық модель" атты халықаралық парламенттік конференция өтеді. Шара Қазақстанның Тұңғыш президенті күніне орайластырылған. Конференцияға ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, мәжіліс, сенат депутаттары, Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Татарстан, Түркия, Франция парламенттерінің өкілдері қатысады. Сондай-ақ шараға БҰҰ даму бағдарламасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес мүшелері мен АҚШ, Швеция және тағы басқа елдерден сарапшылар қонақ ретінде шақырылған. Конференция екі панельдік сессиядан тұрады: "Елбасы және қазақстандық парламентаризмнің дамуы" және "Ақорда: көпвекторлы курс" ("Хилтон Астана" қонақ үйі, Аккредитация  +7 (7172) 74 63 05 телефоны немесе smimazh@parlam.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

14.30 – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің кубогы үшін қоян-қолтық және армия жекпе-жегінен V халықаралық турнир. ("Жекпе-жек сарайы", Қабанбай батыр даңғылы, 45/1. Байланыс телефондары: +7 (707) 382 81 83, + 7 (707) 660 00 25).

16.00 – Суретші Бейісбековтер әулетінің көрмесі. Көрмеге отбасының 70-ке жуық шығармасы қойылады. Әулетте жеті адам – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, бесеуі – Қазақстан қолөнершілері одағының мүшесі (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

16.00 – Елбасы қоры "Тарихи таңдау" атты көрме ұйымдастырады. ҚР Тұңғыш президенті күніне орайластырылған. Көрме аясында 220-дан астам экспонат қойылады ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

17.00 – Қазақстан парламенті сенаты конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда "Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында сотталғандармен алмасу келісімін ратификациялау" заң жобасы талқыға салынады (Сенат, 701 кабинет, Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

19.00 – Танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші. Композитордың музыкалық шығармаларын халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әмір Тебенихин таныстырады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – AIF-2019 - Алматы инвестициялық форумы (Ritz Carlton Astana қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация: +7 (708) 777 7005, +7 (701) 250 28 86).

10.00 - Almaty Investment Forum-2019 форумы өтеді ("The Ritz Carlton Almaty" қонақ үйі, әл-Фараби көшесі, 77/7. Байланыс телефоны: +7 778 572 73 32).

19.00 "Черная звезда" кітабының презентациясы өтеді (Depo Evolution Park, Байтұрсынов көшесі, 22 к1. Байланыс телефоны: +7 747 111 65 04).

19.30 – Михаил Задорновтың "Муж в рассрочку" атты комедиясының премьерасы өтеді. Басты рөлдерді Александр Балуев, Лидия Вележева, Светлана Бельская есімді әртістер сомдайды (Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай даңғылы, 103).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.30 - Dell Technologies Forum. Форум Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылау үшін еліміздің IT саласының және әлемдік деңгейдегі 250-ге жуық жетекші сарапшысы бас қосады. ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 4. Байланыс: +7 (727) 239 11 33, +7 775 325 12 54, malika.karimova@hkstrategies.com).

10.00 – "Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу" тақырыбында үкімет сағаты өтеді (Сенат отырысының залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

11.00 – "Қазавтожол -Kaztraffic 2019" көрмесінің ашылуы. Көрмеде дәстүрлі түрде заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелер және Қазақстан, Беларусь, Ресей, Франция, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компаниясының өнімдері ұсынылады. ("Көрме" орталығы, Достық көшесі, 3).

15.00 – Депутаттар президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен кездеседі. Кездесуде ауыл шаруашылығы жағдайы мен даму қарқыны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер сөз болады (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

19.00 – "Music d’accordo Astana" концерті өтеді ("Астана Опера" театры).

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші туры аясында "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

АЛМАТЫ

10.00 – "Послесловие" атты арт-жоба өтеді. Шараны фотограф Нато Ли ұйымдастырады (Казақ-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балалар арасында республикалық конкурс жарияланған. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

10.00 – Парламент сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстары" тақырыбында тыңдаулар өтеді (Сенаттың отырыс залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

16.00 – "Не просто кино" атты халықаралық қысқа метражді фестиваль өтеді. Шараны қазақстандық Vosmerka сайты мен Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі ұйымдастырады. Халықаралық фестиваль аясында Татарстан, Чуваш, Якутия, Қазақстан кинорежиссерлерінің фильмдері көрсетіледі. Шараға арнайы қонақ ретінде танымал кино сыншысы, халықаралық қысқа метражді фестиваль бағдарламаның директоры (Қазан) Адиля Хайбуллина  қатысады. Халықаралық фестиваль 28 қазан мен 22 желтоқсан аралығында өтеді (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 701 261 39 64, +7 707 835 14 92).

18.30 – БҰҰ-ның "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар" науқанына арналған сурет көрмесі (TSE Art Destination, Республика даңғылы, 33А.).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.45 – "WoW БИ ChamP" II Республикалық хореографиялық өнер байқауы ("Гранд Парк" СОК, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 707 157 60 77).

1 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - XII жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Шараны ұйымдастыруға елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Жиналған қаржы табысы төмен отбасыларға біріліп, Қазақстандағы қайырымдылық қорларына аударылады ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 67 07 77).

11.00 - "Чердак с привидениями" шоуы өтеді (Қазмедиа Холл, Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +77051659018).

18.00 – Astana Ballet ұлттық хореография кеші өтеді. "Ұлы дала мұрасы" атты концерттік бағдарлама қойылады. Сондай-ақ концерт аясында бір актілі "Жусан" спектілі көрермендерге жол тартпақ ("Астана Балет" театры, Ұлы дала даңғылы, 9. Байланыс телефон: +7 702 947 80 53).

19.00 – "Turan" ансамбілінің концерті өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

3 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды ("Жібек Жолы" сауда үй", "451 Градус", Жібек Жолы даңғылы, 135).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0