Нұр-Сұлтан қаласының көрінісі

Қазақстанда 1 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

56
Sputnik Қазақстан агенттігі 1 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 2-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

1 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР Тұңғыш президенті жүлдесі үшін самбодан халықаралық турнир өтеді ("Алатау" спорт кешені. Байланыс телефоны: +7 701 526 00 28).

11.00 - XII жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Шараны ұйымдастыруға елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Жиналған қаржы табысы төмен отбасыларға беріліп, Қазақстандағы қайырымдылық қорларына аударылады ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 67 07 77).

11.00 - "Чердак с привидениями" шоуы өтеді (Қазмедиа Холл, Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +77051659018).

15.00 - "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!" мерекелік концерті ("Астана Опера" театры. Байланыс телефоны +7 (7172) 70 96 18).

18.00 – Astana Ballet ұлттық хореография кеші өтеді. "Ұлы дала мұрасы" атты концерттік бағдарлама қойылады. Сондай-ақ концерт аясында бір актілі "Жусан" спектілі көрермендерге жол тартпақ ("Астана Балет" театры, Ұлы дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – "Turan" ансамбілінің концерті өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

2 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12.00 – Қазақ күресінен "Әлем барысы" атты әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 30 елден салмағы 90 келіден асатын балуандар қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абая көшесі, 44).

3 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – 28 панфиловшы мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылады ("Жерұйық" саябағы. Байланыс телефоны: 8 (7172) 44 07 01, 44 08 06, 44 07 95).

АЛМАТЫ

18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды ("Жібек Жолы" сауда үйі", "451 Градус", Жібек Жолы даңғылы, 135).

4 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – Visa Fashion Week Almaty 2019 халықаралық сән апталығы өтеді ("Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңстүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

56
Загрузка...