Астана көрінісі

Қазақстанда 4 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

61
Sputnik Қазақстан агенттігі 4 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 5-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

4 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - "Технологияларды коммерциялизациялау – ғылым мен бизнесті интеграциялаудың құралы" тақырыбындағы III Халықаралық форум. Шараға Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы қорының директоры Әсет Исекешев қатысады, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, парламент депутаттары, "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысады. Форумның ұйымдастырушысы - "Ғылым қоры" АҚ (Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев көшесі, 2. Аккредитация +7 701 800 56 95 телефоны немесе amanzholova.a@list.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

11.00 – Украинаның қазіргі ең танымал ақындарының бірі Дмитриий Бурагомен кездесу өтеді (Абылай хан даңғылы, 4/1 мекенжайындағы М.Әуезов орталық қалалық кітапхана. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

16.00 – Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы. Күн тәртібі: 1)  Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға кететін шығындарды өтеудің көлемі мен тәртібі туралы шешімге өзгеріс енгізу; 2) Нұр-Сұлтан қаласында көмекке зәру азаматтардың бөлек санатын анықтау мен әлеуметтік көмек беру ережелерін өзгерту; 3) Қалада тұрғын үй көмегін беру ережелеріне өзгеріс енгізу (Бейбітшілік көшесі, 11, каб.220).

16.30 - "Еңбек жолы" республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Шараға үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, парламент депутаттары және "Атамекен" ҰКП өкілдері қатысады (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Аккредитация 74-35-00 телефоны немесе press_mtszn@mail.ru электронды пошта арқылы жасалады).

16.30 – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитеттің отырысы. Жиында "1994 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға алу келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау" заң жобасы талқыланады (Парламент сенаты, 214 кабинет).

18.00 – ЖҚТБ-мен күрес шараларына арналған бүкіләлемдік кампаниясы аясындағы акция. Шараның мақсаты – ВИЧ-инфекцияның алдын алу қажеттігін еске салу, осы ауруға шалдыққан адамдардың құқықтарын сақтау және дискриминацияға жол бермеу. Акция кезінде мамандар тегін кеңестер береді. Бұдан бөлек, ВИЧ-ті анықтайтын экспресс-тестілеу ұйымдастырылады. 1997 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында ВИЧ-инфекцияға шалдығудың 1653 оқиғасы тіркелген болатын. Ал биыл 9 айдың ішінде 155 адам тіркеуге тұрды. ("Барыс Арена" шағын мұз айдыны, Тұран даңғылы, 57. Аккредитация +7 (7172) 38 04 71, +7 701 933 66 96 телефондары немесе zhanna_33383@mail.ru электронды пошта арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

12.00 – "Бақытты отбасы" пилоттық жобасының аяқталуына арналған баспасөз конференциясы. Осы жоба аясында Қазақстанның  8 аймағында отбасын қолдау орталықтары жұмыс істеді. Әрбір орталықта психолог, заңгер мен әлеуметтік қызметкерлердің кеңестері тегін берілді. Осы жоба Жоғарғы соттың бастамасымен қолға алынған болатын. Оны "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ іске асырды. Грант Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бөліп берді. (Қазақстандық пресс-клуб, Самал 2 шағын ауданы, 58. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны немесе akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жасалады)

14.00 – Тамақ өнімдерін шығарушы компаниялар мен бизнес қауымдастық өкілдерінің баспасөз мәслихаты. Негізгі тақырып: "Тауарларды бақылау-идентификациялық белгілермен таңбалау".  Осы бастаманы бес жыл бұрын Ресей Федерациясы ұсынған болатын. Соның арқасында тауарлардың айналымын бақылап, контрафактілік өнімдер азаяды деген пікір бар. Шараға қатысушылар осы мәселелерді кеңінен талқыға салады (Қазақстандық пресс-клуб, Самал 2 шағын ауданы, 58. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны немесе akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жасалады)

16.00 – Visa Fashion Week Almaty 2019 халықаралық сән апталығы өтеді. Қонақтардың арасында Жапония, Бельгия мен Украинаның сән туралы жазатын танымал басылымдардың редакторлары, журналистер, блогерлер мен  стритстайл-фотографтар бар.  Visa Fashion Week Almaty сахнасында алғаш рет 2020 жылы көктем мен жазда танымал болатын трендтер ғана емес, жаңа жылдың қарсаңындағы сәнді топтамалар да көрсетіледі ("Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

19.00 – "Көкшетау" атты деректі фильмнің премьерасы. Режиссер – Әнуар Райбаев пен Арман Қайыржан. Фильм Шәкен Айманов атындағы "Казақфильм" киностудиясында түсірілді (Ұлттық кітапхана, Абай даңғылы, 14).

5 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Сенат отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

15.30 – Сенаттың жанындағы заң шығару процесін жетілдіру кеңесінің отырысы (Сенат, 214 кабинет).

ПАВЛОДАР

"Әлемдік мәдениеттегі еуразияшылық идеясы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Бейбітшілік көшесі,  60. Байланыс телефоны: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

6 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Павел Васильевті еске алу кеші өтеді. Шара "Немеркнущая жизнь" деп аталады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

7 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Шығармашылық шара өтеді. Ресейлік жазушы әрі ақын Дмитрий Макаровтың "Поэт о поэте. Стихи, любовь и смерть" шығармашылық дискуссиясы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

13 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Алтын сапа" атты Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығына ие болғандарды және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі.  (ЭКСПО аймағындағы Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесе pr@atameken.kz электронды пошта арқылы жасалады).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңстүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

61
Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан, желтоқсан
Загрузка...